Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
Бронхоэктазға тән белгі – қақырықты жөтел. Алғашында қақырық көлемі аз және ол
көбіне ертеңгілік мезгілде байқалады немесе еңкейгенде пайда болады. Қақырық
қойыртпақтанған бөлек – бөлек «тиындар» түрінде шығады және барлық уақытта оның
жағымсыз шіріген иісі болады. Бірте-бірте қақырық мөлшері ұлғаяды, әрқашан бет
әлпетінің боздығы, интоксикация белгілері, тыныс жетіспеушілігі назар аударады.
Туа біткен бронхоэктаздар басқа ақаулармен бірге қатар жүріп отыруы мүмкін.
Бронхоэктаздар бронхография әдісі бойынша анықталады, ал оның морфологиясы
бронхоскопия арқылы суреттеледі.
Зақымдалған сегменттердің орны рентгенобронхиальдық зерттеулер бойынша
анықталады.
Жалпы жағдайы бойынша:
Жеңіл – қайта өршу жылына 1-2 мәрте байқалады, қайта өршу кезінде жалпы күйі
онша өзгермейді, тыныс жетіспеушілігі байқалмайды, қабыну процессі бір орында тұрады,
асқынбайды. Сауығу кезеңінде баланың денсаулығы жақсы деп есептелінеді.
Орташа – жылына қайта өршу кемінде 1-2 рет, айына 1-2 реттен жиі емес,
интоксикация мен тыныс жетіспеушілігі белгілері және кеуде пішінінің өзгеруі байқалып
отырады, біршама эмфизема пайда болады. Ремиссия кезінде эмфизема және кеуденің
кішігірім деформациясы қалады және үстеме жұмыс кезінде тыныс жетіспеушілігі
байқалып отырады.
Ауыр – қайта өршу жиі байқалады. Тыныс жетіспеушілігі мен интоксикация
белгілері, асқынулар айқын білініп отырады, ішкі мүшелердің қалыпты жұмысы
бұзылады. Ремиссия кезеңі ұзаққа созылмайды, ол тұрақты емес және диффузды
пневмосклероз, бронхоэктаздың іріңді бронхитті түрі, тыныс жетіспеушілігі және жүрек
жетіспеушілігі байқалады.
Кезеңдері (даму барысы) бойынша : қайта өршу кезеңінде жөтел күшееді, қақырық
мөлшері артады, дене қызуы көтеріледі, тыныс жетіспеушілігі, интоксикация белгілері
және басқа мүшелердің зақымдалу белгілері анықталады. Қанда эритроциттердің тұну
жылдамдығы артады, нейтрофильді лейкоцитоз анықталып, γ-глобулиндер
көбееді. С-
реактивті белок анықталады. Бұл белсенділік көрсеткіштері ремиссия кезеңінде жойылып
кетеді.
Созылмалы пневмонияның клиникалық белгілерінің полиморфизмі асқынулар
дәрежесіне де байланысты болып келеді.
476