Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет494/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

106 сурет
Постдуральды массаж
Массаж.
Кеуде қуысының массаждық дренажы жасалады. Квинке қалпында (бас
жағы төмен, бөксе жағы көтереңкі етіп жатқызу) кеуде қуысына массаж жасалады.
Процедура күніне 2-3 рет, біріншісі ертеңгі ұйқыдан тұрған бойда жасалады. Тыныс алу
гимнастикасының да пайдасы бар. 
Кортикостреоидтармен емдеу
: преднизолон – 1-1,5 мг/кг, ұзақтығы 5-6 апта,
тәуеліктік дозасы күн сайын 2,5 мг-ға төмендетіледі. Емдеу курсын дәрінің өте аз
мөлшерімен аяқтайды (1,25 -2,5 мг), ол 7-10 күнге созылады.
Спазмолитиктер мен анигистаминді дәрілер:
Эфедрин, эуфиллин, антигистаминді
дәрілермен бірге ішуге беріледі, инъекция және ингаляция түрінде тағайындалады. Және
т.б. витаминдер тағайындалады.
Қуаттандырушы және витаминдік емдер
. В тобындағы витаминдер, аскорбин
қышқылы, никотин қышқылы, дибазол, элеутерококк, женьшень, апилак, пантокрин
тағайындалады.
478


Т-лимфоидты жүйенің жетіспеушілігі лабораториялық зерттеулермен дәлелденген
жағадайда левамизол (декарис) және т.б. иммундық жүйеге әсер ететін препараттар
тағайындалады.
Хирургиялық емдеу
әдісі аурудың өкпе бөліктерінің зақымдалған, басқа ем
көмектеспейтін жағдайда, тұрақты жергіліктенген іріңді эндобронхиттерде қолданылады.
Екі жақты созылмалы пневмонияны хирургиялық әдіспен емдеуден бұрын іштен туа
болған трахеобронхиальды жолдардың ақауларының және жүйелі аурулардың бар-жоғын
ұқыпты түрде тексеріп алу керек, өйткені бұндай жағдайларда ота жасауға болмайды.
Көптеген авторлар отаны 7 жастан кейін, өкпе құрылымының толық жіктелуі
аяқталғаннан бастап жасау керек деп, есептейді.
Саноториялық маңызды ем
жолдарының бірі болып келеді.
Диспансерлік бақылау.
Емханалық сатының негізгі міндеті болып ауруларды бақылау
және оларды ремиссия кезінде емдеу, уақытымен диагноз қою, сонымен қатар үйдегі
асқынған (қайта өршіген) ауруларды дер кезінде ауруханаға жатқызу, емдеу болып
саналады. Педиатриядың бақылау жиілігі жылына 2-3 рет болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет