Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


– терілік скарификациялық сынамалар немесе прик-тестлер: ∙ in vitro  –



Pdf көрінісі
бет498/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы


терілік скарификациялық сынамалар немесе прик-тестлер:
∙ in vitro 

жалпы және арнайы Ig E-ні анықтау.
Респираторлық жолдың аллергиялық ауруларында сыртқы тыныс қызыметін
бронходилятаторлармен ингаляциялық фармакологиялық сынамалармен зерттеу.
Атопиялық ауруларды емдеу ұстанымдары:
1. Элиминациялық ем – аллергендермен байланысты төмендету немесе жою.
2. Аллергиялық қабынудың иммунологиялық, патохимиялық, патофизиологиялық
кезеңдерінде дәрімен әсер ету:
∙ клеткалық мембраналардың стабилизаторлары (кромондар);
∙ аллергия медиаторларының антагонистері (антигистаминді, антилейкотриенді әсері
бар дәрілер);
∙ созылмалы аллергиялық қабынуды төмендететін қабынуға қарсы заттар (жүйелі
және жергілікті әсерлі глюкокортикостероидтар, пимекролимус);
∙ анти- Ig E- антиденелер. 
3. Аллергиялық қабынудың иммунологиялық, патохимиялық және патофизиологиялық
сатыларына дәрі емес тәсілдермен әсер ету:
∙ Антигенспецификалық иммунотерапия (АСИТ):
∙ емдеудің фармакологиялық емес көмекші әдістері (баротерапия, иглорефлексотера-
пия, галотерапия, климатотерапия, тыныс гимнастикасы және басқалар). 
4. Балаларды және олардың ата-аналарын оқыту.
8.1. ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ.
Респираторлы аллергоздар –
жинақ түсінік, оған жоғары тыныс жолдарының
аллергиялық аурулары (респираторлық аллергоздардың аздаған түрлері), бронх демікпесі
және аллергиялық этиологиялы сирек кездесетін аурулары; экзогенді аллергиялық
альвеолит, аллергиялық пневмония, эозинофильді өкпелік инфильтрат жатады.
 
Жоғары тыныс жолдарының аллергиялық аурулары (респираторлық
аллергоздардың «кіші» түрлері)
Этиологиясы.
 
Респираторлы аллергияда әртүрлі экзогенді аллергендерге
ингаляциялық сенсибилизация байқалады.
Тұрмыстық аллергендер
респираторлы аллергоздар туындауында басты орын алады. 
Үй шаңы құрамы бойынша көпкомпонентті. Оның құрамына үй шаңының эпидер-
мальді, саңырауқұлақты, бактериальді, химиялық аллергендері кіреді. Респираторлы
аллергиясы бар балалардың үй шаңына не оның бір компонентіне жоғары сезімталдық
болуы мүмкін. Үй шаңының негізгі аллергендері: кенелер, қоңыздардың хитинді қабықта-
ры, бөлінділері, экскреттері. Олар кілемдерде, төсек жаймаларында, ойыншықтарда,
жиһаздарда болуы мүмкін. Олардың өсіп дамуы үшін 22-26
о
С температура, 55%
салыстырмалы ылғалдылық өте қолайлы. 
482


Респираторлы аллергоздар көктем, күз айларында өршіп, түнгі уақытта үдейді.
Қоңыздарға сезімталдық болғанда күндізде үдейді. 
Эпидермальді аллергендер көзіне жүн, түбіт, қауырсын, қайызғақ, қи, түрлі
хайуандардың май бездерінің бөлінісі (мысық, ит, құс, қоян, жылқы, қой және т.б) жатады.
Тозаңдық аллергия
туралы тиісті бөлімді қара.
Саңырауқұлақ аллергиясы жиі кездесуі олардың табиғатта көп кездесуі. Олардың
споралары кішкентай және үлкен аумақты қамтиды. Саңырауқұлақ аллергендерінің
сыртқы көздері: қи, түскен жапырақтар, шаруашылық, құс, жануар фермалары,
микробиологиялық, фармакологиялық, тағамдық өндірістер. Балаларда аллергия дамуына
қолайлы жағдай

нашар тұрмыс жағдайы; пәтер қабырғаларының жарықтары, жертөле
(подвал) сулары. Сонымен қатар саңырауқұлақ аллергендерінің көп мөлшері бөлме
өсімдіктерінің топырақтарында, кондиционерлерде, үй жануарларының торларында
болады. Alternaria және Cladosporuim туыстығы саңырауқұлақтарына сезімталдық спора
түзу кезінде (жиі наурыз айынан бірінші аязға дейін) өршитіні белгілі. Aspergillus және
Mucor тұқымдастығы саңырауқұлақтары ылғалды тұрғын мекендерінде спора түзуге
бейім, сондықтан олар жылдың барлық уақытында кездеседі. 
Кейбір дәрілік препараттар респираторлы аллергияны өршітуі мүмкін. Оларға
пенициллин тобының антибиотиктері, сульфаниламидтер, витаминдер, аспирин және
стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер жатады. Аллергияның асқынуы тек осы
препараттарды қолданғаннан ғана емес, қоршаған ортаның ластауынан болуы да мүмкін.
Тағамдық аллергендер ингаляциялыққа қарағанда, респираторлы аллергоздарды
сирек туғызады, дегенмен, олардың кіші формалары (аллергиялық ринит, қайталамалы
ларингит) мен бронхиальды демікпе, экзогенді аллергиялық альвеолит туындатуы
мүмкін екені белгілі. 
Респираторлы аллергияға сезімталдықтың жастық эволюциясы тән: ерте жастағы
балаларда тағамдық аллергия, 3-5жаста тұрмыстық, мектеп жасында тозаңдық
аллергиялар қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет