Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет585/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   581   582   583   584   585   586   587   588   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Иммундық-қабыну фазасы.
Терідегі өзгерістер
(балаларда сирек кездеседі): 1) 
Ос-
лер түйіндері
– Аяқ-қол жастықшаларында ауырсынатын түйіндер анықталады; 2)
Джейнвей бөрпеленуі

алақаны мен табандарында, әсіресе тенар және гипотенар аймақ-
тарында, ауырмайтын геморрагиялық түйіндердің пайда болуы; 3)
тырнақасты гемор-
рагиялар
(тікен тәріздес); 4) денесінде ортасында ақ дақ бар 
Либерман-Лунин петехийі. 
Көздің ішкі тор қабағында қан құйылыу (Рот дағы ).
Ішкі мүшелердің абактериальды зақымдалуы –
бауыр, мен талақтың өсуі; асқазан
асты безінің зақымдалуы, гломерулонефрит; артриттер; анемия (тері жамылғысының
сарысұр түстенуімен). 
Интоксикация белгілері шамалы білінеді. 
Дистрофиялық фазасы.
Ішкі мүшелер жетіспеушілігі (жүректік, бүйректік,
бауырлық және басқалар) белгілері. 
Балалар инфекциялық эндокардит
диагностикасы
, әсіресе процесстің минимальды
активті дәрежесінде, біршама қиын болып келеді. Диагноз қоюда әтүрлі мәліметтер еске
алынады. 
Қабыну процессінің активтілігінің белгілері
(солға ығысқан нейтрофильді
лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, С-реактивті белоктің, сиал қышқылының, фибриногеннің
артуы және басқалар).
Қанды патогенді флораға себу
(48 сағат бойына 3-6 сынама жүргізеді). Қанды
бірнеше венадан (әр сынаманы 3 пробиркаға 5мл) алады. Бактеремия ұзақ уақыт
байқалады, сондықтан артериальды қан алудың және қызба кезінде қан алудың қажеті
жоқ. Себу нәтижесі теріс болған жағдайда, эндокардит диагнозы нақтылы клиникалық
деректер негізінде қойылады. Сонымен қатар инфекция ошақтарынанда алып, себеді.
Зәрдегі өзгерістер
– микро- немесе макрогематурия, кейде – бактериурия.
Аурудың соңғы сатыларындағы қандағы өзгерістер
– гипохромды анемия, тұтыну
лейкопениясы, протеинограммада α-глобуллиндер фракциясының артуы.
ЭхоКГ
инфекциялық эндокардитті анықтаудың ең негізгі қосымша зерттеу әдісі
болып келеді. Қақпақ жармаларында, жүрек қабырғаларында тромботикалық вегетациялар
тек аурудың соңғы сатыларында (3-4 апталарда) анықталады.
ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы, иммунологиялық зерттеулер және басқалар
жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   581   582   583   584   585   586   587   588   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет