Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет584/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жіктелісі. 
 
А.А. Демин және Ал.А. Демин ұсынған қарапайым жіктелісті қолдануға
болады 
(94 кесте).
Клиникалық көрінісі.
 
Шағымдары:
қызба (febris remittens немесе febris intemittens
типтері бойынша), шаршау, интоксикация белгілері, тершеңдік.
94 КЕСТЕ
БАКТЕРИАЛЬДЫ ЭНДОКАРДИТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛІСІ
Сипаты
Мүмкін болатын түрлері
Этиологиялық
Грам-оң бактериялар: стрептококктар, стафилококктар.
Грам-теріс бактериялар: ішек таяқшасы, көкірің 
таяқшасы, клебсиелла
Бактериальдық ассоциациялар: L-түрлері, 
саңырауқұлақтар, риккетсиялар.
Патогенетикалық
фазасы
Инфекциялық-токсикалық
Иммундыққабыну
Дистрофиялық
Активтілік 
дәрежісі
Минимальды (І дәрежесі)
Орташа (ІІ дәрежесі)
Жоғары (ІІІ дәрежесі)
Ағымының
варианттары
Жедел
Абортивті (сауығу)
Созылмалы (рецедивті)
Клиникалық-
морфологиялық
Біріншілік (зақымдалмаған қақпақтарда)
Екіншілік (зақымдалған қақпақтарда, туа біткен жүрек 
ақауларында, жүрек ота жасағаннан кейін)
Инфекциялық-токсикалық фазасы.
Қызба
субфибрилді дене температурасынан (минимальды активтілігінде) жоғары
фибрильді температураға дейін (жоғары активтілігінде) дірілдеумен (қалтыраумен).
Жүректегі шулар
(«үрлеу» сипатты) әдетте, кесел басталғаннан кейін 3-4 аптадан
соң басталады, бірақ ерте мерзімдерде де басталуы мүмкін. Алғашқы эндокардитте
(жоғары активті ағымды) балаларды көбіне аорта және митральды қақпақтарды
зақымдайды. Соңғы кезде текқана үшжармалы қақпақ астында зақымдалу кездесіп тұрады
(бұғана асты венаны катеризациялауды жиі қолдануға байланысты). Зақымдалған қақпақта
569


жара-өліеттену процессі жүреді де, жармалар бұзылып, қабыну «вегетациясының» пайда
болады. Екіншілік эндокардитте өзгерістер эндокадттардың зақымдалған жерінде
байқалады. 
Тормбоэмболикалық асқынулар
– геморрагиялық бөртпелермен, гематурия, ішкі
мүшелер инфарктысы және басқалармен білінеді. Әдетте, тормбоэмболикалық асқынулар
бір қанайналым шеңберімен шектеледі. Мысалы, митральды және аорта қақпақтары
зақымдалғанда тромбоэмболия белгілері үлкен қанайналым шеңберінде, үшжармалы
қақпақ зақымдалғанда кіші қанайналым шеңберінде анықталады. 
Айқын және тұрақты интоксикация белгілері.
Септикалық асқынулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет