Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Сол қарынша лақтырысына кедергімен жүретін гипертрофиялық



Pdf көрінісі
бет596/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Сол қарынша лақтырысына кедергімен жүретін гипертрофиялық
кардиомиопатия.
«Идиопатиялық гипертрофиялық субаортальды тарылу», «өсіндінің
асимметриялық гипертрофиясы» деген атаулары да бар. Көп жағдайларда аутосомды-
рецессивті жолмен тұқым қуалайды. 90% ауруларда сол қарынша лақтырысына кедергі
қарыншааралық перденің субаортальді бөлігінің аномальді гипертрофиясы нәтижесінде
екіншілік болып келеді. Бұл ауруларда қарыншалық аритмия және кенеттен өлім
байқалады. 
Емі.
 
β-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары. Кейде обструкция
шақырып тұрған қарыншааралық өсіндіге оталау жолымен миоэктомия жасайды. 
Кейбір авторлар рестриктивті кардиомиопатияны бөліп көрсетеді, ол қарыншалар
қабырғасының керілуінің төмедеуі мен диастолалық қызметінің бұзылысымен
(гиподиастола) сипатталады. Ол эндомиокардиальді фиброзда, эозинофильді Леффлер
эндокардитінде, жүрек амилоидозы және басқа да ауруларда кездеседі. 
Болжамы 
кардиомиопатияда қолайсыз. Ауру жиі өліммен аяқталады.
9.6. ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Жүрек жетіспеушілігі

тіндердің метаболикалық қажеттілігіне жеткілікті
жүректік лақтырысты жүректің қамтамасыз ете алмауы
. Жүрек жетіспеушілігінің
асқынуы қан айналысының жетіспеушілігі, ол да өз кезегінде жүрек жетіспеушілігін
қиындатады. 
Этиологиясы.
Жүректің туа пайда боған ақаулары: солдан оңға қан лақтырысының
артуымен жүретін немесе сол не оң қарынша алып кетуші қан тамырларының
обструкциясы.
Жүре пайда болған жүрек ақаулары: кардиттер, кардиомиопатиялар, ревматизм
кезіндегі жедел немесе созылмалы жүрек зақымдалуы.
Ырғақтың немесе өткізгіштіктің бұзылысы: пароксизмальды тахикардия, жыбыр
аритмиясы, толық антривентрикулярлы блокада және т.б.
Ятрогенді факторлар: хирургиялық көмек кезінде жүрек зақымдалуы,
медикаментозды емдеу.
Жүректен тыс себептер: тиреотоксикоз, артериовенозды фистула, жедел және
созылмалы өкпе аурулары, гликогеноз, дәнекер тінінің жүйелі аурулары, жүйке-бұлшықет
аурулары, гипоксия, артериальды гипертензия және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет