Синустық тахикардия ызбаға, күйзеліске, дегидратацияға немесе анемияға
физиологиялық реакция болып келеді, кейде идиопатиялық болуы да мүмкін. ЭКГ-де әр
QRS кешенінің алдында қалыпты Р-тісшесі анықталады; R-R арақашықтығы шамамен
бірдей. ЖСС жиілігі нәрестелерде 200-ден артық, ал басқа балаларда 150-ден артық.
Емі . Тахикардия себебін жою.
Автоматтық жүрекшелік тахикардия (күшейген эктопиялық ырғақ) жүрек-
шеде автоматизмнің күшеюнің (кардитте, кардиомиопатияларда жиі кездеседі) әсерінен
пайда болады. ЭКГ-де Р-тісшесі өзгерген; жүрекшелік ырғақ минутына 160-240 рет,
физикалық салмақ түскенде жиілейді, атривентрикулярлы өткізгіштік баялауы мүмкін.
Емі: арнайы ауруханада жүргізіледі. Дигоксин, β-адреноблокаторлар, кейде –
амиодарон
(96 кесте) қолданылады. Берік тахикардия байқалған жағдайда патологиялық
активті аймақты катетордың көмегімен немесе хирургиялық жолмен деструкциялайды.
Жыбыр аритмиясы кардиттердің, жүрек ақауларының, гипертрофиялық
кардиомиопатиялардың, тиреотоксикоздың, WPW cиндромының нәтижесі болып келеді.
ЭКГ-де дұрыс емес, аласа амплитудалы жүрекшелік активтілікті дұрыс емес қарыншалық
ырғақпен жазады. Кейде аберрантты QRS кешені анықталуы мүмкін.
Емі . Арнайы ауруханада жүргізіледі. Дигоксин, хинидин, прокаинамид қолданылады
(95 кесте) .
Кейде синхронизацияланған кардиоверсия (электроимпульсті ем) қолданады.
Жүрекшенің қалтырауы (дірілдеуі ) әдетте, жүрек зақымдалғанда байқалады.
ЭКГ-де минутына 250-350 жирылумен «аратәрізді» жүрекшелік толқындар байқалады;
импульстардың қарыншаға өтулері өзгеріп отырады.
Емі . Арнайы ауруханада жүргізіледі. Дигоксин, хинидин, прокаинамид қолданылады
(96 кесте) . Синхронизацияланған кардиоверсия, өңеш арқылы немесе жүрекішілік
электродпен жылдамдатылған электрокардиостимуляция жасайды.