Диагнозы мен ажырату диагнозы
. Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойын-
ша 40 мм (7-10 жасқа дейінгі балада), немесе одан төмен екеніне қарап, жоғарыда көрсе-
тілген шағымдар мен клиникалық белгілеріне сүйеніп, анамнез (тұқымында, әсіресе ана-
сында Аг бары) жинаумен біріншілік Аг-диагнозын қоюға болады. Диагноз қоюға, әсіресе
екіншілік, бас сүйегі ішіндегі гипертензиялық синдромды анықтауға краниограмма (екі
проекцияда), электро-, рео-, эхоэнцефалографияның (III-ынша көлемі кеңеюі) деректері
жәрдем береді. Екіншілік Аг-ның эндокриндік, бүйрек, бүйрекүсті бездері ауруларында
кездесетінін ескеріп, ажырату керек, соған сай тексерулер жүргізуге тура келуі мүмкін.
Кризбен білінетін Аг-ны (аз уақытқа естен
айырылу, бастың ауыруы үдей түскенде)
эпилепсия, жүрек ырғағы бұзылысы мен блокадасынан, ми шеменінен ажырату қажет.
Емі.
Дәрі-дәрмексіз ем:
а) күн тәртібін жөнге келтіру, тәулігіне 9-10 сағаттай ұйықтау
(күндіз ұйықтау), жастықтарды көтеріңкіреп салу, салқын таза ауада тәулігіне сағаттан аса
болу; б) ертенгі гимнастика, су процедуралары (салқын сумен жуыну, душқа түсу, шырша-
минеральдық ванналар, бірақ су ыстық болмауы керек; в). тағамға ас тұзын жеткілікті
(немесе көбірек) косу, шәй, кофе ішкізу; г) дене шынықтыру (жай жүгіру, тез жүгіру,
велосипедпен жүру, бірақ ауыр спорт түрлері емес); д) массаж – қолды, желкені уқалау; е)
физиотерапия. Магний, кальций, бром-кофеин, мезатонмен электрофорездер, кейде (бас
сүйегі ішінің гипертензиясында) эуфиллинмен жасау. Рефлексті ем, лазерлік пунктура,
бүйрекүсті безі тұсына индуктотермия пайдалы нәтижелер береді.
Дәрі-дәрмекті ем:
1) өсімдік адаптогендері (пантокрин, элеутерококк, адыраспан,
жень-шень, левзея және т.б.), қантамырлар тонусын көтеретін (кофеин, кофетамин, адре-
налин, кордиамин, ангиотензин, симпатовит, глицерам және т.б.); 2) тыныштандырғыш
дәрілер (валериана, бром, назепам, фенибут және т.б. транквилизаторлар); 3) А, С, В тобы
витаминдері, жүрекке қуат беретін рибоксин, кокарбоксилаза, инозио, калий оротаты; 4)
590
анаболикалық дәрілер, биогендік стимуляторлар, актовегин, фитин, ноотропты дәрілер,
кавинтон және т.б. (әсіресе, бас сүйегі ішінің гипертензиясы болса).
Достарыңызбен бөлісу: |