тыныштықты сақтау. АҚҚ жоғарылаған балаларды кезінде емдеу, кейін диспансерлік
бақылау. Үлкендердегі гипертония ауруы, инфаркт, инсульттардың негізгі алдын-алу жолы
бала кезде көрінген біріншілік АГ-ны жүйелі емдеу, сауықтыру арқылы ойдағыдай іске
асады.
9.7.3.
АТЕРОСКЛЕРОЗДЫҢ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ұзақ уақыт бойына атеросклероз педиатриялық мәселе емес деген көзқарас басым
болды. Американдық авторлардың мәліметі бойынша (1987) 5 жасқа дейінгі балалардың
17% жүрек артерияларында атеросклеротикалық өзгерістер анықталады. Сөйте тұрсада
тамыр қабырғаларына май тіндерінің тұнуының алдында байқалатын, олардың
айтарлықтай өзгерістері балалық шақта қалыптаса бастайды. Күні бүгін бұл процессті
бірнеше сатыға бөледі:
Бірінші сатысы:
тамырдың ішкі эластикалық жайылмасында жарылудың немесе
«сызаттың» қалыптасуы.
Екінші сатысы:
осы мүкістіктің бұлшықет жасушаларымен толуы және «бұлшықет-
эластикалық жайылманың» қалыптасуы.
Үшінші сатысы:
тамырдың өзгерген аймағында коллаген, кальций, липоидтар
жиниақталады да, «эластикалық гиперпластикалық жайылма» қалыптасады. Тамыр
қабырғасындағы өзгерістер, әдетте қайта қалыптаспайды және «...екіншісінің пайда болу
барысында, патогенетикалық драманың таза липоидты актасы атеросклероздың қортынды
морфологиясын және клиникалық көрінісін береді» (Воронцов И.М., 1999).
Атеросклероз-тұқым қуалаудың ультифакториальды ауруы,
бірақ оның аутосомды-
доминатты моногенді детерминирленген түріде (отбасылық дислипидемия) болады.
Атеросклероздың қаупі, жақын туысқандарында 50 жасқа дейін жүрек ишемиялық
ауруларының клиникалық көріністері айқын білінген, балаларға туады. Бұл топтағы
балаларда қанның құрамындағы липоидті спектрінің айтарлықтай өзгерістері анықталады.
Жалпы холестерин мөлшері айтарлықтай жоғары болады. Атеросклеротикалық
қатпарлардың пайда болуының алғашқы себептерінің бірі қабыну процессі дегенде
көзқарастар бар. Бұнда қабынудың катализатор ролінде инфекциялық агенттер (хламидия,
цитомегаловирус және басқалар) шығуы мүмкін. Инфекциялық-қабыну және иммундық
жауаптың нәтижесі болып келеді:
- жоғарыда көрсетілген тамыр қабырғасындағы өзгерістер;
- атеросклеротикалық қатпарлардың (зақымдалған тамыр қабырғасында атерогенді төмен
тығыздықты липопротеиндер фракциясының жинақталуына әкелетін) қалыптасуы.
Қазіргі кезде қалыптасуында иммундық жүйенің ерекшеліктерінің маңызы бар
екендігі талас тудырмайды. Төмен тығыздықтықты липопротеиндердің деңгейі мен
айналымдағы кішкене мөлшерлі иммундық кешендер санының арасында тіке байланыс
анықталған; атеросклероз даму «қаупі» топқа кіретін балалар қанында, құрамына
холестерин кіретін айналымдағы иммундық кешендер, 2 есе артық болып келеді. Балада
атеросклероз даму қаупі болса (семіздік, артериальды гипертензия, липидтік алмасудың
бұзылуы, қант диабеті, гипотиреоз, персистирленген «баяу» инфекция, шылым шегу және
т.б.) ерте балалық шақтан бастап атеросклеротикалық аурудың алдын алу шараларын іске
асыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: