Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет620/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагноз
өзіне тән терідегі өзгерістер, сонымен қатар морфологиялық зерттеулер
нәтижелері негізінде қойылады. Ерте анықтау үшін белгілер үштігінің маңызы үлкен:
терінің тығыз ісігі, буын синдромы, Рейно синдромы. Негізінен барлық түрлері төмен
лабораториялық активтілігімен дамиды. РФ немесе АНА байқалуы мүмкін. СД-ны
анықтауда терінің, бұлшықеттің, қарынның кілегей қабатының биоптаттарының
морфологиялық зерттеу нәтижелерінің маңызы жоғары. 
ССД-ні анықтау критериялары:
1.
шеткі буындар (алақан-фалангалық немесе табан-фалангалық) терісінің зақымдалуы;
2.
остеолиз;
3.
асқорыту жолының склеродермиялық зақымдалуы;
4.
кальциноз;
5.
Рейно синдромы, саусақтардың шеткі фалангаларында тыртықтың болуы;
6.
базальды пневмосклероз;
7.
үлкеношақты кардиосклероз;
8.
контрактурамен буын-бұлшықет синдромы;
9.
жедел склеродермиялық нефропатия;
10. арнайы антинуклеарлық антидене (анти-Sci-70 және антиорталыөлшеуіш антидене)
болуы;
11. капилляроскопиялық белгілер (капилляроскопияның мәліметтері бойынша).
Қосымша критериялары:
1.
терінің гиперпигментациясы;
2.
телеангиоэктазалар;
3.
трофикалық бұзылыстар;
4.
полиартралгиялар;
5.
полимиалгия, полимиозит;
6.
полисерозит (жиірек адгезивті);
7.
созылмалы нефропатия;
8.
полиневрит;
9.
дене салмағын жою;
10. ЭТЖ артуы (20 мм\сағаттан артық);
11. гиперпротеинемия (85 г\л-ден жоғары);
12. гипергаммаглобуллинемия (23%-дан артық);
13. ДНК немесе АНФ-қа антидененің болуы;
14. РФ болуы.
Негізгі белгілерінің үшеуінің немесе үш негізгі белгілердің біреуінің және үш немесе
оданда көп қосымша белгілерінің байқалуы ССД диагозын дәлелдеу үшін жеткілікті болып
есептеледі. 
Емі.
 
Негізгі ем

микроциркуляцияны жақсартатын (гепарин жағым майы, димексид),


вазодилататорлар, глюкокортикостероидты жағар майлар (адвантан) жергілікті қолданумен
шектеледі. Терінің зақымдалған жерін хирургиялық жолмен алып тастау патологиялық
процессті жоя алмайды. Рейно синдромы байқалғанда антиагреганттар (аспирин,
курантил, никотин қышқылы) ұсынылады. Терідегі процесс үдемелі болса және жүйелі
түрлерінде ГК ішу арқылы тағайындалады. Процесстің жедел үдеуі байқалғанда және
жайылмалы (генерализациялы) болғанда иммунодепрессивті (азатиоприн, метотрексат,
циклоспорин) дәрілер қолданылады. 
606




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет