аурулардан көрі өлім себебі ретінде инфекциялар қарастырылады. Болжамының
жағымсыздығы бүйрек амилоидазы дамығанда ауырлай түседі.
Дипансерлік бақылау.
Әдетте, ересектер арасына ауысқанға дейін жүргізіледі.
Арнайы емханаларда таңдалып алынған емдеу жобасы емханалық жағдайда ұзақ уақыт
қолданылады. Негізінен остеопороздың алдын алу үшін кальций және стреоидты емес
қабынуға қарсы дәрілер, глюкокортикоидтар, иммунодепрессивті дәрілер қолданылады.
Интеркурентті инфекциялар қосылғанда антибиотиктер, жиі кең әсерлілері қолданылады.
Алдын-алу үшін антибиотиктер берілмейді. Жеңіл инфекцияларда базисті ем жүргізіле
береді, ауыр инфекцияларда тоқтатылады. Интеркурентті инфекциялар қосылғанда
гормандар мен циклоспоринмен емдеу бұрынғы дозаларында жалғастырыла беріледі.
Инфекцияның дамуы ауырлай түскен жағдайда, негізгі аурудың өршуі байқалмаса да
ауруханаға жатқызылады.
9.8.2. СКЛЕРОДЕРМИЯ
Склеродермия (СД) -
коллагеноздар тобына кіретін, өзіне тән терінің Рейно
синдромы типтес жайылған вазоспастикалық бұзылыстарымен сипатталатын ауру.
Процесске сонымен қатар тірек-қимыл аппараты, ішкі мүшелер (жүрек, өкпе, асқорыту
жолдары, бүйрек) зақымдалуыда мүмкін.
Балаларда СД-нің әдетте, ошақты түрі байқалады; жүйелік зақымдалулар сирек
кездеседі; балалар кезкелген жас деңгейінде ауруы мүмкін; жыныстық басымдылық
байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: