Жүйелік көріністер басылғаннан кейін 2-3 аптадан соң преднизолонның дозасы
сүйемелдеуші (көмектесуші) дозаға дейін төмендетеді, сосын алма-кезекті (интермитер-
леуші) қабылдауға ауыстырады, содан соң алып тастайды. Әдетте, преднизолонның
қолданылатын дозасы неғұрлым аз болса, солғұрлым дозасын аздап азайту керек деген
қағида қолданылады. Жүйелік түрінде ГК болжамының жағымды болуына ықпал етеді, ал
полиатритттік түрінде, керісінше, жағымсыздыққа әкеледі, симптоматикалық ем ретінде
қолданылады. Әдетте, ішкізілетін ГК-ы ұзақ қолданылатын, таңдаулы ем препараттары
ретінде қолданылу тиімсіз болып келеді. 80 жылдардан бастап ГК «bridge»-терпия
(«көпір» ем) ретінде, базистік препараттардың әсері басталғанша қолданылып жүр.
Бұлардың ішінен буынға кеналог, дипроспан, әсіресе олиго- және моноартриттерде, жіберу
тиімді деп саналады. Жоғары активтілігі байқалатын жүйелік түрлерінде ГК
(метилпреднизолон) пульс-терапия үшін қолданылады: үш күн бойына тез тиімділікке
жету үшін, демалып, ем таңдап алу үшін гепаринмен қоса 30мг\кг есебінен (бірақ 1000 мг-
нан артық емес) венаға тамшылатып жібереді. Пульс-терапия иммунодепрессанттарға
сезімталдығын артырады.
Базистік ем.
Ерте мерзімнен бастап ұзақ уақытқа (айлап, жылдап) тағайындайды.
Өйткені, СҚҚД мен ГК айырмашылығы, олар сүйек және шеміршек тіндерінің бұзылуын,
яғни аурудың үдеуін, баяулатады.
Көрсеткіштері:
1. СҚҚД тиімсіздігі;
2. аурудың тез үдеуі;
3. ГК-ң дозасын азайтудың қажеттілігі.
Процесстің активтілігі төмен болғанда және СҚҚД жеткілікті тиімділігі байқалмаған-
да 4 -6 айдан кейін ұзақ және баяу әсер етін (базисті ) дәрілер тағайындалады: 20 шақты
аптаға сульфасалазин, сиректеу алтын тұздары (кризанол, тауредон); D- пеницилламин.
Агрессивті дамитын аурудың полиартритикалық, жүйелік түрлерінде, увеитте иммуноде-
прессанттар қолданылады. ФРА-да ең тиімді болып метатрексат (әдетте 5-12,5мг
апатасына 1 рет). Жағымсыз әсерін азайту үшін фоль қышқылы тағайындалады. Цикло-
спорин А тиімділігі жоғары бола тұра, өзін жақсы көрсетті (тәулігіне 4-6 мг\кг, 6-8 айдан
кем емес). Аурудың жүйелі түрінде, буындардың ауыр зақымдалуларында тиімді, бірақ
қымбат тұратындықтан сиректеу қолданылады. Сиректеу азатиоприн (1,5-2мг/кг күнде),
циклофосфан (тәулігіне 4-5мг/кг) қолданылады. Иммуносупрессиялық жоғары тиімділікке
аурудың алғашқы сатыларында қол жеткізген жөн, себебі тіптен азды-көпті үдеуі органи-
змде қалыптаспайтын өзгерістерге әкеледі. Ревмотоидті артритте базисті ем үшін арнайы
қолданылатын, ревматоидтық фактордың концентрациясын төмендететін лефлюномид
препараты жасалған. Моноклональды антидене-ісіктер некрозы факторларының
ингибиторлары (инфликсимаб, этанерцепт), әсіресе метотрексатқа беріктік білдіретін,
аурулар түріне ерекше үміт арытылып отыр. Жүйелік түрлерінде венаға жіберілетін
иммуноглобуллиндер пайдаланылады.
Қосымша ем.
Асқынған түрлерінде плазмофорез, кейде метилпреднизолонмен
немесе циклофосфанмен қосарланып, қолданылады. ЕДТ, массаж, физиотерапиялық
процедуралар (гидрокортизонмен фонофорез), гидрокортизон мен гепаринмен қосып 10-
30% димексидпен аппликация жасалады, аяқ-қол бұзылыстарының және
контрактураларының алдын-алу, ревмоортопедиялық емдеу әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: