Кристаллизация болмау және түтікшелер бітеліп қалмау үшін, суды көп мөлшерде
ішу керек.
Қолдаушы антибактериальды терапия үшін антибиотиктерді немесе уросептиктерді
(нитрофурандар – фуроддонин, фурагин, Фуразолидон, фуразолин, тәулігіне 5-7 мг\кг
солафур, налидксин қышқылы препараттары – невиграмон, неграм 50-60 мг\кг тәулігіне,
5-НОК және нитроксилин 8-10 мг\кг 4 рет қабылдауға, никодин (0,05 -0,07 г\кг тәулігіне 4
рет қабылдауға), фенилсалицилат (салол), грамурин, триметоприм (биспетол)
тағайындалады.
Антибактериальдық терапияның
ұзақтығы әр ауруға жеке анықталады, жедел
пиелонефритте әдетте қамтиды:
7-10 күндік антибаткриялық курс (зәр анализі қалыптасқаннан кейін 3-5 күн бойына
беріледі);
Содан соң уросептиктермен 10-14 күндік курс;
Одан әрі 2-3 апта бойына фитотерапия.
Созылмалы пиелонефриттің өршуінде антибиотикатерапия дәрілерді ауыстырып
отырып, 1-1,5 айға созылып, одан әрі уросептиктермен рецидивке қарсы емге айналады
Пиелонефриттің емін 2 сатыға бөледі:
1. Құбылыстың толық және тұрақты басылу үшін және несеп көрсеткіштері толық
қалпына келгенге дейін, дәрілік ем үзіліссіз жүргізіледі 1,5-2 ай.
2. Жергілікті санаторияда нефрологтың бақылауымен дәрілік емдердің аралығында-
ғы үзілістерді бірте-бірте ұзарта отырып, үзік ем жүргізу. Ұзақтығы 4-6 ай, ал созылмалы
пиеонефритте 6-12 айға созылады. Антибиотиктерді әрбір 2-3 апта сайын, несептің
антибиотикограммасына сәйкес, алмастырып отырады.
Токсикоз белгілері бар науқастарға, әсіресе бір жасқа дейінгі балаларға, құрамында
белокты қан алмастырушы, глюкоза, Рингер ертінділері бар дезинтоксикациялаушы ем
жүргізіледі. Әсіресе, бұл емді эксикозды токсикозда қолданады.
Қазіргі кезде емдік шөптер кеңінен қолданылуда. Емдік шөптерді тағайындағанда,
олардың организмге қалай, қаншалықты әсер ететінің ескеру қажет: Мысалы несептің
бөлінуіне әсер ететін дәрілердің әсері шөптің құрамындағы арбутрин, танинге байланысты
болады.
3. Литолитикалық әсерлі мочевина, тұздар бөлініп, су балансына ықпал еткенде
байқалады.
Шөптердің фармакологиялық қасиеттерін біле отырып, антисептикалық қабынуға
қарсы ететін тонусқа, регенерация және несептің бөлінуіне әсерлік қасиеттеріне
байланысты қосындылар тағайындауға болады.
Айқын активтілік кезеңінде емдік қосындылары уродинамиканы жақсартуға әсер
етуші көмекші дәрі болып саналады және бактериурияға аз әсер етеді, ал тоқтау кезеңінде
қабынуға қарсы өте жақсы әсер етеді және антибиотиктермен бірге қолданылады.
Витаминдер – С, В топтары зат алмасу, қорғану құбылыстарын қалыптастыруға
ықпал етіп, антибиотиктердің әсерін, науқастың жағдайын жақсартады.
Физиотерапиядан – жылыту процедуралары /жалпы жылы бұлаулар, жартылай
бұлаулар, парафин, озакерит немесе белге балшық емдері/ және т.б. қолданылады.
Өршу сатысынан 6 айдан кейін санаториялық-курорттық ем жүргізілу керек.
(Трускавец, Железноводск, Ессентуки, Ижевск, Сары-Ағаш, Байыром-Али). Емдеу үшін
минеральдық сулар мен емдік дене тәрбиесін пайдаланған жөн.
Созылмалы инфекция ошақтарын тазартудың маңызы зор.
Екінші ретте дамитын пиелонефритпен ауыратын балалардың емін коррекциялап,
хирургиялық ем мен зат алмасуды қалыптастыратын дәрмектерді тағайындап отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: