болады. Қант диабетінде полурия көлемі 3-4 л –ден аспайды. Полиурияның бірінші
көрінісі түнгі немесе күндізгі энурез болуы мүмкін. Полиурия нәтижесінде дегидратация
дамиды. Кілегей қабаттар және тері құрғайды. Қант диабетінде сілекей бездер
функциясының тежелуі байқалады. Жиі терінің саңырауқұлақты және іріңді аурулары
қосылады, ал қыздарда вульвит дамиды. Тері-асты шел май қабаты жұқарады, тіндер
тургоры төмендейді. Әлсіздік күшейіп, жұмысқа қабілеттілік азайады.
Қант диабетінің І-ші типінің 1/3 жағдайында бірінші клиникалық симптомдары –
диабеттік кетоацидоз белгілерімен айқындалады.
Диабеттік кетоацидозды 3 сатыға бөледі:
1-ші саты – кетоз – дегидратация фонында организмде кетонды денелердің
жиналуы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауырсынуын, нәжістің сұйылуын күшейтеді (шын
мәнінде бұлар токсикалық гастроэнтериттің дамуының көріністері). Бұл кезде кілегей
қабаттары қанық, тілі құрғақ, қою жабындымен жабылған болады. Жақ доғаларының,
қабақтар үстінің, иектің диабеттік қызаруы тән, дем шығарғанда ацетон иісі шығады.
2-саты – кома алды – үдемелі дегидратация тұсында метаболикалық қышқылдың
декомпенсациясымен басталады. Екінші сатының алғашқы клиникалық белгілері –
Куусмауль тынысы – шулы уытты тыныс. Айқын абдоминалды синдром – іштегі
ауырсыну, іш қуысы алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы, іш пердесі
тітіркенуінің оң белгілері анықталып, қайталамалы құсу. Тері жамылғысы мен кілегей
қабаттардың құрғауы күшейеді және акроцианоз пайда болады, АҚҚ төмендейді, тахи-
кардия пайда болады. Бұл кезде есі сақталған, бірақ біртіндеп сопорозды жағдайға өтеді.
3-сатысы – кома – санасы жойылып, рефлекстердің тежелуі, диурездің төмендеуі,
құсудың тоқтауы, гемодинамикалық бұзылыстардың әрі қарай күшейуімен сипатталады.
Жедел дегидратация және микроциркуляция бұзылысы белгілерімен қоса науқаста айқын
шулы тыныс, бұлшықет гипотониясы, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: