Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет768/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   764   765   766   767   768   769   770   771   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі.
 
Ең тән клиникалық белгісі лимфатүйіндерінің ұлғаюы болып
келеді. Көбіне процесс (90% науқаста) мойын және/немесе бұғана үсті түйіндерінен бір
немесе екі жағынан басталады. Мойын тобының бір немесе бірнеше лимфатүйіндері
тығыздалып, қарқынды ұлғая бастайды, бірақ пальпациялағанда олар ауырсынбайды, бір-
біріне жабыспаған (А.А.Киселдің суреттеуі бойынша «қапшықтағы картоп» сықылды)
болып келеді. Біраз науқаста (60% науқаста), әсіресе ересек балаларда процесс көкірек
қуысы лимфатүйіндерінің ұлғаюынан басталады. Сиректеу процесс қолтық асты, жақасты,
іш қуысының лимфатүйіндерінің ұлғаюынан басталады. Процесстің жайылу барысында
әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі арыта түседі, науқас жүдейді, ЛГМ үшін
толқын тәріздес қызба, түнде шектен тыс терлеу, терінің қышуы тән болады. Қызба, түнгі
шектен тыс терлеу, жүдеу, терінің қышуы, бауырдың функциясының бұзылуымен ұлғаюы
интоксикация белгілеріне жатады. Интоксикация белгілерінің тез дамуы, паренхиматозды
мүшелер ерте процесске тартылатын, іш қуысының лифатүйіндерінің зақымдалуына тән
болып келеді. ЛГМ-дың үдеу барысында өкпе, плевра, ішек-қарын жолдары, сүйек майы,
қаңқа, ми, жұлын (аурудың ІV сатысы) зақымдалады. Үдемелі иммундық жетіспеушілік
салдарынан инфекция-лық ауруларға бейімділік пайда болады. ЛГМ-да әсіресе қызылша,
герпетикалық вируспен шақырылған инфекциялар (жел шешек, герпес-зостер және
басқалар) ерекше ауыр дамиды. 
Диагностикасы.
 
ЛГМ-ды анықтаудың негізі, зақымдалған лимфтүйінін биоптатын
гистологиялық зерттеп, көпядролы, дәу Рид-Березовский-Штернберг жасушаларын немесе
олардың бірядролы нұсқасын – Ходжкин жасушасын анықтау болып келеді. Рентгеноло-
гиялық зерттеу, КТ, УДЗ барлық лимфомаларда лимфатүйіндерінің ұлғайғанын анықтау
үшін қажет. Дерттің ерте сатыларында сүйек майы зақымдалмайды, сондықтан
миелограмма мәлімет бермейді. ІV және В сатыларында трепанобиопсия жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   764   765   766   767   768   769   770   771   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет