аралшық жасушаларында табылған белок-глютаматдекорбоксилазаға аутоантиденелердің
титрі жоғарлайды.
Қазіргі кездегі мәліметтер негізінде 1-ші тип қант диабетінің патогенезін 6 сатыға
бөледі:
1 сатысы – НLА-мен ассоциацияланған генетикалық бейімділік.
2 сатысы – диабетке ұшыратушы аутоиммунды инсулит факторының әсер етуі.
3 сатысы – созылмалы аутоиммунды инсулит.
4 сатысы – β-жасушалардың жартылай деструкциясы, базальды гликемия сақталғанына
қарамастан глюкоза енгізгенде инсулин секрециясының төмендеуі.
5 сатысы – инсулиннің қалдық секрециясымен аурудың клиникалық айқындалуы.
6 сатысы – β-жасушалардың толық деструкциясы, абсолюттік инсулин жеткіліксіздігі.
Инсулиннің жеткіліксіздігі бауыр жасушаларындағы, май және бұлшық ет
тіндеріндегі глюкоза тасымалы төмендеуіне, гипергликемияның жоғарлауына әкеледі.
АТФ және НАДФ-Н
2
түзілуінің азаюымен Кребс циклының, бірқатар аэробты және
анаэробты гликолиз ферменттерінің белсенділігі төмендейді. Энергетикалық жетіспеуші-
лікті компенсациялау үшін бауырда эндогенді глюкоза түзілу механизмі іске қосылады
Гликемия деңгейі 9 ммоль/л жоғарыласа глюкозурия пайда болады. Ол өз кезегінде
полиурияға, дегидратацияға, полидипсияға әкелетін осмостық диурездің.
Инсулин жетіспеушілігі және гиперглюкагонемия май қышқылының кетонға
айналуына алып келеді. Кетондардың жиналуы метаболикалық ацидозға әкеліп
соқтырады. Кетондардың катиондармен бірге зәрден бөлініп шығуы, су және электролит
жоғалуын күшейтеді. Дегидратацияның, ацидоздың, гипоосмолярлықтың жоғарлауы және
оттегілік жетіспеушілік диабеттік команы өрбітеді.
И
нсулин жетіспеушілігі
нен пайда болады
:
1. қандағы глюкозаның жоғарлауы;
2. глюкоза үшін жасушалық мембрананың өткізгіштігінің төмендеуі;
3. глюкозаның фосфорлану процесінің тежелуі;
4. глюконеогенездің күшеюі (ақуыздан глюкозаның түзілуі);
5. гликолиздің жеделдетілуі (гликоген ыдырауы);
Осылардың әсерінен созылмалы гипергликемия дамидыда, ол бейімдейді:
1. глюкозурияға – реабсорбция процессінің бұзылуынан глюкозаның несеппен
жойылуы;
2. диурездің күшеюі;
3. қанның осмостық қысымының жоғарлауынан, тіндердің сусыздануы;
4. гиперлактацидемияға – глюкозаның анаэробты ыдырауының әсерінен қанда көп
мөлшерде сүт қышқылының түзілуі;
5. май алмасуының бұзылысына – гиперлипидемия, гиперхолестеринемия, майлардың
кетонды денелерге дейін ыдырауы және оның қанда жиналуына соқтырады;
6. глюконеогенездің күшеюі.
Достарыңызбен бөлісу: