Біріншілік алдыналу – тиімді тамақтану, өмір сүру саты, шынықтыру және профи-
лактикалық егу, рахиттің, теміртапшылығының, йодтапшылығының, фтортапшылығының
және басқа жетіспеушіліктің, жергілікті жағдайды ескере отырып, арнайы алдын алу
шараларын қамтиды.
Екіншілік алдын алу – аурулардың ауыр байқалуының алдын алу үшін лаборато-
риялық және аурудың басқа хабаршылары мен ерте белгілерін анықтау шараларынан
құралады. Мысалы, тұқым қуалайтын аруларды анықтауға арналған Скринингтер,
диспансерлік зерттеулерде анықталатын науқастың көзге көп түспейтін белгілері.
Үштік алдын алу – өмір сапасын жақсартуға, функциясының шектелуінің үдей
түсуін шектеуге, мүгедіктіктің артуына қарсы қолданылатын шаралар кешені жатады.
Реабилитация (жойылған немесе бұзылған функцияларды қалыптастыру немесе
компенсациялау) мен абилитацияны бөледі.
ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДИАТРИЯНЫҢ ДАМУЫ Балалар туралы ғылымның басы ескі дәуірдің IV ғасырында медицинаның негізін
қалаушы Гипократтың «Баланың табиғаты» атты кітабының өмірге келуімен
байланыстырылады. Одан кейін Цельс, Гален, Соран (I және II ғасырлар) балалар, оларды
күту, тәрбиелеу туралы жазған.
Ғылым шежіресінде, әсіресе медициналық ғылымның, араб мәдениетінің өкілдері
белгілі орын алады. Сонымен қатар, олардың педиатрия ғылымында сіңірген еңбектері де
айтарлықтай.
Олардың ішінде Орта ғасырдың ғұлама дәрігерлерінің бірі Абу Бакр Мохаммад ибн
Закария ибн Яхья Ар-Разиды (865 – 925) атауға болады.
Шығыс елдерінің ғалымдарының көзқарасына жүгінсек, педиатрия ғылымының
негізін қалаушы болып Шығыстың ғұлама оқымыстысы Абу Али ибн Сина есептелуі
керек. Алғашқы рет оның жазған еңбектерінде бала организмінің анатомиялық құрылысы
мен физиологиялық ерекшеліктері айқын көрсетіледі. Абу Али ибн Синаның көзқарасы
бойынша бала организмінің құрылысы негізінен құрсақ ішіндегі дамуға байланысты
болады. Ол организмдегі бұзылыстарды ұрық пайда бола бастаған кезеңдермен
байланыстырады. Баланың қалыпты дамуы үшін босану ағымының алатын орнына үлкен
көңіл аударған.
Абу Али ибн Сина өсу және даму процесстері туралы мағлұмат беріп, өсу кезеңін 3
сатыға бөлген: