Ибн Сина кезінде балалардың мінез құлқына байланысты жіктелуіне де ат салысқан:
«Балалар мінез-құлқы бойынша қызбалалығына қарай, байсалды және жұмсақтығына
қарай, өте байсалды болуы мүмкін»,
– деп жазды. Сонымен қатар, бұл ерекшеліктердің
себептерін түсіндіре білген.
Ғұлама ғалым өз еңбектерінде баланың тамақтануы жөнінде айта келе, сәбидің тама-
ғының сапасы мен мөлшері басқа жастағы балалардың тамағынан өзгеше болуы керек, деп
атап көрсеткен. Ибн Синаның көзқарасы бойынша сапасыз тамақтану шетінеудің себебі
болып табылады.
«Ана сүті оның қанынан пайда болады, сондықтан, балаларды ана
сүтімен тамақтандыру ең тиімді жол»,
– деп жазады Шығыстың ғұлама ғалымы.
Абу Али ибн
Сина баланы дұрыс тәрбиелеудің, оның болашағына тигізер әсері
туралы айқын жазған. Тіптен денеге түскен салмақтың орташа болуының қажет екенін
жазған.
«Күн тәртібі мен тәрбиенің ұзақ мерзім дұрыс болмауы «жаман адамның» пайда
болуына әсерін тигізеді, ал керісінше, дұрыс тәрбиелеу туа болған кейбір ақауларды
түзетуі мүмкін»
– деп жазды.
Қазақ халқының арасында ауруларды емдеумен бақсылар айналысқан. Сонымен
қатар, бұндай жұмыстармен Орта Азияның медицинасымен таныс тауіптер (табибтер)
айналысты. Олардың бақсылардан айырмашылығы ауруларды емдеу үшін дәрілер
қолданды, ал, мистикалық емдеу тәсілдерін қолданбайтын еді. Осындай Копал уезінде
жұмыс жасаған Қылышпай Чанан туралы орыс оқымыстысы И. С. Колбасенко 1889 жылы:
«Ол бақсы емес – қырғыз дәрігері», – деп жазған болатын.
Қазақ емшілеріне аурулар белгілі болған. Ем ретінде жануарлық заттар қолданылады:
жылқының жаңа сауған сүті іш жүргізу үшін, жөтеліп ентігіп ауырған адамдарды сүтте
пісірілген
қойдың құйрығымен сипау, көзі ауырғандарға жылы сүтті пияз шырынына
араластырып тамызу. Малдың жылы қаны тыныс жүйесінің жедел ауруларында, жедел
уыттануда қолданылды. Сол мезгілде белгілі болған қымыз бен шұбаттың емдік қасиеті
күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқаны баршаға аян.
Баршаға белгілі қазақ елінде алғашқы дәрігерлер (өкінішке орай басқаша
мәліметтерді біз кездестіре алмадық) Россияның отаршылдық саясатына байланысты келе
бастаған. Мысалы, қазақ жеріне орыс әскерлерінің құрамында алғашқы дәрігер (әскери
дәрігер Жуков) 1824 жылы, Атырау өлкесінде 1983 жылы (әскери дәрігер А. М.
Красовский) келген. Бұл дәрігерлердің көбінің жұмысы орыс әскерлері мен қазақтарды
бақылап, емдеу болды. Ал, қазақ халқына олардың медициналық көмегі болған жоқ.
Сонымен қатар, қазақ жерінде біразырақ құралған әскери госпитальдардан да жергілікті
халыққа пайда болмады. Әскерлер құрамында істеген дәрігердің алдыңғы қатарлылары
қазақ даласындағы
халықтың жағдайын көріп, ауруханалар ашу қажеттігін, маман
фельдшерлер мен дәрігерлерді жергілікті халықтар арасынан дайындаудың қажеттігі
туралы жазды. Бұндай өтінішті 1851 жылы Шекаралық басқармасының штабтық емшісі
С.Т. Чукин Аненковқа жазды. Ол кісі бұндай ұсынысты орындаудың мерзімі жеткен жоқ
деген жауап берді. 1864 жылы С.Т. Чукиннің ұсынысымен әйелдерді босандыратын «әйел»
(«кемпірлер») лауазымы кіргізіледі. Бірақ, көптеген уездерден оқығысы келетін адам жоқ
деген сылтаумен бұл мамандық бойынша мамандар дайындалмады.
1868 жылдан бастап уездік дәрігер және әйел босандыратын «кемпір» лауазымы
бекітілді.
Халел Досмұхамедұлы
ДОСМҰХАМЕДОВ-МАШАҚОВ, 1883 жылы 24 сәуірде
Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзеннің
бойында дүниеге келді. Ауыл молдасынан сауат ашқан Халел Ойыл (Көкжар)
қаласындағы бір класстық орыс-қырғыз училищесінде бастапқы білім алып, содан кейін
Орал қаласындағы реалды училищені 1903 жылы үздік бітірді. Сол жылы Санкт-
Петербургтегі Императорлық Әскери Медицина академиясына түсіп, оны 1909 жылы 17
қарашада үздік белгілі емші дәрежесімен бітіріп шықты. 1913
жылға дейін әскери
қызметте болды.
1913-1919 жылдар аралығында ресми түрде Темір уезінде бөлімшелік дәрігер болып
қызмет атқарды. 1920 жылдан бастап Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушы
болып және Орта Азия Университеті медицина факультетінің ауруханасында ординатор
қызметтерін қатар атқарды.
1921 жылы Түркістан республикасы Ғылыми комиссиясының төрағасы, 1922 жылдан
бастап Денсаулық сақтау Халық комиссариатының коллегия мүшесі, 1924 жылдың
қарашасынан бастап Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының Емдеу-Санитарлық
бөлімінің меңгерушісі, осы жылдың 18 сәуірінен бастап оба індетіне қарсы күресу
Орталық Комиссиясының төрағасы жұмыстарын атқарды. 1927 жылы доцент, 1929 жылы
профессор құрметті атақтары берілді.
«Қызыл террордың» салдарынан 1930 жылы 14 қыркүйекте Воронеж қаласына жер
аударылды. 1935 жылы 15 қыркүйекте, жазасын өтеп болғасын, осы қалада дәрігерлердің
білімін жетілдіру
институтында сабақ беріп, қалалық емхананың лабораториясын
басқарды.
1937 жылдың зұлматы Халелді 1938 жылы 28 шілдеде тұтқындап, 1939 жылы 23
көкекте Алматы қаласында ату жазасына үкім шығарды.
Халел Досмұхамедұлы 20-ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қазақстанның
батысын жайлаған оба ауруына қарсы жан аямай күрес жүргізді. Ол Ілбішін, Темір,
Тайсойған
аймағының, халқын оба індетінен түгел қырылып қалу қаупінен аман алып
қалуға зор үлес қосты. «Қазақ» газетінің беттерінде түрлі аурулардан сақтанудың
шаралары, әр дерттің өзіне тән белгілері, емделу жолдары
мен қолданылатын дәрі-
дәрмектердің түрлері жөнінде егжей-тегжейлі мағлұматтарды берген ондаған мақалалары
жарық көрді.
Қазақстанда ең алғаш балалар мекемесі 1879 жылы Верный қаласында ашылған
жетім және өмір сүруге қаражаты жоқ ата-аналардың балалары үшін ашылған баспана (үй)
болды. Ол 1888 жылы император Марияның мекемелерінің қарамағына берілді. 1890
жылдың 1 ақпан айында онда 7 ер бала, 26 қыз бала тәрбиеленетін еді.
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес үкіметі көптеген шешімдер қабылдап,
Достарыңызбен бөлісу: