тестостеронның деңгейі жасқа тәуелсіз төмен болады және хориондық гонадотропин
енгізгенде жауаб ретінде жоғарыламайды.
Екіншілік гипогонадизм (гипогонадотропты) ер балаларда ФЫГ немесе ЛГ
жетіспеушілігімен байланысты. Біріншілік зақымдалу гипоталамуста немесе гипофиздің
алдыңғы бөлігінде орналасуы мүмкін, бұл гонадотропиннің жетіспеушілігіне алып келеді.
Атабез дұрыс құрылған, бірақ гонадотропинның ынталандыруы болмауына байланысты
ол пубертатқа дейінгі жағдайда қалып қояды.
Гонадотропиннің оқшауланған жетіспеушілігі – Кальман синдромы – иіс сезудің
жоғалуымен гипогонадты – гипогонадизмнің бірігуі болып табылады.
Лоренс-Мун Бидль синдромы: диагноз пубертатта жыныстық дамудың тежелуіне
немесе 16-17 жасқа дейін басталмауына; адренархе пайда болуы сүйектік жас қатынасы
бойынша кеш немесе болмауына негізделеді. Емінде – хориондық гонадотропин енгізу,
сүйемелдеуші андрогендермен ем тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: