15.6.6. КОНСТИТУЦИОНАЛЬДЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҰЗЫНБОЙЛЫЛЫҚ
Туылған кезде дене ұзындығына, дене салмағына, ата-анасының, жақын
туыстарының бой ұзындығына назар аудару керек. Жанұялық ұзынбойлылықта бала осы
көрсеткіштер бойынша барлық жас кезеңдерде құрдастарынан бойы ұзын болады. Кейде
жыныстық дамудың тежелуі байқалады, әдетте пубертат жасымен бірге өршиді.
Конституциональды ұзынбойлылық, төл құжаттық жастан, сүйектің даралану
процессінің тежелуімен жүруі мүмкін, бірақ жыныстық жетілуі өткен сайын өсу аймағы
жабыла береді. СТГ шығарылуы жоғарлайды, 12-14 жас балаларда тәуліктік ырғақтықта
түнгі шыңдар болуы мүмкін, бұл пубертатты кезеңге тән.
Достарыңызбен бөлісу: