Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ФУТ  энзимінің белсенділігі қалыпты да, галактокиназа белсенділігі төмен (Швейцар варианты). Клиникалык көрінісі



Pdf көрінісі
бет827/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   823   824   825   826   827   828   829   830   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ФУТ 
энзимінің белсенділігі қалыпты да, галактокиназа
белсенділігі төмен (Швейцар варианты).
Клиникалык көрінісі.
 
Ауырлығы түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Өте жеңіл түрлері
галактоземия бар отбасылар ішінен кездейсок табылады. Мұндай балалар «сүт көтере
алмай», емшектен ерте қалады. Ауыр түрлерінде кеселдің клиникалық белгілері туған соң-
ақ көрініс береді: туғандағы салмағы, әдетте, жоғары (5 кг-нан асады), көп мөлшерде
тұрақты құсу, кейде іш өтуі сүтпен қоректенген соң-ақ байқалады. Гипотрофия жылдам
өрбиді. Бала тамақтан қашады. Сарғаю ерте басталып, тіке билирубин мөлшері арытып,
бауыр ұлғаяды, кейде көлемі едәуір болады (бауыр циррозы). Көк бауыр шамалы үлкееді.
Беткейлі құрсақ веналары кеңейіп, асцит өрбуі ықтимал. Кейіннен хрусталиктің күңгірт-
тенуі (катаракта) қосылады. Галактоземия барысында протеинурия, гипераминоацидурия,
меллитурия (зәрмен түрлі қанттар бөлінуі) жиі байқалып, бұлар бүйрек бұзылысына
әкеледі. Кейде гемолитикалык анемия белгілері анықталады.
Диагнозы.
 
Кеселді анықтау мен ажырату диагнозын жүргізу кезінде (негізінен
құрсақішілік инфекциялар мен сарғаюдын басқа тектерімен) басты мән отбасылық
анамнез жинауға (сүт жақпау), биохимиялық сынақтар жүргізуге берілгені абзал.
Гипогликемияның галактоза жүктемесінен кейін көрініс табуы аурудың анық сипаты
болғанымен, бұл сынақ қауіпсіз саналмай, балаларда кең қолданыламауы тиіс.
Галактоземия диагнозында ең дәл тәсіл эритроциттерде Га 



Ф және Г 



ФУТ
белсенділігін анықтау болады. Қалыпты жағдайда эритроциттер массасының 1 мл-де 1-14
мкг Га-І-Ф
 
болса, галактоземияда оның мөлшері 400 мг/мл-ге дейін өседі. Эритроцит-
терде Га-І-ФУТ белсенділігі ауруда қалыптыдан 10 есе немесе одан да көп төмендейді
(қалыпта көрсеткіш 4,3-5,8 б/1г Нв 

Калькар әдісі бойынша). Қан мен зәрде галактозаның
жоғары деңгейін анықтауға да үлкен мән беріледі. Сау балаларда галактоза мөлшері қанда
776


0,2 г/л-ден, ал зәрде 0,25 г/л-ден аспаса, ауру қанында бұл көрсеткіш 1/л-ге дейін
көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   823   824   825   826   827   828   829   830   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет