Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет835/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   831   832   833   834   835   836   837   838   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Емі.
 
Физикалық даму көрсеткіштерін жақсарту мақсатында науқастарға карнитин
хлориді, соматотроптық гормон, жоғары белоктік энпит қолданылады. Жүрек-қантамыр
жүйесі мен паренхималық ағзалар жағдайын жақсарту үшін рибоксин, панангин, кальций
пангаматы, эссенциале форте тағайындалады. МПС емі кей елдерде медикаменттік
бағытпен дамиды. І тип Гурлер ауруын альдуразинмен (АКДІ) емдейді.
Емдік кешен құрамына бұзылған буындарға лидазамен электрофорез жасау,
магнитоем, парафин жапсыру, ЕДШ, уқалау кіреді. Көрсеткіштеріне қарай көз ағзалары,
жарықтарға хирургиялық ем қарастырылады. МПС емінде келешегі зор тәсіл бағдары
плазмаферез
болуы ықтимал. Ауру балалардың әлеуметтік үйлесіміне жеткілікті мән
берілуі тиіс.
Болжамы.
 
Өте жауапты. Кесел үдемелі ағыммен ерекшеленеді. Өлім жағдайы
респираторлық аурулар қосылуы, жүрек-қантамырлық жетіспеушілікке байланысты.
781


16.9. ГЛИКОЛИПИДОЗДАР
Бұл аурулар тобы гликолипидтер ыдырауы (цереброзид, ганглиозидтер) бұзылыс-
тарымен ерекшеленеді. Гликолипидтер 

церамид пен галактоза қосылыстарынан тұрады
және құрамында (ганглиозидтер) нейрамин қышқылы мен гексозаминдер бар ете күрделі
липоидтар. Осы қосылыстар метаболизмінің бұзылыстары түрлі тұқым қуалайтын
арурулар туғызады. Гликолипидоздар негізінен аутосомды-рецессивті жолмен беріледі,
бұл ереже тек Фабри синдромында өзгереді — мұнда ферменттік кемістік
 
Х-
хромосомасымен қиылысады.
Гликолипидоздар, цереброзидоздар (Гоше ауруы, Краббе ауруы), сульфатидоздар
(метахроматикалық лейкодистрофия), церамидолигодоздар (церамидлактозидлипоидоз,
Фабри синдромы), ганглиозидоздар: Тей-Сакс ауруы, Зандгофф-Яцкевич-Пильц ауруы,
Бернгеймер-Зайтельберг ауруы, интфантильдік ганглиоздың ІV 
типі,
Gm
1

ганглиозидоздары: Норман – Ландиг ауруы, Дерри ауруы) болып ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   831   832   833   834   835   836   837   838   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет