Чулицкая индексі – иықтың үш шеңбері + сан шеңбері + балтыр шеңбері - дене
ұзындығы (см). Бұл индекс 7 жасқа дейін анықталады. Бір жасқа дейін 25-20; 2-3 жаста 20;
6 -7 жаста 15-10. Бұл индекс баланың толықтығын сипаттайды.
1.2.5. ДЕНЕНІҢ БЕТІ Балалық шақтың барлық, әсіресе бірінші жылы, кезеңінде баланың денесінің беті 1
кг дене салмағына есептегенде, ересектермен салыстырғанда, үлкен болып келеді.
Мысалы, жаңа туған баланың 1 кг дене салмағына 0,06 м
2
келетін болса, ересектерде бұл
көрсеткіш тек қана 0,02 м
2
. Бұндай айырмашылық әсіресе шала және жетілмей туған
балалармен ересектерді салыстырғанда жоғары болып келеді.
Шамамен баланың денесінің бетін төмендегі формулалармен есептеп шығаруға
болады:
1 .
1,5 кг-нан 100 кг-ға дейін салмақты балалар үшін:
S =
S –
дене бетінің ауданы;
М – дене салмағы; алымындағы дене салмағы 0,25 кг-ға дейін, бөліміндегі салмағы 1
кг-ға дейін жинақталады.
2. Туғаннан 9 жасқа дейінгі бала үшін: Бір жасар баланың денесінің бетінің
ауданы 0,43м
2
; әрбір жетіспейтін айға осы көрсеткіштен 0,02м
2
шегеріледі; әрбір келесі
жасқа (жылға) 0,06м
2
қосылады.
3. 10 –
17 жасар бала үшін: Sм 2 =
S – денесінің бетінің ауданы,
N – жасы (жылмен есептелінеді).
4. Дене ұзындығымен салмағы көрсетілген нормограмма бойынша да денесінің
бетінің ауданын табуға болады.
Дененің әр бөлігінің бетінің ауданының қатынасы да жасына байланысты өзгеріп
отырады. Көбіне-көп бастың салыстырмалы бетінің ауданы өзгергіш келеді. Жаңа туған
баланың басына барлық дене бетінің 21% келетін болса, ересектердің басына 7,8% қана
келеді.
Дененің басқа бөліктері үшін бұл көрсеткіш өте төмен. Мысалы, жаңа туған баланың
тұлғасына 32% келетін болса, ересектерде – 35% болады, қолдарға 17 және 19%, аяқтарға
– 31 және 39% болып келеді.
Бір жастан асқан балалар үшін шамамен төмендегі қатынастардың көрсеткіштерін
(«Тоғыздық ережесі») қолдануға болады
(3 кесте ). 3 КЕСТЕ