Клиникалық тәжрибеде балалар жұқпалы ауруларын А.А. Колтыпин ұсынған
қағида бойынша түріне, ауырлығына, ағымына байланысты бөледі.
Аурулар түріне қарай типті немесе типті емес (атипті) болып бөлінеді. Типті
ау-
руларға осы ауруға тән алғашқы клиникалық белгілері мен синдромдары бар аурулар жа-
тады. Мысалы, көк жөтелдегі реприздер, шигеллездағы тенезмдер мен колиттік синдром.
Типті емес түріне алғашқы өзіне тән клиникалық белгілері жоқ түрлері жатады.
Бұл түрлері көмескі және инапарантты (субклиникалық) болып бөлінеді. Көмескі түрінде
клиникалық белгілері баяу пайда боладыда, тез жойылып кетеді. Мысалы, вирусты
гепатитте сарғыштық баяу пайда боладыда, 1-2 күнде тез жойылып кетеді.
Аурудың типті түрі ауырлығына қарай жеңіл, орташа ауыр, ауыр болып бөлінеді.
Жұқпалы аурудың ағымын оның сипатына және ұзақтығына қарай ажыратады.
Ағымы сипатына қарай тегіс, асқынбаған, қозу немесе қайталаусыз (рецидивсіз) немесе
тегіс емес, қайталап қозумен және асқынумен болуы мүмкін.
Аурулардың ағымының ұзақтығына байланысты жедел (1-3 айдан артық емес),
жеделдеу (4-6 айға дейін) және созылмалы (6 айдан ұзақ) болып бөлінеді. Қозу –
патологиялық процесстердің клиникалық белгілері баяулаған кезде осы ауруға тән
клиникалық белгелерінің қайта күшеюі. Рецидив (қайталау) – негізгі кешендік белгілер
жойылып кеткеннен кейін, олардың қайтадан көрініс беруі.
19.1. Қ Ы З Ы Л Ш А Қоздырғышы – РНК – вирус (polinosa Morbillivirus Paramyxoviridae), тұрақты антигендік қасиеті бар, өте ұшқыш, төзімсіз, қоршаған ортада тез өліп қалады. Инфекция ошағы : науқас адам катаральды кезеңінен (3-4 күннен бастап, бөртпелер
пайда болғанша) бастап бөртпеленудің 4-ші күніне дейін созылады.
Инфекцияның таралуы жолы : ауа-тамшы жолы. Қатынас индексі өте жоғары.
Жастан асқан және ересек балалар ауырады. Иммунитет тұрақты, өмір бойына сақталады.