Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет885/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   881   882   883   884   885   886   887   888   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Лабораториялық белгілер
: Қызылшада гемограммада лейкопения, нейтрофилез,
ЭТЖ-ның азды-көпті жоғарлауы байқалады.
Аурудың 2-ші күні және 14 күннен кейін жүргізілетін серологиялық зерттеулер
(комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), жылулық гемоаглютинация реакциясы
(ЖГАР) диагноз қоюға көмектеседі.
Үйде емдеу
. Төсектік режим, 7-10 күнге науқас жатқан бөлме қараңғыланып
қойлыады. Емдәм аяулы, көп мөлшерде жылы сусын беріледі. Көзі, мұрны, ауыз қуысы
жылы қайнатылған сумен тазаланып отырады.
Дәрі-дәрмектік ем
– белгілеріне сәйкес жүргізіледі. А, С витаминдерін тағайындаған
жөн. Антибактериальдық ем ерте жастағы балаларда бактериальдық асқыныуларға
болжам туындағанда қолданылады.
Аруханаға салуға көрсеткіштер
. Науқастардың ерте жаста және әлсіз күйде
болуында, ауыр және асқынулы түрлерінде ауруханаға жатқызылады. 
Эпидемияға қарсы шаралар
. Жұқпалы кезең бөртпелену кезеңнің 4-ші күні
аяқталады. Клиникалық сауығу 10 күннен кейін байқалады. Қызылшамен ауырғаннан
кейін бір ай бойына балалар мекемелеріне бармау ұсынылады. 
Дезинфекцияны
қажет етпейді. Пневмония мен энцефалитпен ауырған балалар
диспансерлік бақылауға алынады. Бір ай бойына профилактикалық егу болмайды. 
Науқасты барлық жұқпалы кезеңге оңашалу керек. Науқаспен қатынаста болған
адамдар 17 күннен бастап бөліктенеді.
Иммунизация 
1және 6 жаста қызылшалық тірі вакцинамен жүргізіледі. 
19.2. Ж Ә Н Ш А У
Қоздырғышы

А тобының β-гемолитикалық стрептококкы, сыртқы ортада
тұрақты болып келеді. 
Эпидемиолгиясы.
Инфекция ошағы ауырудың басталғанына 10 күнге дейінгі науқас
адам.
Жұқтыру жолдары
: ауа-тамшы, тұрмыстық-қатынас жолдары. Қатынастық индексі
жоғары емес. Жұғу қаупі стрептококктің вирулентілігіне және уыттылығына байланысты.
Көбіне 1-ден 7 жасқа дейінгі балалар ауырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   881   882   883   884   885   886   887   888   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет