Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет902/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   898   899   900   901   902   903   904   905   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Эпидемиологиясы.
Инфекция ошағы болып арудың типті және типті емес түрлерімен
ауыратын адамдар, алғашқы белгілері көрінген күннен бастап 4-5 апта бойына есептеледі. 
Инфекцияның жұғу жолдары:
ауа-тамшы жолы
. Қатынас индексі жоғары. Ауру
қаупі нәрестелік кезеңнен 5 жасқа дейін жоғары болып келеді. Иммунитет тұрақты, өмір
бойына созылады. 
Патогенез.
Қоздырғыш жоғары тыныс жолдарының кілегей қабатына түседіде,
көбейеді. Қоздырғыш бөлетін улар тыныс жолдарының рецепторларын қоздырадыда,
жөтелдің пайда болуына және ОНЖ-де доминанты типтес қозу ошағының пайда болуына
ықпал етеді. Осыған ұзақ уақыт кезкелген бейарнамалы қоздырғыштан кейін спастикалық
жөтелге дайындығы сақталып қалады. Спастикалық жөтелдің пайда болуында көкжөтел
микробының аллергиялық әсерінің маңызында болуы мүмкін.
Жіктелісі.
Түрі бойынша 
типті 
және
 типті емес
(көмескі және белгілерсіз) болады.
Ауырлық дәрежесі
.
Жеңіл, орташа ауыр, ауыр
болып бөлінеді.
Ағымы бойынша
тегіс (асқынбаған)
және
асқынған
(апноэ, мида қан айналым
бұзылыстары, эмфизема пневмотаркс). Сонымен қатар, асқынулары пневмонияны,
құрысуларды, энцефалитті қамтиды. 
Клиникалық белгілері
.
Инкубациялық кезең 6 күннен 20 күнге (жиі 7-10 күнге),
алғашқы немесе катаральды кезең 14 күнге дейін, ұстамалы жөтелдің пароксизмальды
және инспираторлы ентігу кезеңі 1 ай және оданда көп, сауығу кезеңі 1-2 апта (1-2 айда
болуы мүмкін) созылады. Ауру субфибрильді көрсеткіштерге дейін қызу көтерілуден,
шамалы тұмаудан, құрғақ жөтелден басталады. 2 апта ішінде күшее түседі. Аурудың келесі
кезеңінде жөтел пайда болады. Спазмды жөтелдің кезеңді (периодтық) бірінен соң бірі
келетін, екпінмен (толчок) жүретін және кезеңді (периодты) ауысып тұратын, қиналып дем
алумен, яғни қырылдаған дыбыс шығаратын, репризбен ауысып шырышты қақарықпен
немесе құсумен аяқталатын ерекше механизмі бар. Жөтел ұстамасы кезінде науқас
қиналып, беті қызарып, тілін трубка тірізді етіп бүктеп шығарып, склерасына қан
құйылып, кіші немесе/ және үлкен дәреті жүріп, құсып қатты қиналып қалады
(133
сурет).
Ұстамааралық кезеңде кеудесінің эмфизематозды кеңеюі, баланың мазасызданып,
қозғыштығы көңіл аударады. Ерте жастағы балаларда осы ауруға тән жөтел ұстамасы
реприз байқалмауы мүмкін, бірақ жөтел кезінде тынысы тоқтап қалып, апноэ байқалуы
соның аналогы болып есептеледі. Сауығу жөтел сирейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   898   899   900   901   902   903   904   905   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет