Эпидемиологиясы. Инфекция ошағы: науқастар мен вирусты тасымалдаушылар.
Тарау жолы: негізінен ауа-тамшы жолы, су-тағамдық, қатынастық-отбасылық, қан
құйғанда, мүшелер трансплантациясын жасағанда да берілуі мүмкін. Аурудың даму
мүмкіндігі жоғары. Бірақ инфекция жиі жасырын және белгісіз түрлерінде байқалатын
болғандықтан көбіне анықталмайды. Көбіне бір жасқа дейінгі балалар және жас ересек
адамдар отбасылық қатынастан ауырады. Иммунитеті тұрақты. Науқастың
айналасындағыларға жұқтыру мүмкіндігінің ұзақтығы анықталмаған. Науқас адам
шығаратын ауамен бірге вирусты бірнеше ай бойы шығара алады деп есептеледі.
Патогенезі. Вирус адам организміне
мұрынжұтқыншақ кілегей қабаты арқылы енеді.
Оның лимфоидты жүйеге тропизмі бар, лимфоциттерде бекітіледі. Вирус лимфа
түйіндеріне, бауырға, талаққа лимфогенді, гемотогенді жолмен еніп, бұл мүшелерде
гиперплазия процессі дамиды (полиаденит, гепатолиенальды синдром). Қанға түскен,
тіндік мононуклеарлар өзіндік гематологиялық көрініс береді. Бактериялық инфекция
(стафилококк, стрептококк) қосарлануы мүмкін.
Жіктелісі.
Түрі бойынша:
типті және типті емес (бір немесе бірнеше белгілерінің
болмауы, сарғыш түрі).
Ауырлық дәрежесі бойынша
: жеңіл, орташа ауыр дәрежелі, ауыр. Ағымының ұзақтығы бойынша
: жедел, жеделдеу, созылмалы. Ағымының сипаты бойынша
: тегіс немесе
асқынуымен – арнайы (гепатит,
энцефалит, талақтың жарылуы, бет нервінің салдануы) және
арнайы емес (бактериальдық
инфекцияның қосарлануы
. Клиникалық көрінісі. Аурудың ағымы айтарлықтай өзгерімпаз болып келеді: шама-
лы білінетін түрлерінен менингоэнцефалит, гепатит, агранулоцитоз, тромбоцитопения,
гемолитикалық анемия, орхит, миокардит, талақтың жарылуы байқалуы мүмкін ауыр түр-
леріне дейін. Инкубаиялық кезең 5 күннен 2 айға (әдетте 2-3 аптаға), бастапқы кезең 5
күнге дейін, айқын кезеңі 7 күнге, кері даму кезеңі 7 күнге созылады, ал реконвалесценсия
кезеңі жеке шешіледі.
Ару жалпы интоксикация синдромынан (әлсіздік, дене қызуынылық ем бактериялық
асқынулардан субфибрильді көрсеткіштерден жоғары деңгейге дейін көтерілуі) және жо-
ғары тыныс жолдарының катарльды синдромынан (тамағының ауруы, мұрынмен тыныс
алдуың ауырлауы, бетінің жоғары бөлігінің және қасының ісінуі) басталады. Жиі, мойын
лимфатүйіндерінің ұлғаюымен, бадамша бездерінде жабынды байқалып, мұрынмен тыныс
алу қиындап, дене қызуының 38-40
о
көтерілуімен білінеді. Науқастардың бауыры мен
талағының ұлғаюы (гепатолиенальды синдром), шеткі қанда типті емес мононуклеарлар
анықталады. Лимфатүйіндерінің басқа топтарының ұлғаюы 10-30 мм-ге болады.
Полиадения аурудың өзіне тән белгісі болып келеді. Экзентема арудың ағымының үшінші,
бесінші күндері пайда болады. Олар макулопапулезді, розеолезді петехиальды сипатты
болады. Ампициллин қабылдап жатқанда экзантеманың пайда болуы тән болып келеді.
Гемограммада лейкоцитоз, кеңплазмалы лимфоциттер, лимфомоноцитоз, типті емес
мононуклеарлар (10% -дан артық).
Арнайы
серологиялық реакциялар : Гофф-Бауэр, Пауль-Буннель. Полимеразды
тізбектік реакция вирусты анықтайды. Арнайы иммуноглобулиндердің М классын зерттеу.
7 күнде 1 рет қан трансаминазаларын, билирубинді тексереді.