1. 2 жасқа дейінгі балаға әр болған нәжістен кейін 50-100 мл, 2 жастан асқан балаларға
100-200 мл-ден глюкозотұз ертіндісін беру ұсынылады.
2. 6 сағат бойына, осының алдындағы 6 сағат бойына нәжіспен және құсықпен жоғалтқан
сұйықтық мөлшеріндей, глюкозотұз ертіндісін ішкізу ұсынылады.
Организмнің су балансы алғашқы 6 сағат ішінде қалыптаса бастауы маңызды болып
келеді. Егер олай болмаса, парентеральды регидратацияны бастау керек.
Парентеральды регидратация .
Венаға орташа молекулярлы плазмаалмастыру-
шылар (реополиглюкин) немесе плазма 10-20 мл/кг есебінен алғашқыда ағымды, содан
соң тез тамшылатып жібереді.
Содан соң натрий хлоридтің изотониялық ертіндісі глюкозаның 5% ертіндісіне
араластырылып (1 жасқа дейін 1:3, 1 жастан балаларға 1:2 қатынаста), сағатына 30 мл/кг
есебінен жіберіледі.
Диурез қалыптасқаннан кейін (сағатына 0,5 мл-ден артық), барлық енгізілетін ертін-
ділерге бірдей бөліп, тәулігіне 1,5 мл/кг есебінен 7,5% калий хлорид ертіндісін қосады.
Инфузиялық ем
кезінде әрбір 20 сайын қан қысымын, пульс жиілігін және дене
қызуын бақылап отырады. Науқастың жағдайы жақсарса регидратацияны ішкізу тәсілімен
аяқтауға болады.
Реалиментацияны баланың жасын және тамақтану түрін еске ала отырып
қалыптастырады.
Табиғи тамақтануда:
- біріншілік регидратация кезінде науқас баланы, қосымша тағамды емшек сүтімен ал-
мастыра отырып, немесе емшек сүтін бейімделген қоспамен жартылай сұйылтып,
емізе береді;
- 1-2 күн бойына, қосымшы тамақты алмастырған қоспаның сұйылтқан бөлігін, азайтады
- емдеудің 2-ші және 3-ші күндері, ауырмастан бұрын қабылдаған қосымша тамағын
қайта бере бастайды;
Жасанды тамақтандыруда :
- біріншілік регидратация кезінде баланы тамақтандырмайды, берілмеген тамақ мөлше-
рін сусын алмастырады;
-
біріншілік регидратацияны аяқтағаннан кейін барлық тамақтандыруда, ауырғанға дей-
ін ішкен қоспасын, үйреншікті режимде береді. Емдеудің бірінші күні әр тамақтанды-
руға, әдеттегі мөлшердің 1/3 бөлігін, қалған мөлшеріне (немесе сұйылтып) сусын
ішкізеді;
-
соңғы 2-3 күнде әр тамақтандыруда қоспаның мөлшерін біртіндеп, физиологиялық
мұқтаждығын сусынмен толтыра отырып, көбейтіп қалыпты деңгейге дейін жеткізеді;
-
3-4 күні әдеттегі үйренген қосымша тамағын береді.
Белгілеріне сәйкес ем
бұзылған функциялар сипатына байланысты жүргізіледі.
Жеңіл және орташа ауыр түрлерінде қолданылады:
- микроб жасушаларын, олардың токсиндерін және метаболикалық өнімдерін активсіз-
дендіретін және оларды байланыстыру қабылеті бар энтеросорбенттер (смекта, поли-
фепан, лактофильтрум) береді. Көрсетілген сорбенттердің, арнайы емес сорбенттер
(карболен, ионалмастыратын смолалар) қарағанда, ортада дизентерия, сальмонеллез
және кампилобактериоз қоздырғыштар концентарциясын селективті азайту қабылеті
бар және ішектің қалыпты флорасына ингибирлеуші әсер етпейді. Смектаны ½ - 1
пакеттен күніне 3 реттен 3-5 күн бойына қолданады;
- пробиотиктер, көпіршік басушылар, ферменттер, фитотерапия қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: