Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Этиотропты ем тағайындау көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет929/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   925   926   927   928   929   930   931   932   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Этиотропты ем тағайындау көрсеткіштері:
- аурудың ауыр және жайылған түрлерінде;
- ерте жастағы жағымсыз преморбидті фон байқалатын балаларға;
- «инвазивті» ішек инфекцияларында (дизентерия, сальмонллездерде, эшерихиоздарда,
кампилобактериозда, иерсиниозда):
858


• дизентерияда амоксициллин немесе аугментин, оральды цефалоспориндердің ІІ және
ІІІ ұрпақтарының өкілдерін, бактрим тағайындайды;
• токсикоз байқалатын сальмонеллезда жоғарыдағылармен қатар аминогликозидтер
қолданады;
• кампилобактериозда макролидтер (сумамед, клартромицин) пайдаланады;
• иерсиноз бен эшерихозда аминопенициллиндер (аугментин, амоксициллин) немесе
амингликозидтермен оральды цефалоспориндер қолданылады;
• ротавирустың тез немесе жеделдеу ағымында ішуге 5 күн бойына күніне 1 ампуладан
1 рет ротавирусқа қарсы иммуноглбуллин қолданған тиімді.
• кішкене балалар эшерихиозында ішуге бактрим немесе аминогликозидтер, эрсефурил,
энтерофурил берумен шектелуге болады;
• бірінші жылдықтағы балаларға ішек инфекциясында антистафилококкты пенициллин-
дердің (оксациллин, метициллин) бір өзін немесе амингликозидтермен қосарлап, ал
тиімсіз болса- ванкомицин+рифампицин тағайындауға болады.
Сауығуының негізгі критериялары:
-
дене қызуының қалыптасуы;
-
интоксикация белгілерінің болмауы
;
-
емдеу аяқталғаннан кейін 2-3
 
күнде нәжісінің қалыптасуы;
 
-
копрограмманың қалыптасуы;
-
бактериялық себулердің нәтижелерінің теріс болуы.
Этиологиясы анықталмаған жедел ішек инфекцияларында (бактериялық себудің
нәтижелері теріс болғанад) сауығуын бактериялық себумен дәлелдеу қажет емес.
Этиологиясы дәлелденген ішек инфекцияларында балалар мекемелеріне баруға тек толық
клиникалық сауығу байқалғанда және нәжістің бактерялық себу нәтижелері теріс болғанда
рұқсат етіледі. 
Ішек инфекцияларының алдын-алу жалпы гигиеналық және эпидемияға қарсы
шараларды қамтиды:
- инфекция ошағын анықтау және оқшаулау;
- күнделікті (ағымды) және қортынды дезинфекция;
- инфекцияны қабылдауын төмедету.
Науқасты және бактрия тасымалдаушыны үйде немесе ауруханада 14 күнге дейін
оқшаулайды, қатынаста болғандарды 7 күн бақылайды (дене қызуын өлшеу, нәжісін қарау,
нәжісін бактериялық себу). 
Ағымды (күнделікті) дезинфекцияны туысқандары барлық ауру кезеңінде жүргізеді. 
• Ыдыстар мен күтуге қолданылатын заттар бөлек бекітіліп беріледі және басқа от басы
мүшелерінің ыдыстарынан бөлектеп өңдейді. Ыдыстарды ағымды суда жуып, 15-30
минут бойына қайнатады немесе 1 сағатқа хлорлы известтің түссізденген 1%
еритіндісіне батырып қояды. Тамақ ішетін стөлді де осындай ертіндімен өңдеп, содан
соң ыссы сумен жуады.
• Ойыншықтар мен күтуге қолданылатын заттарды залалсыздандыру үшін күніне 2 рет
30-60 минутқа 1% түссіздендірілген хлорлы известь ертіндісіне немесе 3% хлорамин
ертіндісіне батырып қояды да кейін жуып, қайнатады.
• Нәжіс пен зәрді құрғақ хлорлы известь 1:5 қатынасында сеуіп, бір сағатқа қалдырады.
Содан соң канализацияға немесе әжетқанаға жібереді.
• Түбекті 3% хлорлы известь ертіндісімен өңдейді.
• Бөлмеде күнде ылғалды жинақтау жүргізеді. Еденді жуғанда суға хлорлы известтің
түссізденген ертіндісін немесе 3% хлорамин ертіндісін қосады. 
Қортынды дезинфекцияны науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін немесе науқас
толық сауығып кеткеннен кейін жүргізеді. Сонымен қатар жүргізіледі:
• төсек-орынды және іш киімді залалсыздандыруды 30 минут бойына сабын ертіндісіне
немесе хлораминнің 3% ертіндісіне батырып қояды.
• Сыртқы киімді жазылып кеткеннен кейін камералық дезинфекциядан өткіген дұрыс. 
859




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   925   926   927   928   929   930   931   932   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет