Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ДЕНЕ ҰЗЫНДЫҒЫ МЕН КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫН



Pdf көрінісі
бет100/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ДЕНЕ ҰЗЫНДЫҒЫ МЕН КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫН
АНЫҚТАУ
20
және
4 кестелер
бойынша жүргізіледі «өте жіңішке», «жіңішке», «ортадан тө-
мен», «орташа», «төменнен жоғары», «кең», «өте кең» деген терминдер қолданылады. Л.
атты ер бала 
19 кесте
бойынша кеуде қуысының шеңберінің дене ұзындығына қатынасы
бойынша «орташа», ал қыз бала Н. 
 23 кесте
бойынша «орташадан жоғары» бағаналады.
ДДҰ ұсынған антропометриялық стандарттарда жас арасының стандарттарында ер
балаларда 145 см-ге дене ұзындығы қолданса, қыз балаларда 137 см дене ұзындығы
қолданылады. Сондықтан центильдік кестелерде дене салмағын ұзындығы бойынша
бағалау үшін дене ұзындығы 140–145 см-ге дейін ғана берілген. Одан үлкен мектеп
жасындағы балалар ересек адамдар үшін қолданылатын коэффициент, яғни, дене салмағы
индексі (ДСИ) немесе «Кетле-2 индексі» қолданылады.
Дене салмағы, (кг)
ДСИ = ————----------------
Дене ұзындығы (м 
2
)


25 КЕСТЕ 
1-19 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЕР БАЛАЛАРДЫҢ КЕТЛЕ-2 ИНДЕКСІ
(Юрьев В.В., 2003)
Жасы
Ц Е Н Т И Л Ь Д Е Р
3
10
25
50
75
90
97
1 жас
2 жас
3 жас
4 жас
5 жас
6 жас
7 жас
8 жас
9 жас
10 жас
11 жас
12 жас
13 жас
14 жас
15 жас
16 жас
17 жас
18 жас
19 жас
13,83
13,58
13,36
13,18
13,08
12,92
12,98
13,19
13,44
13,69
14,01
14,41
14,82
15,35
16,02
16,63
17,3 3
17,99
18,59
14,88
14,53
14,24
14,04
13,85
13,73
13,72
13,78
14,07
14,35
14,75
15,25
15,82
16,42
17,21
17,96
18,82
19,66
20,47
15,84
15,42
15,02
14,72
14,57
14,51
14,58
14,81
15,14
15,48
15,84
16,34
16,85
17,46
18,23
19,08
20,16
21,28
22,25
16,71
16,21
15,72
15,42
15,34
15,28
15,36
15,76
16,18
16,68
17,23
17,86
18,48
19,16
20,05
20,98
22,04
23,16
24,08
17,67
17,12
16,58
16,21
16,03
16,08
16,29
16,71
17,31
17,93
18,54
19,14
19,76
20,63
21,62
22,64
23,66
24,73
25,57
18,64
17,96
17,41
17,05
16,92
17,05
17,43
17,93
18,67
19,32
20,09
21,02
21,86
22,88
23,82
24,71
25,59
26,51
27,29
20,05
19,27
18,54
18,04
17,93
18,22
18,85
19,63
20,63
21,62
22,54
23,42
24,25
25,12
25,88
26,69
27,37
28,13
28,84
26 КЕСТЕ
1-19 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ КЕТЛЕ-2 ИНДЕКСІ
(Юрьев В.В., 2003)
ЖАСЫ
Ц Е Н Т И Л Д Е Р
3
10
25
50
75
90
97
1 жас
2 жас
3 жас
4 жас
5 жас
6 жас
7 жас
8 жас
9 жас
10 жас
11 жас
12 жас
13 жас
14 жас
15 жас
16 жас
17 жас
18 жас
19 жас
13,98
13,52
13,01
12,75
12,58
12,56
12,64
12,82
13,08
13,35
13,69
14,03
14,49
14,98
15,52
16,01
16,47
16,87
17,16
14,61
14,18
13,87
13,59
13,38
13,27
13,27
13,48
13,77
14,04
14,41
14,83
15,33
15,82
16,34
16,79
17,16
17,53
17,87
15,77
15,19
14,69
14,33
14,09
14,03
14,14
14,35
14,67
15,01
15,39
15,89
16,44
17,03
17,52
17,98
18,32
18,64
18,96
16,51
16,05
15,48
15,15
15,12
15,08
15,20
15,36
15,62
15,98
16,65
17,36
18,16
18,96
19,59
20,22
20,39
20,68
20,99
17,53
16,98
16,32
15,86
15,71
15,72
15,78
16,18
16,75
17,37
18,03
18,81
19,54
20,31
20,97
21,55
21,89
22,16
22,34
18,62
18,08
17,57
17,15
16,91
16,87
17,05
17,54
18,14
18,88
19,65
20,47
21,15
21,97
22,61
23,19
23,69
24,14
24,49
19,52
18,92
18,53
18,28
18,19
18,38
18,75
19,33
20,33
21,13
22,08
23,08
24,12
25,15
26,15
27,03
27,63
28,16
28,56
1.2.10. ДЕНЕ ДАМУЫНЫҢ АУЫТҚУЛАРЫ


Алыптық (Гигантизм)
– өсу гормондары жас кезінен бастап шамадан тыс
бөлінгенде дамудың қатты үдеуінен пайда болатын науқас. Антропометриялық
керсеткіштер қалыпты жағдайдан бірнеше есе асып кетуі мүмкін.
Акромегалия
– дененің шекті бөліктерінің (қол, аяқ, мұрын, жақтар) үлкеюі,
сонымен қатар сүйектердің периостальдық өсуі, жұмсақ тіндердің (тканьдердің) және ішкі
ағзалардың массасының ұлғаюы. Жарым-жарты немесе порциальды алыптық жұмсақ
және сұйық тіндердің ұлғаюына байланысты дененің кейбір бөліктерінің үлкеюі. Өсу
гормондарының ересек кезеңде шамадан тыс бөлінуі байқалғанда анықталады.
Нанизм
– дене өсуінің тоқтап қалуы. Дене ұзындығы жасына байланысты тиісті
мөлшерінен 40 %-дан артық кем болса, нанизм деп атайды.
Ергежейлік
– дене ұзындығы 120–130 м-ден аспайтын ересек адамдарды атайды.
Дене ұзындығы жасына байланысты тиісті көрсеткіштерімен салыстырғанда, 20%-дан
артық кем болады. Ал, 40%-дан асса – нанизм болады. Нанизмнің бірнеше түрі болады: 
1.
Церебральды - гипофизарлық нанизм.
2.
Гипотиреоидтық
 
(қалқанша бездің жұмысының төмендеуіне байланысты) нанизм.
Нанизмнің себептері өте көп: іште пайда болып туған сүйек аурулары (хондродист-
рофия, мешелдің барлық түрлері, сапасыз остогенез); тамақтандыруға байланысты және
зат алмасуының ауытқулары, қан айналысының ауытқулары, эндокриндік ауытқулар және
тағы басқа.
1.3. НЕРВ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЕРВТІК-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ
Баланың өмірі, өсуі мен дамуы оның жарық дүниеге келген күнінен басталмайды,
ұрықтана бастаған кезінен басталады. Орталық нерв жүйесінің дұрыс қалыптасуы және
оның одан кейінгі әрекеттері негізінен көптеген әсерлерге, соның ішінде ұрықтың даму
жағдайына байланысты.
Дәрігер практикалық ісінде ми мен жұлынның даму кезінде қандай негізгі
сатылардың өтетінін дәл біліп, оның қандай өлшемдері қалыпты жағдайға, қайсысы
патологияға жататынын айыра білуі қажет.
1.3.1. НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Эмбрион 
мен ұрықтық миының дамуын әдетте 3 сатыға бөледі. 
Бірінші саты: 
Ұрықтық кезеңнің бірінші триместрі.
Нерв жүйесіні алғашқы белгілері 3-ші аптада пайда болады. Алғашқыда ол
пластинка сияқты болып ұрықтың арқа жағында орналасады. Жиектері қосылғаннан кейін
пластинка нерв түтігіне (трубкасына) айналады, оның алдыңғы жағы бірінен соң бірі үшке
бөлінеді. Олар ми көпіршіктері деп аталады. Жақын арада алдыңғы және артқы көпіршік-
тер ортасынан бөлінеді де, бес ми көпіршіктері пайда болады. Алдыңғы ми көпіршігі мен
ми жарты шарларында, 2-ші аралық мида, 3-ші көпіршік-орталық мида, 4-ші – Варолиев
көпірінде және мишықта, 5-ші сопақша мида орналасады. Ұрыктық нерв жүйесі тез өседі.
2-ші айдың басында ми мен жұлынның барлық бөліктері қалыптасып үлгереді. Мидың
жарты шарларының құрылысы өте тез өсіп жетіледі. Қатпарлары пайда болып, қыртыс-
қабаттары жекелене бастайды. Құйырықты ядро мен қауаз (скорлупа), көру бұдыры мен
ішкі капсула бөлінеді, мишык қалыптасып, қан тамырлары жетіле бастайды.
Екінші сатысы
– ұрықтық кезеңнің екінші триместрі. Бұл кезеңде құрылымдар
(структуралар) өте тез өсіп, морфологиялық жіктеледі. 6-шы айда ұрықтың мидың сыртқы
көрінісі ересек адамның миына ұқсас болып келеді. Бұл сатының ерекшелігі – ішкі
қуыстары мен мидың сыртқы қабаттарының аралығында байланыс пайда болады,
вестибулярлық аппаратының құрылыстық (морфологиялық) және әрекеттік (функция-лық)
жетілуі, пирамидалық жолдардың миеленизациялану процесі басталады.


Үшінші сатысы
– ұрықтық кезеңнің үшінші триместрін қамтиды. Мидың бүкіл
бөліктері тез өсіп, мидың жарты шарларының қатпалары мен сайлары (бороздалары)
тереңденіп, күрделенеді. Ми қабатында клеткалық жіктелу басталады, пирамидалық
жолдардың миеленизациясының алғашқы белгілері пайда болып, ми қанмен қоректенуге
көшеді. Мидың тез өсуіне байланысты (басқа мүшелер мен жүйелер сияқты) қалыптасуы-
ның қауыпты кезеңдері болады: ұрықтанудың 7–8 күні, 3–13 аптада мүшенің толық жүйе
түрінде қалыптасуы, және 18–22 аптада – мидың биоэлектрлік жұмысы мен бейнелістік
(рефлекстік) реакцияларында салалы өзгерістер жүреді. Осы кезеңдерде қатерлі фактор-
лардың әсері етуі орталық нерв жүйесінің әртүрлі уытқуларына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нерв жүйесінің кейбір бөліктері туған күнінен бастап жетілген болып келеді, ол ересек
адамдардың жүйке жүйесіне ұқсауы мүмкін, және, керісінше, мидың кейбір құрылымдары
(структуралары) тек қана туғаннан кейін жедел дами бастайды.
Жаңа туған нәрестенің миы үлкен, аумақты болып келеді. Салалары мен қатпалары
ірі болады, бірақ аласа және тайыз болып келеді. Ұсақ қатпарлар негізінен сәби туғаннан
кейін пайда болады. Маңдайлық бөлігінің көлемі үлкен кісінікімен салыстырғанда көп
кіші, ал желкелік бөлігі, керісінше, үлкен. Мишық әлсіз дамыған, жұқа болады, жарты
мидың көлемі кішкентай және жоғарғы қатпарлары да сондай болып келеді. Бүйір
қарыншалары өте үлкен, кең болады.
Жаңа туған нәрестенің миының сұр заты ақ заттан нашар бөлінген, яғни нерв клетка-
лары негізінен ақ затта орналасады. Жасқа байланысты орналасу топографиясы, түрі,
салалардың, қатпарлардың саны мен көлемі өзгереді. Әсіресе, бұл процесстер алғашқы
бірінші жылда қарқынды жүреді. Сонымен, мидың жарты шарларының аумағы 10–11
жасқа келгенде 1,2 есе, сайлардың ұзындығы 2 есе, қабық көлемі 3,5 есе үлкейеді екен.
Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым нерв жүйесінің өсу қарқыны тез жүреді. Әсіресе,
бірінші 3 айда өте тез өседі. Нерв клеткаларының жіктелуі 3 жасқа дейін жүреді, ал мидың
қабығы 8 жаста құрылысы бойынша ересек адамның ми қабығына ұқсас болады.
Миеленизациялану процесі ұрықтық кезеңнің 4-ші айында басталғанмен бір
қалыпты жүрмейді. Миелин қабығы онтофилогенетикалық неғұрлым ескі кұрылымдардың
маңынан пайда болады. Яғни, төменгі (қозғалыс) жолдарының миеленизациялануы тек 6-
шы айда басталса, ал пирамидалық жолдардың миелин талшықтары 9-шы айда пайда
болады. Өте тез миеленизациялану туғаннан кейінгі 1 жылдың аяғы мен 2-ші жылдын
басында, бала жүре бастаған кезде, жүреді. Негізінен миеленизациялану процесі 3–5 жаста
тоқтайды. Бірақ одан кейін де, мидың кейбір талшықтары миелин қабатына оралмай
қалуы мүмкін. Яғни, ересек кезде ғана толық миеленизация тоқтайды екен. Мысалы:
тангенциальды жолдардың миеленизациясы 30–40 жаста тоқтайды. Миеленизациялану
процесі аяқталмай қалса, қозу жылдамдығының нерв талшықтары арқылы өтуі де өте
төмен болады.
Ми қабықтары пайда болған кезде ми қарыншалары да қалыптаса бастайды. Оң және
сол мидың жарты шарларында І және II қарыншалар анықталады. (Бүйірлі, сопақша мида
– ІІІ қарынша). Орталық мидағы қуыстар каналға, 

жүргізгішке (сильвив) айналады.
Нерв жүйесінің даму барысында мидың құрамында да әжептәуір өзгерістер болады
(27 кесте).
Судың мөлшері азайып, белок, нуклеин қышқылы, липопротеидтер ми
құрамында кө-бейеді. Липопротеидтердің көбеюі тек мидың ақ затында байқалады. Ол
ондағы жүріп жатқан миеленизацияланудың 50%-ын құрайды. Бірінші жылы мидың ақ
затында липидтің жалпы мөлшері 3 есе, церебрезидтер 10 есе артады. Ал, лецитиннің
мөлшері негізінен өзгермейді. Баланың өсу барысында ми тканінде белоктың жиналу
процесі одан әрі жүре береді.
Ұрықтық кезеңнің 1–2 айында ми қарыншаларының қуысында маңызды құрылымдар
– тамыр өрімдері пайда болады. Тамыр өрімдері белгілі бір ретте қалыптасады.
27 КЕСТЕ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет