Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАРДЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МИДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ



Pdf көрінісі
бет101/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МИДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
(салмағының пайызы есебінен)
(А. В. Мазурин, И. М. Воронцов, 1985)
Құрамы
Ұрық
Емшек жасындағы балалар
III ай
VII ай
I ай
3 ай
8 ай
ересек
адамдар
Су
Құрғақ қалдық
Майлар
Фосфатидтер
Сульфатидтер
Цереброзидтер
Холестерин
Белоктар
91,93
8,09
1,78
1,04
0,16
0
0,58
3,77
90,56
9,44
2,48
1,24
0,27
0,015
0,97
3,98
88,09
11,91
3,71
1,91
0,25
0,02
1,53
4,57
87,03
12,97
4,24
1,74
0,5
0,3
1,7
5,29
85,81
14,19
6,07
3,17
0,5
0,49
0,91
6,09
77,32
22,68
12,44
5,68
1,84
1,29
3,63
8,03
Эмбрионның ұрықтың кезеңінде 1-ші айда, әуелі III–IV, содан соң бүйірлі қарынша-
ларда өрімдер пайда болады. Олардың негізгі әрекеті жұлын сұйығын (ликвор) өндіру. Бұл
сұйық алғашқы күндердің өзінде жетіліп келе жатқан мидың қуыстарын толтырып тұрады.
5 айға дейін мидың бүкіл қуыстары тұйық жүйе түрінде болады да,
«физиология-
лық гидроцефалияның» 
пайда болуына әсерін тигізеді. Тек 5–6 айда 3-ші тесік (Мажан-
ды және Лушки) пайда болғаннан кейін, ликвор мидың сырткы бетіне тарала бастайды.
Мидың 3 қабығы болады: қатты (durа mаtег), торлы (аrасһnоіdа) және жұмсақ (ріа
mаtег). Жаңа туған сәбиде мидың қатты қабығы жұқа, бас сүйек негізінін сүйектеріне
жабысқан болып келеді. Ересек адамдармен салыстырғанда көк тамыр қуыстары жұқа
қабатты және жіңішкелеу. Жұмсақ және торлы қабықтары өте жұқа, субдуральды,
субарохноидальды кеңістіктер кішкене болады.
Жұлын бойында екі жуандау жері болады – біреуі мойын, екіншісі бел бөлігінде. Осы
жерлерден көптеген қуатты түбірлер шығады. Олар кол мен аяқтың шеттік нервтерін
құрайды. Жұлында, ми сияқты, 3 қабықпен оралған. Ұрықтың 4-ші айлығында жұлынның
әрбір сегменті алдыңғы және артқы түбірлер жұбымен аттас омыртқаның тұсына сәйкес
келеді, ал жұлын жұлын каналында орналасады. Оның түбірлері омыртқалар арасында
тесіктен түбірлер түзеп шығады. Ұрықтың, ал кейін баланың өсуіне байланысты, жұлын
каналы, жұлынға қарағанда, тезірек өседі. Сонымен қатар, жұлын сегменттері мен
омыртқалардың қалпы әжептәуір өзгерістерге ұшырайды. Жаңа туған сәбидің жұлыны III
бел омыртқаның төменгі жиегіне жетеді, ал ересек кісінікі – II бел омыртқаның жоғарғы
жиегінің тұсында орналасады. Бірақ, түбірлер бұрынғысынша омыртқа аралық
тесіктерден шығатын болғандықтан, осыған сәйкес түбірлердің бөлінген жері мен омыртқа
каналынан шығатын жерге дейінгі жолы ұзарады (әсіресе төменгі бел, сегізкөз бөлігінде).
Бұл жерде ол «ат құйрығын» (Саudа еguіnа) түзейді.
Жұлынның салмағы және басқа мөлшерлерінің арту қарқыны, миға қарағанда,
жәйлау болып келеді 
(28 кесте).
 28 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет