ЖҰЛЫН СҰЙЫҒЫНЫҢ (ЛИКВОРДЫҢ) ӘР ЖАСТАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көрсеткіштер
Баланың жасы
14 күнге дейін
14 күннен
3 айға дейін
4–6 ай
6 ай – үлкен
балалар
Түрі және
тұнықтығы
Жиі ксантохромды,
мөлдір, қан аралас
Түссіз,
мөлдір
Түссіз,
мөлдір
Түссіз,
мөлдір
Белок г/л
0,4—0,8
0,2—0,5
0,18—0,36
0,16—0,24
Цитоз (мкл)
3/3—30/3
3/3—25/3
3/3—20/3
3/3—10/3
Клетка түрі
Негізінен лимфоциттер
нейтрофилдер
Негізінен
лимфоциттер
Лимфоциттер Лимфоциттер
Панди
тексермесі
+ тен + ке дейін
+ дейін
сиректеу
—
Қант (м/моль)
1,7—3,9
2,2—3,9
2,2—3,9
2,2—4,4
Ликвордың ерекшелігі – оның құрамындағы белоктық заттар өте жоғары
концентрацияда, үлкен адамдардікінен шамамен 20 есе жоғары болады.
29 кестеде көрсетілгендей ликвор мөлдір болып келеді. Егер 1 мкл ликвордағы цитоз
(клетка саны) 600-ден арытса, ликвор лайланады. Жұлында цитоздың (клеткалардың)
көбеюі
плеоцитоз
деп аталады. Бұндай өзгеріс ірінді менингитте байқалады. Ликвордағы
қан кездейсоқ болса, ликвор жарты сағаттай пробиркада тұрғанда, 2–3 қабатқа бөлінеді.
Ең үстіңгі қабаты мөлдір және таза болады. Ал, миға немесе оның қабығына қан құйылған
жағдайда, ликвор қабатқа бөлінсе де, қоңырлау түсін сақтап қалады.
Сонымен қатар, жұлын суын биохимиялық, бактериологиялық, вирусологиялық,
иммунологиялық зерттеуден өткізеді.
Бала өмірге келген қарсаңында мидың тамыр жүйесі ересек адамдардікіне сырттай
ұксас болады. Ми қанмен 4 артерия жүйесімен қамтамасыз етіледі. 2-уі ішкі ұйқы
артериясы және 2 омыртқа артериясы. Сол жақ ми қан тамырларымен жақсырак
қамтамасыз етілген, себебі сол ұйқы артериясы қолқа доғасынан бөлінеді. Ересек
адамдарға қарағанда, ұрық пен жаңа туған сәбидің ми бетіндегі тамыр ұштастары
(анастомоздар) саны көп болады.
Өмірінің бірінші жылы еңбегі жабылғанға дейін, еңбегі жабылғаннан кейінгімен
салыстырғанда, мидағы қан айналу өзгеше болады. Сәбидің миы қатаймаған бас сүйекпен
бірге солқылдап, қозғалып тұрады (мидың тамыр соғысы). Ол тыныс және жүректің түрткі
соғысымен сәйкес келеді. Ми тамырларындағы бір қалыпты қан ағысы тамырлардың иілу
ерекшеліктеріне (сифондарға) байланысты, бұл иілістер қанның түрткі тамыр соғысының
күшін азайтып, мидың бетіне бірқалыпты таратылуына жағдай жасайды.
Мидың көк тамыр (веналық) жүйесінің ерекшелігі, ол ми көк тамырларының тікелей
көк тамыр үңгірінен өтуі. Көк тамыр үңгірлері мидың қатты қабығының қуыстарынан
(дупликатураларынан) жасалынады. Олардың көк тамырдан айырмашылығы қабырғалары
қатты, тығыз, қуысы ашық болады.
Көк тамыр үңгірлерінің осындай құрылысы бас сүйегінің ішіндегі қанның тез және
бос өтуіне ықпал жасайды. Дегенмен, үңгірлердің дұрыс жабылмауы (қысқармауы)
қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бас сүйегінің тамырларымен
қоса зақымдалуы.
Баланың қимыл-қозғалысының, оның жүйке іс-әрекетінің дамуы негізінде күрделі
нервтік процестер жатады. Олар тікелей ОНЖ-нің, оның жоғарғы бөлігі – мидың үлкен
жарты шарының қабығының қатысуымен жүреді.
Жаңа туған кезден бастап баланың үлкен жарты шарының қабаты сыртқы, ішкі
тітіркендіргіштерге қарсы шартты реакциялар беруге дайын болады, бірақ бұл кезеңде
шартты бейнелістер өте шектелген масштабта өтеді. Бұл түсінікті де, себебі жаңа туған
сәбидің көп уақыты ұйқымен өтеді. Әдетте, жаңа туған сәбидің үлкен жарты шарының
қабаты үшін сыртқы тітіркендіргіштер өте күшті болып есептелінеді, сондықтан сыртқы
тітіркендіргіштер әсерінен ол тез шаршайды, қозуы, тітіркенуі төмендейді және бала тез
физиологиялық ұйқыға кетеді.
Жаңа туған сәбиді және емшектегі бала нашар қозғалғандықтан және ми қабаты
жеткіліксіз жіктелгендіктен олардың сыртқы қабатты иннервациясының жоғары
қозғыштыққа және төменгі жатқан деңгейге таралып жайылатын (генерализациялық)
тітіркену мен іркілуге бейімділік байқалады. Сондықтан, осы жаста күшті тітіркенгенде
тырысу жеңіл пайда болады, ал жәй тітіркенгенде – физиологиялық ұйқы пайда болады.
Дүниеге жаңа келген нәрестеде көптеген шартсыз бейнелістер байқалады. Оларды
бірнеше үлкен топтарға (түрге) бөлуге болады: тұрақты, өмір бойы байқалатын
автоматизмдер, өзіне тән қимылдың (қозғалыс) анализаторларының дамуының деңгейінің
өзіне тән жағдайын білдіретін және болашақта жійылып кететін өткінші (транзиторлы),
қалдықты (рудиментті) бейнелістер; туылған кезден бастап пайда бола бастайтын,
сондықтан, кейде байқалмаулары да мүмкін бейнелістер немесе автоматизмдер.
Бірінші топқа көздің мүйіздік қабағының, коньюктивалық, жұтқыншақ, жұту, аяқ-
қолдың, сіңір, қабақ үсті (орбикулопальпебральды) бейнелістер жатады.
Екінші топта ауыз (оральды) сегментарлы автоматизмдері (сору, іздеу, қабу және
алақан-ауыз), жұлын сегментарлы автоматизмдері (ұстау, МОРО, тіреу, автоматты жүру,
еңбектеу, Галант, Перес), жұлын мен мидың қалпын сақтау бейнелістері (лабиринтті,
ассимметриялық және симметриялық мойынның қалып сақтау) жатады.
Үшінші топқа орталық мидан келетін дененің қалпын ұстау автоматизмдері
(лабиринтті, жәй және тізбекті жайын және тұлға бейнелістері) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |