1.3.2. ЖҮЙКЕ-ІС ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ Бір жасқа дейінгі баланың жүйке-іс әрекеттерінің (нерв-психикалық) даму деңгейін
бағалау үшін арнайы бағалау кестелері
(27 кесте) пайдаланылады. Онда көру (Бк), есту
(Бе) әрекеттері, сезім билеу-эмоция
(Э), дененің жалпы қозғалысы (Қж), қолдың
қозғалысы мен жұмысы (Ққ), күн тәртібіне байланысты процестер және оны игеру (И)
қабілетінің пайда болатын мерзімдері көрсетілген. 6 айға дейінгі баланың дамуын тексеру
үшін, сөз түсінуінің дамуына байланысты жолдардан басқалардың бәрі колданылады. 6
аймен 1 жас аралығында сезім билеу (эмоция), қол қозғалысы емес, заттарды ұстауға
икемділігі бағаланады.
Жаңа туылған нәрестенің төсектегі қалпы (жатысы) бағаланады. Нәрестенің қалыпты
қалпы төмендегідей: алғашқы айларында аяқ-қолдарын денесіне тартып, бүгіп жатады.
Себебі, бүгілдіргіш бұлшық еттердің тонусы жаңа туылған балаларда шамадан тыс
дамыған.
Жүйке-іс әрекеттерін бағалау үшін төмендегідей зерттеулер жүргізеді.
ҚОЗҒАЛЫС ТҮРІ. Статика және моторика. Алдымен тек қандай қозғалыстар бар
екендігін бағалайды. Егер 1 жасқа дейінгі бала болса, оны шалқасынан, етпетінен,
қырынан жатқандағы қимылдарын, еңбектеуін, ойыншықтармен ойнауын және т. б.
қимылдарын бақылайды. Барлық, әсіресе қолдағы буындардың, пассивтік және активтік
қимылдарын тексереді.
Бұлшық ет күші (тонусы). Жәй қалыпты жағдайда тексереді.
Еріксіз қозғалыстар. Жаңа туылған балада 2-3 айға дейін атетоидтық (саусақтардың
бір қалыпты қалтырауы) қимылдар байқалады.
Физиологиялық рефлекстер (бейнелістер). 1
жасқа дейін: Баланың қозғалысы
бейнеліс түрінде болады, ол бейнелістер қимыл қозғалысының негізін қалайды да, кейін
жоқ болыц кетеді. Ол бейнелістер алғашқы 2-4 айдан кейін анықтала-тын болса ауытқу
(патология) болып есептелінеді.