Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет218/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

77 сурет
Ұйқы безінің аурула-
рында байқалатын ауру
нүктелері: С – Джарден
нуктесі, О – Мейо-Робсон
нуктесі,
СО – безді пальпациялау
сызығы;
а, в, с
 –
Шоффар аймағы
(Үшбұрышы).
236


(сантиметрмен), консистенциясы (жұмсақ, қатты), бетінің сипаты (тегіс, бұдыр),
қозғалғыштығы (ығысуы), пальпациялағанда ауырсынуы және қорылдауы. 
Ауру төсекте беткі пальпация жасағандағы қалыпта жатады. Аяғы тізесінен, табаны
төсекке толық тиіп тұратындай болып, бүгілуі корек. Сонымен қатар, терең пальпация
жүргізу үшін ішкі мүшелердің іштің сыртқы бетіне проекциясын жақсы білу керек
(78
сурет).
Сол қабырға асты. 
Асқазанның кардиальды бөлігі, ұйқы безінің құйрығы, талақ, тоқ
ішектің сол иіні, солжақ бүйректің жоғары ұшы.
Эпигастральды аймақ. 
Асқазан, 12-сақиналы ішек, ұйқы безінің денесі, бауырдың
сол жақ бөлігі.
Оң қабырға асты.
Бауырдың оң жақ бөлігі, өт қабы, тоқ ішектің, оң бүйректің
жоғарғы ұшы.
Оң және сол жақ аймақтар.
Қай жағы екеніне сәйкес тоқ ішектің өрме және
төмендеген тоқ ішектер, оң және сол бүйректің төменгі ұштары, ащы ішектің тұзақтары.
Кіндік аймағы
. Ащы ішектің тұзақтары, көлденең тоқ ішек, 12-сақиналы ішектің
төменгі горизонтальды бөлігі, бүйректердің қақпалары, несепағарлар.
 
Сол мыкын аймағы. 
Сигма тәрізді ішек, сол несепағар.
Қасаға үсті аймағы. 
Ащы ішек тұзақтары, несеп қабы (қуық).
78 сурет.
Іштің алдыңғы бетіне ішкі
79 сурет
.
Сигма тәріздес ішекті 
мүшелердің проекциясы. пальпациялау
.
Оң мықын аймағы.
Соқыр ішек (бүйен), мықын ішегінің соңғы (терминальды)
бөлігі, құрт тәрізді өсінді, оң несепағар.
Батыра терең пальпациялау төмендегі ретпен жүргізіледі: сигма тәрізді ішек, бүйен,
өрме, тік ішек, мықын ішектің шеткі бөлімі және құрт тәріздес өсінді. Осыдан кейін
көлденең тоқ ішек және қарын пальпацияланады.
Сигма тәрізді ішектің сипау іш қуысындағы мүшелерді батыра сипаудың алғашқы
сатысы болып саналады. Сипайтын қолдың саусақтары сол мықында орналасқан сигма
тәріздес ішекке перпендикулярлы орналасады
(79 сурет).
Науқас демін ішіне тартқан
кезде теріні жиырып, сырттан ішке және төменнен жоғары қарай жәйлап батырып
жылжиды. Демін шығарған кезде саусақтарды бар мүмкіндігінше төмен қарай батыра
түскен кезде, саусақтар іш бетінің алдыңғы қабатының терісімен бірге ішектің үстінен
өтеді.
Сигма тәріздес ішекті сипалағанда, оның тығыздығын, сезімталдығын, түрін,
серпінділігін, қозғалғыштығын, жуандығын анықтайды.
237


Сигма тәріздес ішек 92-95 % балаларда жақсы білінеді. Ішекті дұрыс сипалауға
науқастың сезімталдығы, ішті еркін ұстауы, сонымен қатар сигма тәріздес ішектің өте
қозғалғыштығы кеселдік етеді.
Бұндай жағдайда оқтын-оқтын ауру, іші қату, ішектің кебуі, анорексия және арықтау
сияқты белгілер пайда болады.
Сигма тәріздес ішек-перисигмоидитте немесе оның шажырқайы қысқа болғанда
нашар қозғалады.
Бүйенді пальпациялау оң жақ мықыннан басталады. Мұны сипау әдісі сигманы
зерттеумен ұқсас. Бүйеннің қозғалыстағы мөлшері бірнеше сантиметрге жетеді. Кейде
бүйеннің өз орнында орналаспауы мүмкін (ішектің ротациясы толық аяқталмаған кезде).
Бүйенді пальпациялаудан кейін ретімен мықын ішектің шеткі бөлімін зерттеу керек.
Іш прессінің тартылып тұруына байланысты аш ішектің басқа бөлімдерін зерттеу қиынға
соғады. Дегенмен, ерте жастағы балалардың іш бетінің алдыңғы қабаты жұқа
болғандықтан ащы ішекті пальпация жасауға мүмкіндік туады. Дәрігер саусақтарын доғал
тәріздес иіп, іштен сыртқа, жоғарыдан төмен қарай батыра сипайды.
Ішектердің айналуы (ротациясы) толық аяқталмаған кезде, бүйен ішек тиісті орында
орналаспайды да, іштің оң жақ бөлігі оқтын-оқтын түйіліп ауыруы мүмкін (туа біткен
қысқа шажырқайлы ішек). Бүйеннің серозды және кілегей қабаттары қабынған жағдайда
(тұмау, дизентерия, туберкулез) пальпация кезінде науқас ауырсынады. Нәжіс тастары
болса, жаралар пайда болған қабынулар кезінде бүйен ішек қатты, тығыз болып білінеді.
Мықын ішектің шеткі бөлімінің ерекшелігі, оны сипалаған кезде қол астында оңай
жиырылуы (перистальтикасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет