Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет221/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Талақты пальпациялау
науқасты шалқасына немесе оң жақ қырына жатқызып,
жүргізіледі. Шалқасынан басын төмен түсіріп, екі қолын екі қапталына жіберіп, аяқтарын
созып жатады
(81 а сурет).
Оң қырына басын кеудесіне жақындатып бүгіп, сол қолын
шынтағынан бүгіп, кеуде қуысының үстіне бос салады.
Оң аяғын созып, сол аяғын тізеден, ұршықтан бүгіп жатады 
(81 б сурет). 
Тексеруші
сол қолын науқастың сол жақ беліне салып, пальпацияланатын аймақты ілгері
жылжытады. Оң қолының саусақтарын сәл бүгіп, саусақтардың ұшын сүбе қабырғаға
параллель орналастырады. Баланы терең және сирек демалтып, саусақтарды тереңірек
батырады. Терең тыныс алған кезде талақ сәл төмен түсіп саусақ ұштарына тиеді. Талақ
қолға тиген кезде оның орналасқан жерін, консистенциясын, ауыратындығын, формасын,
бетінің жағдайын анықтау керек.
81 сурет. 
Талақты пальпациялау.
а)
 Науқас шалқасынан жатқанда
,
б)
Науқас оң қырында жатқанда
.
Перкуссия.
Іш қуысында бос сұйықтық пайда болғанда (асцит) перкуссияны
баланың әртүрлі қалпында (шалқасынан, қырынан жатқанда, түргеліп тұрғанда, әртүрлі
қалпында) жүргізу керек. Ал, іш қуысында сұйықтық аз жиналған болса, баланы төрт
тағандап қойып, перкуссиялау керек. Шалқасынан жатқан кезде кіндік тұсынан
бүйірлеріне қарай перкуссиялайды. Егер іш қуысында сұйық жиналған болса, тұйық
дыбыс естіледі. Содан соң баланы қырынан жатқызғанда сұйықтық төмен жылжиды дағы
жоғары бетіне тимпаникалық дыбыс естіледі. Баланы тікесінен тұрғызып перкуссиялау
240


жоғарыдан төмен қарай іштің ортаңғы сызығының бойымен жүргізіледі. Алдын ала
қуықты босатып алу керек. Іш шемені пайда болғанда, іш қуысынын төменгі жағында
тұйық дыбыс естіледі.
Бауыр мөлшерін анықтау үшін Курлов М. Г. әдісі қолданылады. Бұл әдіс 7 жастан
бастап қолданылады және үш мөлшер анықталады
(82 сурет).
Бауырдың жоғарғы
шекарасы, өкпенің төменгі шекарасына сәйкес келеді. Орта бұғана сызығы бойымен,
тыныш перкуссиямен, бауырдын жоғарғы тұйықтылығы анықталады. Ол қалыпты
жағдайда IV қабырғада орналасады. Осы жерге бірінші нүкте қойылады
 (82 сурет). 
Содан
кейін осы сызық бойымен, кіндік деңгейінен бастап, төменнен жоғары 
(83 сурет), 
айкын
дыбыстан тұйық дыбысқа қарай, айқын тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасайды.
Осы жерде екінші нүкте белгіленеді. 1-2 нүктенің арасы 
(82 сурет) 
бірінші мөлшер, яғни
бауырдың оң бөлігінің мөлшері. Қалыпты жағдайда 9 см. Үшінші нүкте ортанғы сызық
бойына семсер тәрізді өсіндінің негізіне қойылады. Содан кейін кіндіктен бастап, ортаңғы
сызық бойынша тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасайды.
Осы жерге төртінше нүкте қойылады. 3 және 4 нүктелер арасы бауырдың ортаңғы
бөлігінің мөлшерін сипаттайды. Бұл екінші мөлшер қалыпты жағдайда 8 см болады. 
Үшінші нүктеден бастап сол қабырға доғасы бойынша тимпаникалық дыбыс пайда
болғанша, перкуссия жасалады. Бұл 3 және 5 нүкте аралағы үшінші мөлшер, бауырдың
сол бөлігінің ұзындығын көрсетеді (7см).
Әдетте, Курлов тәсілі бойынша бауырдың мөлшерін анықтау тек қана ересек
балаларда (5-7 жастан үлкен) мүмкін болғандықтан, орта бұғана сызығы, төс маңындағы
және орта сызығы бойынша жоғарғы және төмен шектерінің ара қашықтығын анықтау
маңызды болып келеді.
Бұнда бауырдың жоғарғы шегі оң жақ өкпесінің төменгі шегіне сәйкес келеді. Ал,
бауырдың төменгі шегі жоғарғы көрсетілген сызықтар бойымен төменнен жоғары қарай
анықталады. Бұл тәсіл бауыр мөлшерінің әртүрлі ауруларында тез өзгеріп тұруын ұқыпты
қадағалауға өз әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет