Аускультация
науқастың ішегі түйілгендігін анықтау үшін қолданылады.
Аускультация әдісімен қарынның көлемі және оның орналасқан орны анықталады. Бұл
жағдайда фонендоскопты төс шеміршегі мен кіндік аралығына (эпигастральдық аймаққа)
қояды. Екінші қолымен фонендоскоп маңынан бастап сипалай отырып, шетке қарай
жылжып дыбыстың анық естілетін аймағын анықтайды. Бұл аймақ қарынның шекарасына
сәйкес келеді.
Қарынды зерттеудің шайқалу шуы деп аталатын тәсілінің диагностикалық маңызы
зор. Ол қарын шайқалған кезде ауа және сұйық заттардың өзіне тән шуыл шығаруына
байланысты. Бұл әдіс гастроптозды (қарынның төмен түсуі) анықтауға маңызды роль
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: