Сигма тәріздес ішек 92-95 % балаларда жақсы білінеді. Ішекті дұрыс сипалауға
науқастың сезімталдығы, ішті еркін ұстауы, сонымен қатар сигма тәріздес ішектің өте
қозғалғыштығы кеселдік етеді.
Бұндай жағдайда оқтын-оқтын ауру, іші қату, ішектің кебуі, анорексия және арықтау
сияқты белгілер пайда болады.
Сигма тәріздес ішек-перисигмоидитте немесе оның шажырқайы қысқа болғанда
нашар қозғалады.
Бүйенді пальпациялау оң жақ мықыннан басталады. Мұны сипау әдісі сигманы
зерттеумен ұқсас. Бүйеннің қозғалыстағы мөлшері бірнеше сантиметрге жетеді. Кейде
бүйеннің өз орнында орналаспауы мүмкін (ішектің ротациясы толық аяқталмаған кезде).
Бүйенді пальпациялаудан кейін ретімен мықын ішектің шеткі бөлімін зерттеу керек.
Іш прессінің тартылып тұруына байланысты аш ішектің басқа бөлімдерін зерттеу қиынға
соғады. Дегенмен, ерте жастағы балалардың іш бетінің алдыңғы қабаты жұқа
болғандықтан ащы ішекті пальпация жасауға мүмкіндік туады. Дәрігер саусақтарын доғал
тәріздес иіп, іштен сыртқа, жоғарыдан төмен қарай батыра сипайды.
Ішектердің айналуы (ротациясы) толық аяқталмаған кезде, бүйен ішек тиісті орында
орналаспайды да, іштің оң жақ бөлігі оқтын-оқтын түйіліп ауыруы мүмкін (туа біткен
қысқа шажырқайлы ішек). Бүйеннің серозды және кілегей қабаттары қабынған жағдайда
(тұмау, дизентерия, туберкулез) пальпация кезінде науқас ауырсынады. Нәжіс тастары
болса, жаралар пайда болған қабынулар кезінде бүйен ішек қатты, тығыз болып білінеді.
Мықын ішектің шеткі бөлімінің ерекшелігі, оны сипалаған кезде қол астында оңай
жиырылуы (перистальтикасы).
Достарыңызбен бөлісу: