Жаңа туылған нәрестелерге күтуді ұйымдастыратын кез келген перзентхана мен
ауруханалар міндетті:
1. Табиғи тамақтандырудың белгіленген тәртіптерін қатал ұстап, медициналық
қызметкерлер мен босанатын және босанған әйелдерді осы тәртіптер туралы жүйелі
түрде хабардар етіп отыру.
2. Медициналық қызметкерлерді табиғи тамақтандыруды практикалық жүйеде
қамтамасыз ету үшін қажетті дағдыларға оқытып-үйрету.
3. Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандыруды артықшылығы мен тәсілі бойынша
хабардар ету.
4. Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға
көмектесу.
5. Аналарға, тіптен уақытша сәбилерінен бөлек болса да, қалай емізу және лактацияны
қалай сақтау керек екендігін көрсету.
6. Медициналық қажеттілік болған жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай тамақ
пен сусын бермеу.
7. Ана мен жаңа туылған баланың тәулік бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету.
7. Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау.
8. Жаңа туған емшек еметін нәрестеге ешқандай тыныштандыратын дәрі-дәрмек және
емшекті имитациялайтын құралдар (еміздік және т.б.) бермеу.
9. Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға
перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды жолдау.
Достарыңызбен бөлісу: