Жетілген сүт (2-3
аптадан
бастап)
14-12
73-75
33-34
1,8-2,0
Микроскоппен қарағанда, уыздың құрамында
денешіктер деп аталатын, май
тамшыларына толған, дөңгелек клеткалар анықталады. Бұлар майланып өзгеру
сатысындағы лейкоциттер. Сонымен қатар, микроскоппен шамалы өзгерген лейкоциттерді
де көруге болады. Антиденелік қасиеттер бойынша лейкоциттердің
көбі лимфоциттер
тобына жатады, олардың 10-25%-ның иммуноглобулиндер синтездеу қабылеті бар. Кейбір
ғалымдардың көзқарасы бойынша сүттегі макрофагтардың (1 мл ана сүтінде шамамен
2000 клетка болады) фагоцитарлық қасиеті бар. Бұл қасиеттері
емшектегі балалардың
ішегінде жергілікті иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді. Баланың қанының
белоктарының құрамына сәйкес болғандықтан уыздың көптеген белоктары (альбумин,
глобулин және басқалар) ішек-карында езгеріссіз сорыла алады.
Уыз – тамақтандырудың өте маңызды аралық түрі болып табылады. Бір жағынан ба-
ланың энтеральды (лактотрофты) тамақтануының басталуы болып келеді. Анасының жас
уызын ішкен жаңа туылған бала алғашқы күндері калориясы жоғары және биологиялық
маңызы үлкен, көп заттар қабылдайды. Уызда 1-ші күні 1500 ккал/л, 2-ші күні 1100 ккал/л,
3-ші күні 800 ккал/л, 4-ші күні 750 ккал/л, 5-ші күні 700 ккал/л энергия болады.
Достарыңызбен бөлісу: