Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет297/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қант қосқан айран. 
200 мл қоспаның құрамы: сүт – 180 мл, айран ашытқысы – 10
мл, қант сиропы – 10 мл.
Дайындауы:
шикі сүтке қант сиропы қосылады. Сүт мұқият араластырып,
шыныларға бөлініп құйылады. Тығындап, кызумен өңделеді (бір тәулікке термостатқа
қояды). Шыныдағы 24-28
о
дейін салқындатылған сүтке ашытқы құйылады. Ашытылған
сүт сілкіп, араластырылады. 18-20
о
мезгіл-мезгіл араластырып, ұйығанша қояды. Айран
шыныларына этикетка жабыстырылып, 2-10
о
жылыда 2 тәулікке дейін сақталады.
Қайнатпа қосылған айран.
100 мл Б-айран 50 мл айраннан, 45 мл күріш
қайнатпасынан, 5 мл қант сиропынан түрады.
100 мл В – айранның құрамына 65 мл айран, 30 мл күріш қайнатпасы, 5 мл қант
сиропы кіреді.
Дайындауы:
Халыққа берер алдында айран құйылған шыныға пастеризацияланған,
салқындатылған күріш қайнатпасы және қант сиропы құйылады. Қоспа араластырылып,
тығындалып, этикеткасы жабыстырылып, 2-10
о
жылылықта 1 тәулік бойына сақталады.
Ацидофильді сүт. 
1 литр сүттің құрамы: 950 бетін алмаған сүт, 50 мл ашытқы.
Ацидофильді сүт екі әдіспен дайындалуы мүмкін.
1.
Пастеризациял
анған, 40-45
о
дейін салқындатылған сүтке ашытқы салынады. Сүт мұқият араластырылып,
шыныларға құйылып тығындалады. 3 сағатқа 40-45
о
термостатқа салады. Ашыған сүт
салқындатылып, этикеткасы жабыстырылып 2-10
о
жылыда 2-3 тәулік сақталады.
1.
Сүт
шыныларға құйылып, тығындалып пастеризацияланады да 40-45
о
дейін салқындатылып,
әрбір шыныға ашытқы салынады. Сүт сілкіп араластырылып, бірінші тәсілмен
дайындалған сүттей сақталады.
Сүзбе. 
Ащы және тұщы сүзбе дайындауға болады.
а)
 
Тұщы сүзбе

1 кг сүзбенің құрамы: 6 л сүт, 24 г сүт қышқылды кальций немесе 60
мл 20% хлорлы кальций.
Дайындауы:
 
Салқын сүтке сүт қышқылды кальцийді немесе кальций хлоридті
қосады. Сүтті араластырып тұрып, қайнағанша отқа қояды, қайнаған бойда тез оттан
алып, бөлме температурасына дейін салқындатылады. Бұл жағдайда сүт сарысуы жақсы
бөлінеді. Тұщы сүзбені стерильді дәкімен жабылған сүзгіге салады. Сүзбені сығып, сүзгі
арқылы өткізеді де 2-10
о
жылылықта 2 тәулік бойына сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет