жиілігі мен ауырлық дәрежесі арыта түседі, ал қыз балаларда бұл ауру сиректеу кездеседі
және ақыры жағымдырақ болады. Бұны эстрогендердің асқазан мен он екі сақиналы
ішектің кілегей қабатаның қалыптасуын стимуляциялайтын эстрогендердің қорғаныстық
қабілетімен түсіндіріледі.
Этиологиясы.
Он екі сақиналы ішек ойық жарасы ауруы даумуының негізгі факторы
болып, тұқым қуалаушылыққа бейімділік есептеледі. Ойық жара ауруына отбасылық
бейімділік 60-80%, асқазан сөлінің жаугершілік қасиетінің артуы 100% жағдайда
байқалады.
Ойық жара ауруына бейімдеуші факторларға төмендегілер жатады:
1. Helicobacter pilori (Нр)-мен инфекциялану. Ойық жара байқалатын балалардың
асқазанының антральды бөлігінің кілегей қабатында Нр 99%, он екі сақиналы ішек
кілегей қабатында 96% жағдайда анықталады.
2. ерте жасанды тамақтандыруға ауыстыру асқазан антральды бөлігінің кілегей қабаты-
ның G (гастринөндіруші) және Ecl (гистаминөндіруші) жасушаларының көбеюін
индукциялайды;
3. алиментарлық бұзылыстар;
4. кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау (салицилаттар, глюкокортикоидтар, цито-
статиктер және т.б.);
5. отбасының өмір салтыны ерекшеліктері – отбасының жағдайын ұйымдастыру және
балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері, тамақтануыдың отбасылық ерекшеліктері, қарым-
қатынасы және т.б.;
6. гиподинамия немесе физикалық салмақ түсу;
7. созылмалы инфекциялар ошағы;
8. ішек паразитоздары;
9. нервтік-психикалық салмақ түсу;
10. шылым шегу және токсикомания;
11. тағамдық аллергия.
Достарыңызбен бөлісу: