Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет639/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диспансерлік бақылау.
 
Науқастар гастроэнтерологтардың бақылауында 3 жыл
бойына болады. Сауығу кезінде қажет:
- аяушы емдәмді сақтау;
- фитотерапия – шайшөп, мыңжапырақ, сүйелшөп, түймедақ қайнатпалары 2 - 3 апта
бойына (күзде және көктемде);
- физиотерапия – кальций, броммен электофорез, динамикалық ток, гидротерапия, бал-
шықпен емдеу;
- минеральды сулармен («Ессентуки № 4», «Славянская», «Смирновская», «Боржоми»)
3-4 айдан кейін 2-3 аптадан қайталап ем жүргізеді;
- витаминдермен (А, В, С топтары) қайталап ем жүргізеді. 
Санаториялық-курорттық ем 
өршуден кейін 3 ай өткен соң жүргізіледі. Жылына бір
рет ЭГДС және Нр эррадикациясы бақыланады. Диспансерлік есептен 3 жыл бойына
үздіксіз толық клиникалық ремиссия бақайлғанда ғана шығарылады. 
10.1.5. ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ
Ойық жара ауруы (ОЖА)

үдеуі немесе асқынулар дамуы мүмкін асқазанда
немесе он екі сақиналы ішекте ойы жараның пайда болумен жүретін полигенді
тұқымқуалайтын созылмалы ауру.
Негізінен 7-14 жастағы балалар ауырады. Пубертатты кезеңге дейін ер балалар мен
қызбалалар бірдей ауырады. Жыныстық кезеңнің басынан бастап ер балаларда аурудың
620


жиілігі мен ауырлық дәрежесі арыта түседі, ал қыз балаларда бұл ауру сиректеу кездеседі
және ақыры жағымдырақ болады. Бұны эстрогендердің асқазан мен он екі сақиналы
ішектің кілегей қабатаның қалыптасуын стимуляциялайтын эстрогендердің қорғаныстық
қабілетімен түсіндіріледі. 
Этиологиясы.
 
Он екі сақиналы ішек ойық жарасы ауруы даумуының негізгі факторы
болып, тұқым қуалаушылыққа бейімділік есептеледі. Ойық жара ауруына отбасылық
бейімділік 60-80%, асқазан сөлінің жаугершілік қасиетінің артуы 100% жағдайда
байқалады. 
Ойық жара ауруына бейімдеуші факторларға төмендегілер жатады:
1. Helicobacter pilori (Нр)-мен инфекциялану. Ойық жара байқалатын балалардың
асқазанының антральды бөлігінің кілегей қабатында Нр 99%, он екі сақиналы ішек
кілегей қабатында 96% жағдайда анықталады. 
2. ерте жасанды тамақтандыруға ауыстыру асқазан антральды бөлігінің кілегей қабаты-
ның G (гастринөндіруші) және Ecl (гистаминөндіруші) жасушаларының көбеюін
индукциялайды;
3. алиментарлық бұзылыстар;
4. кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау (салицилаттар, глюкокортикоидтар, цито-
статиктер және т.б.);
5. отбасының өмір салтыны ерекшеліктері – отбасының жағдайын ұйымдастыру және
балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері, тамақтануыдың отбасылық ерекшеліктері, қарым-
қатынасы және т.б.;
6. гиподинамия немесе физикалық салмақ түсу;
7. созылмалы инфекциялар ошағы;
8. ішек паразитоздары;
9. нервтік-психикалық салмақ түсу;
10. шылым шегу және токсикомания;
11. тағамдық аллергия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет