Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жемсаудың клиникалық белгілер кешені



Pdf көрінісі
бет778/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   774   775   776   777   778   779   780   781   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жемсаудың клиникалық белгілер кешені:
 
Алдында көрсетілгендей, балаларда
қалқанша бездің ұлғаюы, қызметінің белсенділігінің бұзылмауымен, сондай-ақ
бұзылыстар-мен өтетін оның түрлі ауруларында байқалады:
1. Эутиреоидты жағдай – клиникалық белгілерісіз, қалқанша бездің функциясының бұзы-
луы. Эндемиялық жемсауда және созылмалы аутоиммундық тиреоидтың эутиреоидты
сатысында болуы ықтимал.
2. Гипертиреоидты жағдай – бұл туралы келесі дәресте айтылады.
3. Гипотиреоидты жағдай – қалқанша бездің функционалдық белсенділігінің төмендеуі.
Организмде ұзақ тиреоидты гормондардың тапшылығынан гипотиреоз дамиды.
Гипотиреоздың клиникалық көрінісі әр түрлі болады.
135 КЕСТЕ
БАЛАЛАРДАҒЫ ГИПОТИРЕОЗДЫҢ КӨП ТАРАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ
КӨРІНІСТЕРІ
Жүйелер
Гипотиреоздың белгілері
Зат алмасу 
Семіздік, гипотермия, тоңғыштық, ісіну, бойының 
өспей қалуы.
Жүрек-қантамыр Брадикардия, гипотония.
Жүйке 
Ұйқышылдық, гипорефлексия, психика мен 
санасының дамуының қалыс қалуы.
Ас қорыту 
Іш қату, тәбетінің төмендеуі, гепатомегалия
Тері жамылғысы Терінің құрғауы, сарғыш реңде бозаруы.
4. Қалқанша бездің көлемінің ұлғаюының фонында оның функциясының төмендеуі,
созылмалы аутоиммундық тиреоидиттің кеш сатыларында байқалуы ықтимал және
жайылмалы уытты жемсауды емдеудің нәтижесі болуы мүмкін.
735


5. Қалқанша бездің қызметінің бұзылуы тиреоидты гормондардың жасырын
тапшылығын көрсететін, тиреоидты гормондардың деңгейінің қалыпты болуымен,
бірақ тиреотропты гормонның деңгейінің жоғарлауына қарамастан клиникалық
көріністерінің болмауымен сипатталатын субклиникалық гипотиреоз деп аталатын
жағдай ерекше орын алады. Субклиникалық гипотиреоз жайылмалы эндемиялық
жемсауы бар науқастардың бірқатарында анықталуы мүмкін. Қалқанша бездің
осындай дисфункциясында клиникалық симптомдардың болмауына қарамастан,
эутиреоидты жағдайдағы балалармен салыстырғанда, бұл балалардың физикалық,
жыныс және санасының дамуы тұрғысынан болжамы қолайсыз, сондықтан оларды
мамандардың бақылауының қажеттілігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   774   775   776   777   778   779   780   781   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет