«Балдә Мен №42 «Ақ ниет» гимназиясының 2 «з» сынып оқушысымын. Маған тәлім



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата27.01.2017
өлшемі3,17 Mb.
#2784
1   2   3   4   5   6

АРУ ИРАТОВА

А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының 

4 «б» сынып оқушысы

Тайпақ мектеп – гимназиясында Қазақстан тілдері 

мерекесіне  арналған  «Тіл  –  татулықтың  белгісі» 

атты  апталық  аталып  өтілді.  Тілдер  апталығының 

ашылуына  арналған  үш  тілде  әдеби  монтаж 

ұйымдастырылып,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 

мұғалімі Л. Бисенова «Мақсатымыз – «үш тұғырлы 

тіл саясатын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама 

оқып, оған оқушылар белсене қатысты. Қазақ тілі мен 

әдебиеті пәні мұғалімі Л.Бисенова Л.Б. «Менің тілім 

– мемлекеттік тіл» және орыс тілі мен әдебиеті пәні 

мұғалімі Юшина Н.А. «Лингвистическое карусель» 

тақырыптарында 5-6 сынып оқушыларына арналған 

екі тілде біріктірілген сыныптан тыс шараларды да 

ұйымдастырды.      Оқушыларды  екі  тілде  де  еркін 

сөйлеуге  дағдыландыру  және  өмірде  қолдана 

білу  мақсатындағы  шараға  да  оқушылар  белсене 

қатысты.    5-7  сыныптарға  мектеп  тәлімгерінің 

ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н 

«Мың  бір  мақал,  жүз 

бір  жұмбақ»  сайысы 

оздырылып,  мұнда  5-7 

сынып  оқушылары  үш 

топқа  іріктеліп алынып, 

«Бәйтерек»,  «Қыран», 

«Жүйрік» 

топтары 

құрылып, 

өзара 

сайысқа  түсті.  Сайыс 



соңында «Қыран» тобы 

үздік  болды.  Қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі  Урынгалиева  Мәнет 

Төреғалиқызы  және  9  сынып  оқушыларының 

ұйымдастыруымен  жазушы,  депутат,  драматург 

ақын  Мұхтар  Шахановтың  шығармашылығына 

арналаған поэзия кеші өткізілді. 

Поэзия  кешінде  9  сынып  оқушылары  Мұхтар 

Шахановтың  «Мені  неге  Мұхтар  қойған»  А.Ғайса, 

«Өмірі  мен  шығармашылығымен  таныстыру» 

Д.Мақсот,  «Ақ  пен  қара»  Ж.Қуатов,  «Көкірегімде 

төрт  сәуле  бар»,  «Қасымды  қабылдамаған 

адам  хақында»  А.Болатова,  «Мен  қыз  үшін 

ұялдым»  А.Сәлімұлы,  «Жайықпен  жүздескенде» 

Е.Кенжебаев 

өлеңдері 

оқылып 

11-сынып 



оқушысы  Е.Ғабиденовтың  орындауында  «Әке 

туралы  жыр»  әні  орындалды.  Сонымен  қатар,бұл 

шараға  мектебіміздің  ұстаздары  Г.Саркенова, 

И.Мурсалимова,  Б.Джумагулова,  А.Хабибуллина, 

Д.Жұмагалиева, С.Лукпанова, белсене қатынасып, 

«Туған  күн  кешінде», 

«Арыс  жағасында», 

«Ақ 


бантик», 

«Гүлдәурен»,  «Мен 

саған  өкпелемеймін» 

әндерін 


шырқады.  

Директордың 

оқу 

ісінің 


меңгерушісі 

Саркенова  Гүлшарат 

Мұратқызы  Мұхтар 

Шахановты  ғасырдың  ғаламат  ақыны  екендігін 

айтып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.

Тілдер  апталығын  қорытындылау  мақсатында 

тәрбие  ісі  меңгерушісі  С.Лұқпанова        5-11 

сыныптар  арасында  «Қазақстан  –  достық  мекені» 

тақырыбында  ұлттар  фестивальін  өткізіді.  «Ел 

бірлігі – ең асыл қасиет, бірлік, ынтымақ, сабырлық 

пен  парасаттылық  ең  алдымен  өзімізге  керек»,- 

деп  Елбасымыз  айтқандай  мемлекетіміздің  даму 

болашағының бір көзі – халықтардың бірлігі. Барша 

халыққа ортақ мекен болып отырған Қазақстанымыз 

жасай  берсін!  Қазақ  халқы  жасай  берсін!,  деген 

мақсатта өткен фестивальде 5- сынып «қазақ», 6 – 

сынып «орыс», 7- сынып «татар», 8-сынып «өзбек», 

9-сынып  «ағылшын»,  10  –  сынып  «мексика», 

11-сынып  «грузин»  ұлттары  болып,  сол  ұлттың 

салт-  дәстүрін,  музыкасын,  биін,  тағамдарын 

насихаттады.

Егеменді  еліміздің  болашағы  –  жастар. 

Сондықтан  ұлы  достық  -  отансүйгіштік  рухтың  аса 

бір  қасиетті  мәйегі.  Оқушыларды  отансүйгіштікке, 

достыққа,  басқа  ұлттардың  тарихын,  салт-

дәстүрін,  мәдениетін  сыйлауға,  адамгершілікке 

тәрбиелеу  ұстаздардың  басты  міндеті.  Фестиваль 

қорытындысында: І - орынға 11сынып «Грузиндер»  

ІІ  –  10  –  сынып  «Мексикандықтар»,    ІІІ  –  орын 

5  сынып    «қазақ»  ұлты  ,  6  –  сынып  «Көрермен 

көзайымы» аталымы, 7 – сынып «Ұлттық дәстүрді 

насихаттаушы», 8 – сынып «Ынтымағы жарасқан» 

аталымы,  9  –  сынып  «Өнерлі  топ»  аталымына  ие 

болды.Фестиваль  соңында  барлық  сынып  «Қара 

жорға» биіне флешмоб биледі.

Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың 

бір  қатары  ана  тілін  білмейді,  құрметтемейді.  Біз 

қазақ  тілінің  мәртебесін  көтеруіміз  керек,  басқа 

ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал 

білім - өмірдің шырағы.



С.ЛҰҚПАНОВА

Тайпақ мектеп – гимназиясы 

директорының тәрбие ісінің меңгерушісі

Ақжайық ауданы  

Тіл туралы ойласам, көп 

нәрсе ойға келеді ...

 

Тіл  адамдардың  қатынас  құралы. 



Әрбір  ұлттың  өз  ана  тілі  болады.  Тіл  атадан 

балаға  мұра  қалатын  баға  жетпес  байлық. 

Балаға  анаға  сүтімен  бірге  қалыптасады. 

Әдемі,  әдепті  сөйлеу  де  өнер.  «Өнер  алды, 

қызыл  тіл»  деген  мақал  біздің  халқымызда 

тегін 


айтылмаған. 

Ата-бабаларымыз 

мәнерлеп,  шешен  сөйлеуге  көп  мән  берген. 

Қазақ  тілі  –  қазақ  халқының  жаны,  тарихы, 

өмірі.  Сондықтан  ана  тілімізді  сақтау,  қорғау 

менің міндетім. Мен ана тілім туралы заңның 

1997  жылы  11  шілдеде  қабылданғанын  да 

білемін. Ата Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылған. Өзге 

тілдерді  біз  қатынас  құралы  ретінде  пайдаланамыз.  Әрқашанда 

ана тіліміздің тұғыры биік болғай.



ТЕМІРЛАН ХАМИДУЛЛИН

А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының 

4 «а» сынып оқушысы

Ана тілім - мерейім

Жастарымыз салт - дәстүрімізді көздің қарашығындай 

бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, 

адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ

Ана  тілін  қадірлеу  -  әр  азаматтың  перзенттік  парызы. 

.Егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз туған тілімен 

қайта  қауышты.  Осынау  тілді  құрметтеу,  тілге  деген  сүйіспеншілікті 

арттыру,  тілдер  мерекесінің  маңыздылығын  сезіндіру  мақсатында 

Приурал  мектеп  -  балабақша  кешенінде,  мектептің  әдістемелік 

бірлестігінің  ұйымдастыруымен  жас  мамандар  арасында”Ана 

тілім  -  мерейім”  тақырыбында  сайыс  өткізілді.  Алты  кезеңнен 

тұратын    сайыстың  әрбір  бөлімінде    мамандар  өздерінің  білімдерін 

шыңдап  сынға  түсті.  Таныстыру  кезеңінде  мектеп  өмірінен  бейнелі 

презентациялар көрсетілсе, халық әндерін орындауда жас ұстаздар 

Д.Салыхов,  А.  Асуова  әнді  орындауда  шебер  орындаушылық 

қабілеттері 

бар 


екендіктерін 

көрсетті.  Өзге  ұлттың  би  өнерін 

көрсету  сәтінде    А.Ергалиева, 

А.  Муханова,  М.Байнияз  шебер 

билеуімен  көзге  түсті.Берілген 

сұрақтарға  ойлы  түрде  жауап 

беру, 

ғасырлар 



қойнауынан 

жеткен  дана  сөздер  арқылы  өз 

ойларын жеткізуде, жас математик 

Д.Каженов  тарих  пәнінің  мұғалімі 

Е. Жонисов ерекшеленді. Өзін - өзі 

тану пәнінің мұғалімі Н.Кузьменко 

қазақ  тілінде  мәнерлеп  өлең  оқып,  көрермендерді  бір  серпілтіп 

тастаса,  М.  Мақатаевтың  “Аққулар  ұйықтағанда”  дастанынан  көрініс 

көрсетуде  жас  мамандар  А.Успанова,  М.Сүндетқали  нағыз  әртістік 

шеберліктерін  танытып, көрермендерді тебірентті. 

Сайыстың нәтижесінде “Жас қырандар” тобы I - орын, “Жалын” 

тобыII-  орынды  иеленіп,  әрбір  пән  бірлестіктері  атынан  сыйлықтар 

табыс  етілді.Сайыстың  соңында  Мектеп  -  балабақша  кешенінің 

директоры  Ж.М  Жақсығалиева  жас  мамандарға  шығармашылық 

табыс тілеп, өз ризашылығын білдірді.”

Н. ЖЕТПИСОВА

Приурал мектеп - балабақша кешені

Директордың ҒӘЖ орынбасары 

Бөрлі ауданы

Ана тілің  -  арың бұл


№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

9

Өз тілің – бірлік үшін, өзге 

тіл- тірлік үшін

 Қазақстан халықтары Тілдері күні  мерекесіне орай, Бітік 

орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының қоғамдық-

гуманитарлық пәндер бірлестігінде 

«Тіл-тірегіміз,  соғып  тұрған  жүрегіміз»  атты  тілдер 

апталығы өтті. Апталыққа «Тілашар» үйірмесінің оқушылары 

атсалысты. Апталықтың бірінші күні бірлестік жетекшісі Г.Қ. 

Мұқанғалиеваның  ұйымдастыруымен  «Тіл-  ұлттың  жаны» 

атты  жәрмеңке  өте  жоғарғы  деңгейде  өтті.  Оқушылар 

тіл  туралы  өлеңдер  оқып,  шығармалардан  үзінді  айтып, 

белгілі  адамдардың  сөздері  мен  мақалды  жалғастыру 

ойындарына  қатысып  әрқайсысы  сыйлық  алды.Екінші  күні 

қазақ тілі мұғалімі Қ.Б. Мұқашева «Өзге тілдің бәрін біл, өз 

тіліңді  құрметте»  атты  топтық  сайыс  ұйымдастырды.  Шара 

мультимедиа кабинетінде актив тақта арқылы өте қызықты 

өтті.  «Сөз  тапқанға...»,  «Бәрін  білгім  келеді»,  «Қызықты 

ұйқастар» бөлімдері оқушылардың жан-

жақтылықтарын  байқатты.  Ағылшын 

тілі  пәнінің  мұғалімі  А.Ш.Камашева 

«Интеллектуалдық 

марафон» 

сайысын  қазақтың  киелі  жеті  санымен 

байланыстырып, 

мақал, 


жұмбақ, 

жаңылтпаштарды 

ағылшын 

тіліне 


аударды.  «Дружат  дети  всей  земли» 

атты  Г.  К.  Амангалиеваның  шарасында 

оқушылар түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін 

киіп өлеңдер оқыды, «Мудрый Жиренше» 

атты қойылым қойылды.22 қыркүйек күні  

А.М.  Тапенова  лездемеде  «Тіл-асыл 

қазына»  атты  компазиция  дайындап, 

5-10-класс оқушылары қазақ тілі туралы жалынды өлеңдерді нақышына келтіре оқыды.  «Язык 

богатство  народа»  атты    Л.  Б.  Бектлеуованың  шарасында  да  тіл  туралы  өлеңдер  оқылып, 

ойындар  ұйымдастырылды. «Тілге құрмет-елге құрмет» атты шарасында «Тілашар» үйірмесі 

оқушыларының 

қатысуымен 

«Көңілді 

тапқыштар» сайысы ұйымдастырылды.

    Ал,  А.Б.Кайсакова  «Тіл-  адамның 

жан-дүние  айнасы,  мәңгі  құламайтын 

бәйтерегі» 

тақырыбында 

оқушылар 

шығармашылығынан  байқау  кешін    өткізді. 

Онда  оқушылар  туған  тілдері  туралы 

толғаныстары  мен  ойларын  ортаға  салды. 

Мысалы,  9-класс  оқушысы  Хайруллина 

Гүлсезім:  ана  тілдерінен  асқан  құдіреттің 

жоқтығын,  7-класс  оқушысы  Серікқалиева 

Ботагөз:  ол  жүректі  соқтырып  тұрған  қан 

тамыры  сияқты  жан  дүниеңнің,  рухани 

саулығыңның басты байлығы екендігін айтып, 

тыңдаушыларын тебірентті.Cол сияқты Ибат 

Қобыланды  да  тілін  қолындағы  алтынына 

теңеп, сол арқылы өмірді танығанын айтады. 

Ал, анамнан өзіммен бірге туған тілім рухымның биіктігі, оны терең ұғыну – анамның, ұлтымның 

алдындағы парызым,- деп білетін  9-класс оқушысы  Шүкірғалиев Еламан жеңімпаз деп танылып, 

оның «Менің тілім» атты өлеңі облыстық «Самал» газетіне жіберілді. 

 Шаралар жаңа технология әдістері бойынша өте жоғары деңгейде өтті.

А.ЖАУБАТЫРОВА

Бітік ОЖББМБ-нің«Тілашар» үйірмесінің жетекшісі 

Қабыршақты ауылы, Ақжайық ауданы

Туған тілім

          Тіл  әрбір  адамға  ана  сүтімен  қалыптасады.  Ана 

тілін  кішкентай  кезімізден  әке-шешемізден,  әжеміз  бен 

атамыздан  үйренеміз.  Тіл  арқылы  оқып,  білім  аламыз. 

Әр  халықтың  өз  ана  тілі  бар.  Қазақ  халқының  ана  тілі- 

қазақ тілі. Біз қазақ тілінде сөйлейміз. Қазақстанда қазақ 

тілі мемлекеттік тіл.Өз ана тілімізге мемлекеттік мәртебе 

берілді. Тіл туралы заң қабылданды: Қыркүйектің жиырма 

екісінде «Тілдер куні» аталып өтіледі. Біз үшінші сыныпта 

орыс тілін, ағылшын тілін оқып үйренудеміз. Өзге тілдерді 

білген жақсы. Бірақ өз ана тілімізді- қазақ тілін өте жақсы 

білуіміз қажет. Біз қазақ тілін қадірлеп, құрметтеуіміз керек. 

Мен Қазақстан Республикасында дүниеге келдім.

Ана-тілің арың бұл.

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте

    (Қадір Мырза Әлі)



 Мадина МҰХТАР

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының  3 «в» 

сынып оқушысы 

  Қызықты сайыс

Тіл мерекесі – қыркүйек  айындағы атаулы мерекенің біріне айналды. «Тіл 

– ұлт мерейі» атты апталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлзада Гайнешқызы тіл туралы  баяндама оқып,онда 

тілді құрметтеуге, қадірлеуге, қастерлеуге, шұбарламауға, қазақ тілді ұмытпауға 

шақырды.  «Тіл  – 

рухани 


қазына» 

атты 5 - 6 сыныптар 

арасында 

өткен 


сайысқа    5  - 

сыныптан 

«Асыл 

сөз»,  6  –  сыныптан 



«Ана 

тілім 


– 

айбыным» 

атты 

топтар 


қатысты.  

Сайысымыз  8  – 

бөлімнен тұрды. 

 

Ең  бірінші 



мәнерлеп 

жатқа 


айту сайысы болды. 

Мәнерлеп  оқу  тіл  туралы  болғандықтан  екі  топ  та  кем  түспеді.  Екінші  кезең: 

мақал - мәтел айтысы, тақырыбы: туған жер, Отан, білім, тіл туралы мақалдар 

айту қажет болатын. Үшінші кезеңіміз: өтірік өлең айту. Келесі сайыс: қазақтың 

би – шешендерінің даналық сөздерін сахналық көрініс етіп қою. Бесінші кезең: 

қазақ  тілінің  негізі  –  грамматикалық    талдау.    Екі  топтан  бір  оқушы  шығып, 

талдауды шартына сай орындап берді.  Сайыс соңында  5 - сынып оқушысы 

Уканова Ұлпан «Егемен Қазақстан» әнін орындаса,  Есенғалиева Шамшырақ 

«Домбыраның  күмбірі»,  «Ақжайнақ»  атты  әсем  әуенді  әндерін  айтты. 

Сайыс  қорытындыланып,    5  –  сынып,  яғни  «Асыл  сөз»  тобы  жеңіске  жетті. 

Барлығыңызды тіл мерекеліріңізбен тағы да құттықтаймын!   

 

 



Шамшырақ САЛАУАТҚЫЗЫ

ЖББ Ұзынкөл орта мектебінің 5 - сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

Тіл тағдыры-ұлт тағдыры

   

Қазақ халқы-өмірді айналаны тану ақиқатын суреттейтін, ұрпақтан-ұрпаққа рух беретін 



әдемі де шебер, сазды тілдің иесі. Жүздеген ғасырлар тарихын тербеген дала төсінде өмір 

сүрген ата-бабаларымыздың көкірек сыры мен жүрегінің үнін жеткізген қасиетті аманат. Біздің 

ана тіліміз-қазақ тілі. Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде деп Нұрсұлтан атамыз айтқандай, 

ел ертеңі тілімізде.Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, дамуына үлес 

қосу жас ұрапақтың жауапты міндеті. 

         Ұрпақ-елдің келешегі, болашағы. Тіл тағдыры-ұлт тағдыры. Тіліміз өркендеп 

дамыса, елде,ұлтта бірге өсіп дамиды. Ана тілін ардақтап құрметтеген жан-халқының, елінің ұлттық құндылықтарын 

зерделеген үлкен жүрек иесі. Өз тілін сүйген, қастерлеген жанның өз елінің болашағына үлес қосары сөзсіз.

        Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту, 

- деген Бауыржан Момышұлы. Шынында да ана тілді ұмыту-тарих, ұлтымызды ұмытқанымыз. Өз тілін сүймеген, 

құреттемеген адам хайуанмен тең. Тіл-асыл қазына. Бізге күш берер тіліміз тұрғанда ұлттық мәдениетіміздің де туы 

биік, ұлтымыздың да ғұмыры мәңгілік бола береді.



Аружан ХАУМЕТОВА

Ө.Сахипов атындағы, ЖББОМ-нің 4-сынып оқушысы

                                                       Күйгенкөл   ауылы,Жәнібек ауданы,

Тіл-асыл қазына

Қазақ  тілі-қазақтың  ана  тілі.  Халқымыздың 

тарихы.  Мен  кішкентайымнан  анамның  әлдиін  ана 

тілімде естіп өстім.

Өз  тілімнің  алтын  қазына  екенін  түсінемін  және 

құрметтеймін.

Біз  өркендеген  мәдени  мұраларымызды  еліміз 

үшін  атқарған  жұмыстарымызды  бар  әлемге  осы 

тілімізбен  паш ете  аламыз.  Сондықтанда  әр  азамат 

өз  тілін  қастерлей  білуі  керек.  Мен  өзімнің  қазақ  

сыныбында оқығанымды мақтан етемін. Біз мектепте 

ағылшын,орыс  тілінде  оқып,  үйреніп  жүрміз.  Өзге 

тілді  біліп  құрметтеген  жақсы.  Бірақ  та,  мен  неге  өз 

тілімде  сөйлеп  өзгелерге  ана  тілімнің  ардақтысын 

айтпаймын.  «Ана  тілінде  сөйлеу-әр  азаматтың  борышы»  -деп  елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың өзі айтты емес пе 

     


Кімде-кім ана тілін, өзінің әдебиетін сыйлап бағаламаса, оны сауатты, 

мәдениетті адам деп санауға болмайды. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының 

өткенімен болашағынан қол үзеді.

 

Дана ИКСАНОВА

Е.Ниетқалиев атындағы 

ЖББОМ-тің 4-сынып оқушысы

Қамысты ауылы, Жәнібек ауданы



№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

10

Аба


Язык – богатство народа

      Родной язык – он такой мелодичный и певучий, так как вобрал в себя гул лугов, полей и лесов, ароматный, 

пьянящий запах родной земли. В народе нет большего сокровища, чем его язык. Так как именно язык – характер 

народа, его память, история и духовное могущество. В нём отображаются обычай, традиции, быт народа, его ум и опыт, 

красота и сила души. Ещё с детства родной язык помогает нам познать мир, отрыть для себя большой и волшебный 

мир жизни. Без языка не может существовать  и развиваться общество, так как он помогает людям обмениваться 

мнениями, высказывать свой чувства, достигать взаимопонимания. Язык – это духовная сокровищница, в которую 

веками люди вкладывают свой приобретения. Нет, это не деньги, конечно. И это даже не драгоценные камни. Это 

такие ценности, как мелодичные слова, певучие фразы. Слова любви, дружбы и гнева.

                  День  языков  –  признак  дружбы  и  единства  всех  граждан  страны.  В  моей  жизни  немаловажное  место 

занимает мой второй язык – русский. Я считаю, что это язык не только русского народа, но и всех национальностей 

проживающих  на  территории  нашей  Родины.  Изучая  произведения  русских  писателей  таких,  как  А.С.Пушкин, 

М.Ю.Лермонтов, Н.В.Гоголь, И.С.Тургенев можно увидеть как богато русское слово. Это богатство я увидела на уроках 

русской литературы. И благодаря моей учительнице Сейтековой Жанне Александровне  с интересом изучаю русский 

язык, а также и другие языки. Хотелось бы, чтобы другие народы овладели моим родным языком -  казахским. Ведь 

каждый язык – это целый мир полный прелестей и волшебства. 



К.ЖУМАЕВА

Г.Абдуллин атындағы орта мектептің оқушысы

Тау ауылы, Жәнібек ауданы

                                                                                                                                                                                                                                                                 

«Тіл – ұлт мерейі» апталығы

Қазақстан Республикасы тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде 1 – 11 сыныптар 

арасында  «Тіл – ұлт мерейі» атты тәрбие сағаттары мен апталық оздырылды.   Бастауыш 

сыныптарда «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Тіл – асыл 

қазынам»  атты  шығармалар  байқауы  өтті.  Оқушылардың  қазақ  тіліне  деген  ынтасын 

жандандырып, тілді құрметтеу, қадірлеу, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін 

түсіндіру, тәрбиелеу мақсатында  Г.Иркегулова 5 – 6 сыныптар арасында «Тіл – рухани 

қазына»  атты сайыс,  М.Ахметова 7- сыныпта «Ана  тілім – ардағым» атты танымдық 

сағат, ана  тілінің  құдіреттілігін  ұғындыру, тіл  өнерін  бойларына  сіңіру, шығармашылық 

ізденіске баулуда Л.Исатаева 8 – 9 – сыныптарда «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты 

сайыстар, Г.Иркегулова 10 – 11 – сыныптарға сөздің қасиетін бағалауға және сөйлеу әдебін 

сақтай білуге байланысты «Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт» атты  теледидарлық 

бағдарлама бағытындағы шаралар өткізді. 5–8 – сыныптарға Г.Айтжанова «Нам этот мир 

завещано беречь»,  А.Хакимова 6-7 – сыныптарға «Жить в мире, в дружбе и согласии», 

Б.Шаққалиева    9  –  сыныптарға  «Филологическая  игра»    атты,  М.Урахаева    ағылшын 

тілінен 5 – 7  сыныптарға «Үш тілдің патшалығы» атты сыныптан тыс  шаралар болды. 

 

Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар ұйымының  ұйымдастыруымен 4 – 5 – сынып 



оқушыларының  арасында сайыс болып, нәтижесінде 5 – сынып оқушысы Есенғалиева 

Шамшырақ  І,  4  –  сынып  оқушылары  Сағадатова  Балнұр  ІІ,      Сағынтай  Армангүл    ІІІ 

орынды  иеленді.  Оқушылар  бойында  ұлттық  тілімізді,  дінімізді,  дәстүрімізді  қадірлеп, 

құрмет тұтуға  баулу, аталы сөзден ғибрат алуға, өз ана тілін мемлекеттік тілді қастерлеуге 

тәрбиелеу  мақсатында  «Тіл  –  ұлт  мерейі»  тақырыбында  сахналандырылған,  әдеби-

музыкалық  қорытынды    кеш  болды.  Апталық  қорытындыланып,  шараларға  белсене 

қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен дипломдар табысталды. 

                                                         



Г.ҒАЙНЕШҚЫЗЫ

                                     Ұзынкөл орта мектебінің мұғалімі

Жәнібек ауданы

     Ана тілім - өшпес өмірім 

менің...

                Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі,  қазақ  халқының 

әлпештеп,  сүйетін,жырлайтын  туған  тілі.  Ендеше,  бәрімізге  ортақ  ана  тіліміз  –  қазақ 

тілі.  Өткен  өмірдегі  ұлы  бабаларымыздың  көзінің  қарашығындай  сақтаған,  осы  тілде 

жырлаған.  Мен  ақын  аға-апаларымның  өлеңдерін    оқыған  сайын  бойым  патриоттық 

сезімдерге  толып,  күш-қуатқа  тойып,  бірсерігіп  қалғандай  боламын  да,  толғанып 

қаламын. Қазақ тілі - өте бай, құнарлы тілдердің қатарына жатады. Сонымен тек тіліміз 

қарым-қатынас жасау, тілдесу құралы болуымен ғана шектелмей, ата-бабаларымыздың 

тарихын, өмірін насихаттайтын құрал. Тіл – халықтың жүрегі. Тілсіз белгілі бір халықтың, 

елдің болуы мүмкін емес. Сондықтан да ана тілімізді құрметтесек, халқымызды, елімізді 

құрметтегеніміз.

 

  Асыл  ҚАЙЫРҒАЛИЕВА

Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-нің 4-класс оқушысы

Ақоба ауылы, Жәнібек ауданы

Тіл – ұлт тірегі

          Әлемде  қанша  ұлт  болса,  сонша  тіл  бар.  Сол 

халықтың тілі арқылы оның қандай ұлт екенін, мәдениетін, 

өнерін танып білеміз. Әр ұлттың өз тілі өзіне ыстық. 

    Әр адамға ана тілі анасының ақ сүті арқылы беріледі. 

Сондықтан  мен  өз  ана  тілімді  анамды  жақсы  көргендей 

жақсы көрем.   Ана тіліміз – біздің туған тіліміз. Туған тілде 

сөйлеу – әр қазақтың парызы. Біз өз тіліміз арқылы тәлім-

тәрбие аламыз. Адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенге 

құрмет, кішіге ізетке үйренеміз. 

   Біздің  мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – 

ата-бабамыздан    келе  жатқан  асыл  қазына.  Сондықтан 

біз  тілімізді  ұмытпай,  қастерлеп,  қадірлеуіміз  керек. 

Біздің  тіліміздей  бай,  сұлу  тілді  мақтан  етпеу,  қадіріне 

жетпеу өзіміз үшін ұят. Ақын-жазушыларымыз қазақ тілін 

нақышына келтіре отырып, алтын  әріптермен көркемдеп, 

өлең шумақтарына қосып жырлатқан. Қадыр Мырза Әли 

ағамыз: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп 

бекер  айтпаған.    Тілдерді  білу  артық  етпейді.  Өз  тілің 

соның  барлығынан  да  қадірлі,  барлығынан  да  қасиетті, 

барлығынан  да  биік  емес  пе?    Әр  адам  өз  ұлтын  жер 

бетінде сақтап қалу үшін, ең әуелі өз тілін қадірлеуі тиіс. 

Өз тілімізді намыспен қорғау, сыйлау – біздің міндетіміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет