«Балдә Мен №42 «Ақ ниет» гимназиясының 2 «з» сынып оқушысымын. Маған тәлім



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата27.01.2017
өлшемі3,17 Mb.
#2784
1   2   3   4   5   6

 Ботагөз АБИШЕВА

№12 кітапхананың кітапханашысы



«Менің ұстазым»

Қуанышқали  Гүлназ, 1 «А» сынып 

оқушысы, Бөрлі ауданы

«Григорьев мектеп-балабақша 

кешені» 

Ақылшы ұстазым

Менің  ұстазым  болашаққа  батыл  қадам  басуымызды,  өскенде  ел  азаматы 

болуымыз үшін аянбай еңбек етеді. Біз сынып оқушылары ұстазымызды жақсы 

көреміз.  Біздің  ұстазымыз  әдемі,  көрікті.    Біз  оның  бізге  берген  білімін  ақтау  

керекпіз. Сыныбымыздың мақтанышы болу керекпіз. Ол үшін білімді, болу керек. 

Мен ұстазыма денсаулық, бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Ұстаздық өміріңізде ақылды, 

білімді, көрікті, әдемі болыңыз!



Адия МУСАҒАЛИЕВА

№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының 

2  «в» сынып оқушысы 

                                   

Менің ұстазым

Менің  ұстазым  әлемдегі  ең  жақсы  адам.  Ол 

маған  білгенің  барлығын  үйретіп  әдептілікті, 

тәртіптілікті  үйретіп  оқытты.  Менің  ұстазымның 

аты  -  Айгүл  Жамбылқызы.  Сыныпта  барлығы 

ұстазымызды  құрметтейді.  Менде  ұстазымды 

екінші анам сияқты құрметтеймін. Өскенде менде 

ұстазым сияқты ақылды ұстаз болғым келеді.

Тоғжан ТАЖИБЕКОВА

№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының  

2 «е» сынып оқушысы


№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

6

  Біздің ағай

Менің  ұстазым

 Менің 


сүйікті 

мезгілім


Біздің ағайымыз өте өзгеше жан. Көп сөйлеуді білмейді, бірақ қашан көрсең де күліп 

қарсы  алып,  шәкірттеріне  құрметпен  карайды.Сабақтарында  балалармен  бірге 

ойнап, бірге жүреді. Сонысымен де шәкірттерінің алдында беделді.

    


Ақжайық  ауданы,  Бітік  орта  жалпы  білім  беретін  мектеп-балабақшасында 

жұмыс  жасайтын  ардақты  ұстазымыз  -  Жалелов  Жонас    Ибатұлы  бізге  дене 

тәрбиесінен  сабақ  береді.  Біз  оны  өз  арамызда    «біздің  ағай»  деп  атаймыз.  Ол 

сабағында да, сабақтан тыс уақытта да салауатты өмір салтын  насихаттап, спортпен 

шұғылдануда  жетістіктерімізді  көрсетуді  мақсат  етеді.  Шәкірттеріне  өз  пәнінің  қыр-

сырын  игертуде  уақытпен  санаспай  еңбектенеді.  Соның  арқасында  былтырғы  оқу 

жылында біз аудандық футбол жарысынан - І орын, баскетбол ойынынан – ІІ орын, 

күзгі кросс жарысында – ІІІ орынды жеңіп алдық. 

    

Жонас Ибатұлы  жүргізетін «Шағын футбол»  секциясына 20 бала қатысамыз.  



Ағайымыз мереке күндері мектеп оқушылары арасында ойын-жарыстар өткізіп, біздің 

ойнау техникамызды шыңдап отырады. Жақын ауылдардан да командалар шақырып 

тұрады. Біз Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ұйымдастырылған  аймақтық жарыста  І орын, 

аудандық шағын футболдан І орын алдық.

    

Мамандығына сай өзі де күні бүгінге дейін аудандық, облыстық  сайыстарға қатысады. 



2013-2014 оқу жылының өзінде ол аудандық қазақ күресінен І орын, «Қазақстан Барысынан» 

ІІІ орын,  көктемгі спорттық – көпшілік шараларында  кір тасын көтеруден 

ІІІ орын, облыстық                                                                                                                        

Е.Ө. Қожахметов атындағы ашық турнирде І орын, Самбодан ардагерлер 

арасындағы облыстық чемпионатта ІІ орынға ие болды. Ол өз ісіне деген 

сүйіспеншілігінің  арқасында  бізді  де,  өзін  де  осылай  жеңіске  жетелеп 

отырады.  Мектебіміздің  директоры  Қуаныш  Айдынғалиұлы    жыл  бойы 

біздің ағайымыздың аудан, облыс көлемінде қол жеткізген  жетістіктері 

үшін алғыс хатпен марапаттады. Біз де өз ағайымызбен мақтанамыз. 

Қажымұқан МҰҢАЙТПАСОВ

Бітік ОЖББМБ-ның

9-класс оқушысы

Ақжайық ауданы,

Сүйікті ұстазым

Біз үшін тұлға өзіңсің

Біз үшін іңкәр сезімсің.

Мейірімділіктің шуағы

Жүзіңнен әркез сезілсін.

 

Менің ұстазым  - Узбекова Эльмира Аблайқызы, 



шәкірттерінен  бар  мейірімін  аямайды.  Шәкірттері 

үшін  талай  еңбектенді.  Әркез  білмегенімізді  үйретіп, 

түсіндіруден  жалықпайды.  Білім  беріп  қоймай,  барлық 

жақсы қылықтарға үйретеді. Көп оқып, көп білуге бағыт-

бағдар берген ұстазым Эльмира апайға алғысым шексіз.

АЙНҰР ЖУКОВА

Подстепный қазақ орта мектебінің

4 «а» сынып оқушысы

Мерекеңізбен, ұстазым!

Тек  отбасында  ғана  емес,  қызметінде  де  аналық 

қамқорлық  танытып  жүрген  жан  –  ұстаз.  Ұлағатты 

міндет  арқалаған  асыл  жан,  білімді  жеткізіп  қана 

қоймай, өмірлік тәрбие берді. Жаманнан жиренуге, 

жақсыдан  үйренуге  баулиды.  Білім  алудың  қиын 

жолында  қолдау  білдіріп,  шыңдарға  жетелейтін 

біздің  сүйікті  ұстазымыз  Айгүл  Саржанова 

аталаған міндетін мүлтіксіз орындап келеді.

Сабырлықпен  саналы  іске  ұмтылдыратын 

ұстазымызды және бала тәрбиелеу ісінде жүрген 

барлық  ұстаз  жандарды  төл  мерекелерімен 

құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, қажымас 

қайрат,  шығармашылық  табыс  тілей  отырып, 

шәкірттік лебізімізді білдіремін. 



АЯУЛЫМ КУНБОЛАТ

А.Байтұрсынұлы атындағы № 10 орта мектептің 

4 «а» сынып оқушысы

 Менің  ұстазымның  есімі  -    Ниқашева  Меруерт 

Қайланқызы. Алғаш қолымызға қалам ұстатып жазуды да, оқуды 

да  үйретті.  Қазір  мен  3-сыныпта  оқимын.  Білім  мен  тәрбие 

берген ұстазымнан көп нәрсе үйрендім.Бұл жетістіктерге жетуіме 

ұстазымның  еңбегі  зор.  Ол  өте  ақылды,  дарынды.  мейірімді, 

парасатты  жан.  Әрбір  сөзі  біздерді  әдепті,  мейірімді  болуға 

тәрбиелейді.  Ұстазыма  алғысым  шексіз.  Ұстазым  -  Меруерт 

Қайланқызын мұғалімдер  күнімен шын жүректен құттықтап, зор 

денсаулық, әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.



                                                                               

Мейіржан ХАМИТОВ

Т.Жароков атындағы орта мектептің

3  «ә» сынып оқушысы, Жәнібек ауданы

Мөлдір СЕРІК

Бөрлі негізгі орта қазақ 

мектеп жанындағы

 интернаттың - сынып 

оқушысы

Қаламымен 



ой тербеткен

  

М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасында облыстық 



«Жайық  ұстазы»  газетінің  бас  редакторы,  іздемпаз  журналист,  үздік 

аудармашы,  еліне  елеулі  қызмет  етіп  келе  жатқан  Ақжайықтың  ақын 

қыздарының бірі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Таубаева 

Ақмаржан  Батырқызына  арналған



  «Қаламымен  ой  тербеткен»  сыр-

сұхбат кеші өтті.



 

Ақмаржан  Бақытқызы    сол  бір  балғын  балалық  шағы  жайында 

көненің  көзіндей  болған  Таубай  атасы  мен  өте  ақылды,  талапшыл  

Нәсиха әжесінің тағылым мол тәрбиесін көріп өскенін әңгімелеп берді.

Сыр-сұбатта  айтыс  ақындарының  бірі,  Жұбантанушы  Үзілдік 

Елеубайқызы  –  асыл  ата  мен  ақ  әженің  құшағында  еркелеп  өскен 

Ақмаржан  Батырқызының  адамгершілігі,  досқа  беріктілігі  жайында 

сыр шертті. «Жайық ұстазы» газетінің арнаулы тілшісі, жетекші маман 

Рысты  Халауқызы  -  ел  қатарлы  жемісті  еңбек  етіп,  бесік  тербеткен 

Ақмаржан  Бақытқызының  жүрегін  мазалаған  талай  ойды,  талай 

қым-қиғаш  оқиғаны  ақ  параққа  түсіруден  жалықпаған  журналистика 

саласындағы қызметі жайында әсерлі әңгімеледі.

А.Бақытқызының ұстазы, сазгер ҚР-ның білім беру жүйесінің озық 

қызметкері Сүлейменова Роза Әжімұратқызы ақынның сөзіне жазылған 

бірнеше  әндерін  шырқады.  Ақын    өлеңдерінде    туған  жерге,  әкеге, 

анаға,  бауырларға,  сүйген  жарына  деген  махаббат  ерекше  сезіммен 

жырланады.

Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-ң 1-курс студенттері Науқанова Назерке 

«Жайық қызы – Нұр-Апа», Есен Нұржауған «Ақжайық айтсаң»

 өлеңдерін 

мәнерлі орындап, Төлеген Әсем «Қазақ қызы» деген арнауын оқыды.

Қолына  қалам  ұстап,  өз  үнін  айналасына,  өскен  жеріне  таныта 

білген Ақмаржан Таубаева кейінгі толқын сіңлілеріне үлгі-өнеге болып 

жүрген қарапайым апаларымыздың бірі. Дәл осындай ибалы да ізгі жан 

болуына әрине өскен ұясының шапағаты тигені сөзсіз. 

Кітапхана  қызметкерлері  әзірлеген  «Қаламымен  ой  тербеткен 

Ақмаржан» слайды көрсетіліп, «Ақжайық келсең, шежіре өлкем қарсы 

алар...»

 кітап көрмесін шолу жасалып автордың шығармашылығымен 

таныстырылды.

Көсем  сөз  бен  өлең  сөзді  тең  ұстаған  ақын  өмірбаянымен 

шығармашылығын  таныстыру  арқылы  жас  ұрпақты  әдептілікке, 

адамгершілікке,  отансүйгіштіке  тәрбиелеу  мақсатындағы  шара 

қонақтары  мен  кітап  сүйер  оқырмандарға  Орал  қалалық  кітапхана 

директорының  орынбасары  Райхан  Зейнетқызы    ризашылығын 

білдірді. 

       Бүгінде Ақмаржан Батырқызын қандай жанрда қалам тербесе 

де тілінің шеберлігімен, өзі өмір сүріп отырған қоғамның тағдыры мен 

болашағын  терең  ойлай  білетін    Жайық  өңірінің  батыл  да  қайраткер 

қыздарының бейнесінде бүгін оқырман кеңірек танып-білді.



Гүлдана ИЗГАЛИЕВА

М.Горький атындағы қалалық

 кітапханасының  оқу залының меңгерушісі

Міне, қыркүйек айы да келді. Мен 

жазғы  демалыстан  кейін  мектепке 

асыға  бардым.  Өйткені,  1  қыркүйек 

–білім  күні.  Бұл  мезгілде  барлық 

оқушыларға 

сабақ 

басталады. 



Мен  сыныптастарыммен  сағына 

қауыштым.  Сонымен  қатар  күз 

мезгілінде  дәнді  –дақылдар  піседі. 

Күз  –молшылықтың,  байлықтың, 

берекенің  айы.  Сондай  –ақ,  күздің 

екінші  айында  менің  туған  күнім. 

Биыл мен оныншы қазанда 7 жасқа 

толамын. Жыл сайын күз мезгілінде 

мен есейіп келе жатқанымды сеземін. 

Маған  күз  мезгілі  сонысымен  де 

қатты ұнайды.

Нұрахмет ҚАБДОЛЛА 

№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының 

2 «е» сынып оқушысы


№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

7

 «Қат


«Тілге құрмет – елге құрмет!»

Жаса, жаса қазақ 

тілім!

Жаса, жаса қазақ тілім,



Жаса,  жаса  ғажап  тілім,-  деп,  ән  салып 

жүргеніміз қазақ тілінің арқасы. Иә, мен қазақ болып 

туғаныма  қуанамын.  Менің  қазақ  тілім  мемлекеттік 

тіл.  Туған  тілім  –  қазақ  тілі.  Бұл  тілдің  байлығында, 

сұлулығында  шек  жоқ.  Даналық  сөз,  мақал-мәтел, 

көркем  шығармалар,  өлең-тақпақтардыбәрін-бәрін 

қазақ тілі арқылы үйренеміз. Туған тіл деген сөздің өзі 

жүрекке ыстық. Бай, шешен тіл. «Тілін білмеген, түбін 

білмейді» дегендей, өзін дүниеге әкелген анасын да, 

Отанын  да,  елін  де  түсініп  жарытпайды.  Мен  өзімді 

әлемдегі ең бай, ең сұлу тілді сүйсіне сөйлейтінім үшін 

бақытты санаймын. Тілімнің ғұмыры ұзақ болсын!



Абзал ӨТЕБАЙ

ТегісшілЖББНМ-нің4-сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

ҚАЗАҚ ТІЛІ – БАБАМ ТІЛІ, 

ӨЗ ТІЛІМ

Қазақ  тілі  –  ҚР  мемлекеттік  тілі.  ОлXV 

ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып 

болған еді. Қазақ тілі 1989 жылдан бастап Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тілі  мәртебесіне  ие 

болды.  Ол  осы  мемлекеттің  түпкілікті  тұрғындары 

қазақтан басқа Қытай Халық республикасы, Монғолия, 

Иран,  Ауғанстан,Түркия  мемлекеттері  мен  ТМД 

елдері  Ресей,  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Түркіменстан 

сынды  республикаларында  тұратын  да  қазақтардың 

ана  тілі  болып  табылады.  Қазақ  тілі  өзіндік  әдеби, 

ғылыми  және  саяси  жазу  нормасы  қалыптасқан  бай 

тіл.  Қазақ  тілінің  тарихы  әртүрлі  тарихи  кезеңдерді 

бастан  кешірген  қазақ    халқының  тарихымен  тығыз 

байланысты.  Өзінің  лексикалық-грамматикалық, 

фонетикалық белгілері жөнінен ол қыпшақ тілдерінің 

тобына кіреді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда 

сөздік  қоры  жөнінен  қазақ  тілі  –  ежелгі  тұтас,  таза 

қалпын сақтап  келе жатқан тілдердің бірі. Сондықтан 

да, ол қыпшақ тілдері тобының ішінде ерекше орынға 

ие. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешкен 

ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде 

әдеби  шығармалар,  ғылыми-бұқаралық,  техникалық, 

құқықтық,  педагогикалық,  саяси,  өнертанушылық 

әдебиеттер  жарияланады.  Әліпбилік,  графикалық, 

ерекшеліктері бар ана тіліміз бай да құнарлы тілдердің 

қатарына жатады. Қазақ тілі еліміздегі азаматтардың 

өзара  қарым-қатынас  тілі  болумен  ғана  шектеліп 

қалмай,  оның  мұрағаттық,  ақпараттық  қасиеттері  де 

мол. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және 

түрлі  әдеби  мұралар  бүгінгі  ұрпаққа  өзіміздің  ана 

тіліміз  арқылы  жетіп  отыр.  Қоғамның  алға  жылжып, 

өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады. 

Қазіргі  уақытта  кез  келген  азамат  кемінде  үш  тіл 

білуі керек, өйткені біз көп тіл білу арқылы еліміздің 

болашағының  дамуына  зор  үлес  қосатын  ұрпақпыз, 

сондықтан да көп тіл білген ешкімге де көптік етпейді, 

ал өз ана тілімізді ұмытпай, ардақтау - парызымыз!!!



Аида ҰЗАҚҚАЙРОВА, 

№1 ОЖББМ-нің 6 «б» сынып оқушысы

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы

Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастығы. Әр халықтың 

өзінің ана тілі бар. Олар сол тіл арқылы оқып, білім алады, 

дамиды.  Халқымыздың  аса  бай  рухани  қазынасы  боп 

саналатын  ана  тіліміз,  ол  –  қазақ  тілі.  Қазақтың  дархан 

даласындай  кең,  бай  тіліміздің  күші  мен  құдіретін  туған 

халқымыз әуелден бағдарлап, сөз өнерін барша өнердің 

басы деп санаған. 

Тілге  деген  құрмет  –  халыққа  деген  құрмет.  Тілсіз 

халықтың,  елдің  өмір  сүруі  мүмкін  емес.  Әлем  таныған 

ел  болу  үшін  алдымен  тіліміздің  жұлдызын  биіктетуіміз 

керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға 

ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам 

туған жерін, елін, Отанын, атамекенді де сүйеді. Қазақ тілі 

-  ұлтымыздың мақтанышы, еліміздің айнасы. Қазақ тілі - 

тектіліктің тұғыры, ол ұлттық намыс пен рухтың қайнар көзі. 

Өз тілін білмеген ұрпақ алыстан бақыт тапқанмен, түптің 

түбінде  өз  кемшілігі  үшін  өкінетін  болады.  Өйткені  көп 

нәрсенің байыбына барып зерделей алмайды. Халықпен 

бірге  мәңгі  жасайтын  ол  тіл.  Сондықтан  да  ана  тілімізді 

мәңгі қастерлейік! 

Айнара СЕРІК, 

№1 ОЖББМ-нің  7-сынып оқушысы

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы

Ана тілім  - бақытым

Ана  тілі - халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай 

бай. Қазақ сөзі  қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады.

Қазақ тілі қасиетті. Ана  тілі бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. 

Ана тілін біз кішкентай кезімізден  әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан 

біле  бастаймыз.    Ана  сүтіндей  бойымызға  біртіндеп  сіңеді.  Халықтың  

тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі,  ұлттық мәдениеті.  Тіл арқылы  

біз оқып, білеміз, одан ғибрат аламыз «Өнер алды - қызыл тіл » деген осыдан 

шыққан  болар.Тіл    халықпен  бірге  жасайды,  дамиды,  өркендейді.  Біздің 

осындай  халықтық  қасиетті  мұрамыз,  ана  тіліміз  –  қазақ  тілі.  Әр  халықтың 

өзінің ана тілі бар. Тіл ұлттың жан дүниесі. Ана тілі - алтын қазына. 



  Дильназ ТЕМИРХАНОВА

  Ғ.Абдуллин атындағы ОЖББМ-нің

3-сынып оқушысы

Тау ауылы, Жәнібек ауданы,

Ана тiлiм

Тіл-қатынас  құралы.  Тіл  арқылы 

адамдар 

бір-бірімен 

сөйлеседі, 

араласады.  Менің  ұлтым  -қазақ. 

Қазақстанда  тұрамын,  қазақ  тілінде 

сөйлеймін.  Әр  адамға  туған  анасы 

қандай  қымбат  болса,  туған  тілі  де 

сондай қастерлі.

Қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл. 

Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлттар 

мемлекеттік  тілді  білуі  керек.  Барлық 

адам өз ана тілін қадірлеп, мақтан тұту 

керек деп ойлаймын.

Рашид НАУРЫЗБАЙ

ТегісшілЖББНМ-нің 3-сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

Қазақстан 

Республикасы 

Тілдері 


мерекесі күніне орай,. «Балауса» мектепке 

дейінгі  ұйымында  мерекелік  іс-шара 

оздырылды.  Тәлім  -  тәрбиемен  қатар, 

Үш  тұғырлы  тілді  меңгертіп  келе  жатқан 

балабақша  ұжымы  меркеге  орай  қонаққа 

өзімізің  елден  Қыз  Жібекті,  орыс  қызы 

–  Маша  мен  ағылшын  елінен  Пеппиді 

шақырып  балалар  көңілін  бір  серпілтіп 

тастады. Балалар үш тілде әуелетіп әндер 

шырқап,  мың  бұрала  би  билеп,  жырдан 

шашу  шашты.  Қонақтар  да  құр  алақан 

емес,  сый-тартуларын  ала  келген  екен, 

қазақ  менталитетінің  бейнесін  көрсеткен 

Қыз  Жібек  қазақтың  ұлттық  ойындарын 

ойнатып, кішкентай бүлдіршіндермен бірге 

«Үкілі  қыз»  биін  тарту  етті.  Риза  болған 

көрермендер  қол  соғысып,    бір  ауыздан 

«бәрекелді!» десті. Машенька болса Тілдер 

мерекесіне  өзінің  балаларға  жүрекжарды 

құттықтауын  арнап,  олармен  қызықты  да 

көңілді  ойындар ойнады. Балалық шақтың 

балын сезінген бүлдіршіндердің қуаныштан  

жүздері  бал-бұл  жанып,  мәз-мейрам 

болды.  Үшінші  қонағымыз  –  Пеппи  де 

ағылшын тілінде балалармен амандасып, 

құттықтап,    олардың  шет  тілінде  айтқан 

өлеңдеріне, тақпақтарына риза болып, өзі 

де мерекелік сыйын алға тартты.

Осы  орайда  осы  кештің  өтуіне 

мұрындық  болған,  көп  жылдар  орыс 

тобына  мемлекеттік  тілді  үйретуде 

ұтымды  әдіс-тәсілдерді  жетік  меңгерген, 

2-санатты, 

білікті 


ұстаз 

Аққалиева 

Айнаш  Ғалимоллақызының  еңбегін  де 

ерекше  атап  өткен  жөн.  Ол  орыс  тілді 

бүлдіршіндеріміздің 

қазақ 


тілін 

үйренуге 

деген 

қызығушылығын 



оятып,нәтижесі 

түрлі 


атаулы 

байқауларда,  соның  ішінде  «Қуыр-

қуыр-қуырмаш» 

сайыстарының 

алдыңғы жүлделерінен көрініп жүр.

Бейбітшілік 

пен 

татулық 


тұрақтаған «Қазақстан» деп аталатын 

ортақ  шаңырақ  астында  ұлтына, 

тіліне бөлмей, бір атаның баласындай 

болып  берекелі  өмір  сүріп  жатырған 

халық 

екенімізді, 



қазақ 

тіліміздің 

құдіреттілігін  ұғындырған  бұл  кештің 

балалақша балғындары үшін  берер тәлім-

тәрбиесі  зор  болды.    Ана  тілінің  қадір-

қасиетін  жоғары  қоятын,  оны  қастерлеп, 

көздің  қарашығындай  сақтайтынұл-қызды 

тәрбиелеуді  мақсат  еткен  балабақша 

ұжымы  әрі  қарай  да  жұмыстарын 

жалғастырмақ.  Тіліміз  өсіп-өркендеп, 

еліміздің еңсесі биік болсын демекпіз!

                                                                       

Жұлдыз ЕСЕНАМАНОВА   

 Ағылшын тілі мұғалімі  

Орал қаласы

Ұлы тіл


Ата  –  бабаларымыздан  қалған 

асыл құндылықтарымыздың бірі – ана 

тіліміз.  Еліміздің    ең  асыл  байлығы 

жер  мен  халқы  болса,  тілсіз  халық 

болмайды.  Ел  басқарған  көсем  де, 

сөз  бастаған  шешен,  қол  бастаған 

батыр  да  анасының  сүтін  еміп,  ана 

тілге  қанығып  өседі.  Ал  қазіргі  қазақ 

қоғамында ана тілге сусындап өскен 

жастар  кемде  –  кем.  Ана  тілімізде 

сөйлемеген  ер,  ертеңгі  күні  елін 

қорғауды  міндеті  санамайтынына 

кім  кепіл.  Елі  үшін  жанын  бермеген 

ер  елін  де,  тіпті  анасын  да  сатып 

жіберуі  мүмкін.  Талай  ғасырларда 

халқымызбен  бірге  өмір  сүрген  ана 

тіліміз  бірнеше  тарихты  бастан 

кешті.    XV  ғасырда  Қазақ  хандығы 

құрылғаннан  бері  қазақ  тілі  талай 

қуанышты көрді.

Ең  үлкен  қуанышы  мен  байлығы 

поэзияда  саф  алтындай  Абай  мен 

Махамбетті,  Мұқағали  мен  Қадырды 

туғыза  білді.  Туған  ұлдары  арқылы 

өркендеп, туған ұлдары арқылы сола 

білді. Ана тілдің болашағы ұрпақтан- 

ұрпаққа  беріліп  отырды.  Әр  дәуірдің 

ұрпағы  өз  тілін,  өз  Отанын  өзінше 

биікке  көтере  білді.  Толқын  мен 

толқын жалғасып кезек қазіргі қоғамға 

келді.  Қазақ  тілінің  қазіргі  жағдайы 

тіпті сорақы. Өмір мен өлім таласқан 

бүгінгі  күнде  ана  тілін  құрметтейтін 

жас  өте  аз.  Оған,  біріншіден,  ата  - 

анасы,  екіншіден,  өмір  сүріп  жатқан 

ортасы кінәлі. Ата – ана ең алдымен 

қазақ тілін ту ғып көтермесе, ұрпағына 

не  жорық.  Ал  баланың  ортасы  өзге 

тілде  сөйлесе  бала  да  сол    бағытқа 

икемделеді.  Сондықтан  қазақ  тілді 

кез-келген жерде дамытуымыз керек. 

Әйтпегенде  кейбір  достарымызға, 

бауырларымызға,  қандастарымызға 

кесіріміз тиюі мүмкін.

Әдеби тіл  ана тілі  халықпен бірге 

мәңгі  жасайды.  Өз  тілімізді  өзіміз 

өркендетпесек,  қазақ  тілін  басқа  ұлт 

өкілдері  өркендетпейді.  Келісемін, 

орыс тілі, ағылшын тілі – дүниежүзілік 

тілдер, әлемдік тіл, оларды  білуіміз 

керек. Бірақ өз қанымыз ана тілімізді 

ұмытпайық.  Ал  кімде  –  кім  өз  тілін 

білмесе,  ол  адамда  Отаны  да, 

тарихы  да,  әдебиеті  де,  мәдениеті 

де  болмайды.  Қазақ  тілінің  ең 

сорақысы-  өз  ұлының  өз  анасын,  өз 

тілін білмеуі.

Ана тілім – арым, арым – жүрегім, 

жүрегім – Отаным, Отаным – отбасым. 

Әр  азамат  қазақ  ұлы  ретінде  өз  ана 

тілін біліп, құрметтей білуге тиіс!

Мейрамбек ҚАДЫРБЕКОВ

Теректі аудандық «Үміт» 

лингвистикалық

   гимназиясының 8 - сынып оқушысы 

« Жас қаламгер » үйірмесінің мүшесі

Теректі ауданы

Ана тілі – тектіліктің тұғыры

Ана тілің  -  арың бұл


№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

8

Ақ т


Ая

Мысы


Асы

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Қазақ тілім – ғажап тіл

 

Қазақ  тілі  Қазақстан  Республикасының 



мемлекеттік тілі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. 

Әр халықтың ұлттық құрмет тұтар өз ана тілі бар. 

Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған 

туған тілінде сөйлеуі тиіс. Тіл қай ұлттың болмысын 

тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізгі 

қатынас  құралы.  Жыл  өткен  сайын  ана  тіліміздің 

мәртебесі өсіп келеді. Тіл туралы заң қабылданды. 

Қазақ  тілі  өзінің  даласындай  бай,  даланың  қоңыр 

желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Тіл халықтың 

жаны. Ана тілі жоқ жерде ұлтта жоқ. Тіл арқылы біз 

оқып, білім аламыз. Қалаған мамандықты игереміз. 

Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы 

– отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде 

айтып, сол тілде қуаныш, ренішіңді бөлісіп өзіңді,өзгені жұбату болып 

табылады. Мен өз ана тілімді сүйемін және құрмет тұтамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет