Б. ИСАҒАЛИЕВА
М.Горький атындағы кітапханасының
Оқу залының кітапханашысы
Садиров Исатай
4 “а” сынып оқушысы
Бакет Ақбобек
№44 ЖОББМ, 1 “г” сынып
Кең дүниенің есігін
айқара ашып...
Ұстаз...Оңашада отырып, ұстаз туралы ойға кетсем, көз
алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі
көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы
естеліктерге жетелей жөнеледі. Ұстаз
бейнесі-шәкірт үшін адамгершіліктің ең
жоғары үлгісі. Ұстаз шәкіртінің білімін
шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып,
талай асуларды бағындыру жолындағы
қолдаушысы екендігі баршаға белгілі.
Осындай өмірден өз орныңды табуға жол
бастайтын,үлгі-өнеге, ақыл-кеңес беретін
жанашыр ұстаздың болуы үлкен бақыт.
Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын
тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты
шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып
санасына сан қырлы сәуле құюы да баба
сөзінің салмағы болар. Осындай ұлағатын
ұдайы көрсетіп келе жатқан ұстазым, қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Аюпова Тоғжан Орынғалиқызы.
Бастауышпен қоштасып, 5-сыныпқа аяқ басқан кезіміз.
Бастауышта барлық сабақтан бір мұғалім бергеніне дағдыланған
бізге әр сабақтан әр түрлі мұғалімнің бергендігі қызық көрінетін.
Алғаш сабақ берген мұғалімге сыни көзбен қарайтынымыз
әуел бастан белгілі ғой. Дәл солай әр нәрсеге бір таңданып
жүргенімізде бір күні сабаққа аққұба өңді, әдеміше келген бір
мұғалім кіріп келді. Бұрын көріп жүргенімізбен ол ұстазды тани
бермейтінбіз. Сабақ барысында ол бізге өзін таныстырып,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретіндігін айтты. Мен әдебиет
әлемінің әдемілігін осы ұстазымнан білдім десем артық
айтқандық емес. «Ұстаздың бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде,
өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде» деп Меңделеев
зерделегеніндей, Тоғжан апайдың шәкірттерінің алдыңғы
буыны – республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етіп
жүрген әдебиет саласының майталмандары болса, артқы
буыны - университет қабырғасында білім алып жүрген жандар.
«Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» дейді дана
қазақ. Сандаған шәкірт тәрбиелеп, әдебиет саласына сүбелі
үлес қосып келе жатқан осындай ұстаздан білім алу мен үшін
үлкен мәртебе. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,
ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, Тоғжан
апайдың тәлімі мен білім жолына қаймықпай қадам басып
мен де келем. Менің түсінігімдегі ұстаз білгенін үйретуші ғана
емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық
адамның бойынан жақсылық іздейтін рухы таза, ой-өрісі биік,
өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың
бақыты мен кәдесіне жарататын, жүрегі-жылы, көңілі-дарқан
адам. Тоғжан Орынғалиқызы апайымды мен осылай танимын.
Азиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,
«Самал» газетінің жас тілшісі,
Көпжасар ауылы, Жаңақала ауданы
№№19-20 (203-204) 11.10.2014 ж.
4
А л ғысымыз шексіз
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп - ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, егемен
еліміздің ертеңі болар білікті де білімді шәкірт тәрбиелеуде табандылықпен жұмыс
жасап, шәкірттерінің, әріптестерінің, ата-аналардың құрметіне бөленіп жүрген аяулы
ұстаздар аз емес.
Солардың бір - қаламыздағы № 37 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш
сынып мұгалімі -
Нұрбайырова Бағдагүл Төлегенқызы Ол Ұстаз деп аталатын
осы бір қадірменді мамандығын өмірлік мақсатына айналдырып өз бойындағы жүрек
жылуын балаларға ұялата білген олардың бастауыш сыныпта негізгі білімді жақсы
меңгеруіне бар күш жігерін аямай, білімі мен білігін ұрпақ тәрбиесіне арнап журген аяулы
жан. Осы орайда Ұстаздар мерекесі қарасаңында балаларымыздың сынып жетекшісі
Бағдагүл Төлегенқызына беріп отырған білімі мен тәрбиесі үшін ата-ана ретінде
алғысымызды білдіреміз. Осынау төл мерекеде балаларымыздың
сүйікті ұстазы
Бағдагүл Төлегенқызына деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық шабыт
пен толағай табыстар тілейміз. Еңбегіңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз өзіңіз сияқты ұлы
тұлға болсын.
№37 ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушылары ата-аналары атынан:
Айдана ЕСЕНАМАНОВА
Мұғалім неліктен
өзгеру керек ...
Жуырда Алғабас ОЖББ мектебінде жоғары
санатты мұғалімі, мектебіміздің оқу ісінің орынбасары,
І деңгейлі бағдарлама бойынша өз білімін жетілдіріп
жатқан Бахитжанова Жанна Бақытжанқызының
ұйымдастыруымен мұғалімдер мен ата-аналар арасында
Коучинг (ағылшын тілінде-coaching; тәлім ету, дайындау,
жаттықтыру) ұйымдастырылды. Коучигтің мақсаты бірінші
деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі
функциясын оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді
енгізу,өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу,
желілік қоғамдастық құру. Коуч Ж.Бақытжанқызының бұл
бас қосуды ұйымдастырудағы міндеті мектеп мұғалімдеріне
«көшбасшы мұғалім» болу. Бұл Коучингтің ерекшелігі -
мектеп мұғалімдерімен қатар мектеп медбикесі , аймақ
мұғалімдері,ата-аналар, барлығы жиырма төрт адамның
қатынасуында.
Коучинг ең алдымен жұптық «Танысу» тренинг
арқылы басталды. Тренинг барысында әр жұп бір-біріне
жақсы сөздер айтып,бойларындағы жақсы қасиеттеріне
баға берілді. Коучинг ІІ бөлімнен құрылған. І бөлімде
мұғалімдер пікіріне кезек берілді.Әріптестер берілген
түрлі-түсті стикерлерді таңдау арқылы төрт топқа
бөлінді. Әр топқа Коуч Жанна Бақытжанқызы
«Мұғалім
неліктен өзгеруі керек ? » деген өзекті сауал тастап,
әріптестерді осы сауалға орай топтық жұмыс арқылы ой
толғанысқа, пікір алмасуға шақырды.
Әрине бұл сауал
барша әріптестерімізге ой салатын, ойланатын,
ойландыратын мәселе...
Әр топ өзекті сауалды талқылап, өте жақсы
жұмыстарын қорғап, дәлелді пікірлер айтты.Топ бір-бірінің
іс әрекеттеріне, дәлелді пікірлеріне критералды баға берді.
Коуч
Жанна Бақытжанқызы «Неліктен біз мұғалімдерден
қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап,
жұмысты орындауды сұраймыз? Себебі- алғашқыда
мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті
өзгересіз. Сіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс
болған емес-көбіне ол миссия, міндет,сондықтан
сіз өзгересіз. Сіз балаларға жаныңыз ашу, әрі ол
біліммен дағдыларды меңгергенге дейін сіз оларды
балаларға бере алмайсыз, сондықтан өзгересіз.
Неліктен өзгеру қажет ? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі
әлемдегі барлық адамдардың ішінен мұғалімдер
ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде
тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын
білдіретінін түсінгендіктен өзгересіз.Сіз мұғалім болу
ақшадан,мәртебеден, танымалдықтан да артық екенін
ұғынып мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз.
Сіз дұрыс бірдеңе істеу үшін өзгеруге тиіссіз » - деп
үлкен ойтолғаныспен топ жұмысын қорытындылады.
Коучингтің ІІ- бөлімінде оқушы пікірі талқыланды.
Коуч Жанна Бақытжанқызы
«Мектеп жақсы жер – бірақ
мен оған жоламаймын...» деген оқушы пікірін ортаға
салды. Бұл пікірге «Келісемін», «Келіспеймін», «Қалыс
қаламын», «Ерекше пікір» айтамын деген әріптестер,
ата-аналар өз қалауларымен топтасып, дәлелді пікірлер
айтып, жауаптарын қорғап шықты. Әр топ бір-бірінің
жұмыстарына критералды баға берді. Оқушы пікірінің
ерекше екенін дәлелдеген «Ерекше пікір» тобы оқушының
қазіргі заман талабына сай қашықтықтан оқыту жүйесін
меңзеп отырғанын,уақытты тиімді пайдалану, қаржы
үнемдеу, әр нәрсенің жүйелілігін ойластырып, бағамдап
отырған оқушы екендігін дәлелдеді.
Бұл жаңа бағыттағы өткізілген «Коучинг» - ата-
аналарды, мұғалімдерді жаңашылдыққа, топтық, ұжымдық
мақсатында жүргізілген теориялық әдіс-тәсілдерді
практикалық тұрғыда баламен жүйелі жұмыстану үдерісі
алға қарай жылжуына көмектессе , нұр үстіне нұр болар
еді. Мектеп директоры К.М Исимова :
«Мектебіміздегі
Коуч Жанна Бақытжанқызы тәжірибелі мұғалімдерге
ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен
мектепте жақсы тәлімгер болуға лайық маман» екенін
айтты.Барлық мұғалімдер қауымы алдағы тоқсандарда
өтетін Жанна Бақытжанқызының коучингтеріне қатынасып,
өзгеруге тырысайық ...
Алтынгүл САҒЫНДЫҚОВА
Алғабас ОЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі
Ақжайық ауданы
Жаны ізгі жан
Балаларымыздың бастауыш сыныптағы ұстазы туралы әңгімелеп өткіміз
келеді.Ұстаз деген өмірде сондай үлкен орын алады,өйткені оқушыға тек білім беріп
қана қоймай оны өзіне талап,мақсат қойып, оған жетуге жетелейтін ізгі жан.
«Күшті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»- дегендей, білім мен тәрбие алған адам өмірде
өз орнын табады. Біздің балаларымыз 4 «ә»сынып оқушыларының сынып
жетекшісі,әрі пән мұғалімі - Жаннат Қалидоллақызы мейірімді,еңбекқор өз
көңілімізден шығабілген жан.3 сыныптан бастап сабақ берсе де сол екі жылдың
ішінде балаларымыздың білімін алға жетелеп білім мен тәрбиенің саласында
тынымсыз еңбек етіп оқушыны да,ата – аналарды да өзіне баурап алды.
Сыныптың оқу үлгерімі жақсы. Балаларымыздың жеткен жетістіктері де
өте көп. Әлия аудандық олимпиада,ғылыми жоба жүлдегері, Марлен «Жас
дарын»III орын,сынып математика апталығында I орын, дүниетану апталығында
II орын, «Абай оқуында»аудандық бас жүлде Әлияға бұйырды, сыныпаралық
тіл апталығында II орын және шығармашылық жұмыстардан көзге түсіп жүрген
оқушылары да жетерлік. Балалар әдебиет пәніне де қызығушылықпен қарайды.
Себебі мұғалім өзі дарынды,тіл мәдениетіне шебер, кез-келген тақырып пен
қарапайым сөздің өзіне де мәнерлі сөйлейді.
«Жақсы шәкірт ұстазынан» демекші балалары да өз жадынан өлең шығаратын
талантты. Осы балалардың таланттарын танып ашып жұмыстанып жүрген осы
біздің Жаннат апайымыз. Сабақ беру дәрісі де өзгеше, сабақта бар оқушылар
жарыса қатысады. Тәрбие сағаттарының кез-келгенін де қызықтыра өткізеді.
Мына біз, ата – аналар бір елі қалған емеспіз. Мұғалім психологиялық тұрғыдан
да жұмыстанып баланың ашылып, өз ойын бөлісуін де қадағалайды. Әр ісіне
жауапкершілікпен қарайтын, адам жанын терең түсінетін, өзгелерге үлгі болатын
беделді ұстаз Жаннат апайымызбен қимай-қимай қоштасамыз. Сіз сияқты
беделді ұстаздар көп болғай. Сізге мықты денсаулық,ұзақ ғұмыр, отбасыңызға
амандық пен бақыт,шаңырағыңызға шаттық пен мереке,еңбегіңіздің жемісін
көріп, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін,жақсы түлектеріңіз
көбейсін деген адал ниетпен тілек жолдаймыз!
Осы мақаланы мынадай өлең жолдарымен аяқтаймыз:
Көсем болып тұрасың әлі бізге,
Сән қосатын секілді сәнімізге
Білім беріп оқытқан еңбегіңді
Ұмытпаймыз баламыз да,бәріміз де.
Салтанат САРАЙТОВА
Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы
Ағайымызға ақ тілек
Құрметті «Самал» газетінің редакциясы біз өздеріңізге алғаш рет мақала
жіберіп отырмыз. Алдағы келе жатқан Қазақстандық ұстаздардың барлығын төл
мерекелерімен құттықтай отырып,
еңбектеріне
шығармашылық
табыс тілейміз. Біз алғашқы
ұстазымыз - Казбек Рысқалиұлына
арнаған жүрек жарды жазған
шағын
шығармаларымызбен,
өлеңдерімізді
жібердік.
Газеттеріңіздің балалар шығарма-
шылығы айдарына жариялаула-
рыңызды сұраймыз.
Жамбыл жалпы білім беретін
мектеп-балабақшасының
4- сынып оқушылары
Жусандой ауылы,
Қаратөбе ауданы
ҰСТАЗЫҢДЫ ҰЛЫ
ӘКЕҢДЕЙ СЫЙЛА
Осынау мысқылы мен күңкілі күшейген
заманда бұл мақалды бала санасына жиірек салып
тұрсақ, артық етпейтін тәрізді. Үш жүз алпыс бес
күннің біреуінде ғана көңіл бөліп, ұстазға құрмет
көрсету, мадақтау жеткіліксіз. Олай деуіме, себепкер
бар. Ол қаламыздағы М.Б.Ықсанов атындағы №36
ОЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі - Макаримова Гаухар Абылайқызы.
Бір көргеннен өзінің қандай оқытушы, тәлімгер екенін ұқтыра білген мұғалім ғана
әрқашан жетістік жалауының астында, сый –құрметке бөленіп жүреді. Өзгені білмеймін,
өзіме Гаухар Аблайқызы алғаш көргенімде баламның жолы болғанын ұқтым. Сезімім
алдамапты. Ол өз ісінің хас шебері. Әр бала, әр ата- ана оның назарында, барлық сабағы,
ата- аналармен кездесуі мереке іспеттес.
Балаларға деген жанашырлығы, өз еңбегіне деген талабын кеңес сабақтарынан,
қосымша дайындықтарынан көруге болады. Ата – аналарды жинап, әр пәнді балаға қалай
жеткізу, қалай оқыту жөнінде кеңес береді. Шындығында, бұны барлық мұғалім біледі,
тек бірегейі ғана жүзеге асырады. Әр ата- аналармен кездесулеріне де тыңғылықты
дайындалады.Бір жиынның бағдарламасы екіншісіне ұқсамайды. Бірақ барлығының
мақсаты бір: ата – ананың балаға жеткілікті көңіл бөлуге жұмылдыру, балаларға ата –
аналарының махаббаты мен пейілін ұғындыру.
Оқу жылының соңғы жиналысында «сиқырлы хат» ойынын, яғни, ата – аналардан
ризашылық, өкпе –наз немесе ұсыныстарын жасырын атпен жазуды сұраған кезде,
көздеріне жас алып, алғыстарымызды бір парақ қағазға сыйғыза алмағанымызда рас.
Осының өзі Гаухар Абылайқызының оқушы алдында қаншалықты беделді, сыйлы, аяулы
екендігін дәйекті дәлелі.
Зиялы, салауатты, еңбексүйгіш ұрпақ өссе, ата- ана мен қазақтың мерейі. Осындай
жолда тынбай тер төгіп жүрген, білімділік, ізденімпаздық, тәртіптілік, жанашырлық секілді
оң қасиеттерді бойына сіңірген жанды «ұстаз» демеуге хақың бар ма?
Бой түзеп жүр, ой түзеп жүр,
Шәкірттерің өзіңізге ілесіп.
Сізге лайық, Сізге лайық,
«Ұстаз» деген ұлағатты ұлы есім!
№36 ЖОББМ-нің
2 «Б» сынып ата – аналары атынан
САМАЛ СЕРІККАЗИЕВНА
Ұстаз, ана - ардағым
№№19-20 (203-204) 11.10.2014 ж.
5
Тал
Ұстаздарға тілек
Әр адам ұстазды қадір тұтады. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған,
сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз
әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын
орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін
жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
«Ұстаз» сөзінің өзі «Отан», «Ар», «Адамгершілік» сияқты қасиетті
ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.
Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну
міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік
жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселлерін
шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда,
құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі мінддеттерін рухани бай,
педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік
меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады.
Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты – озып
туған шәкірті» десе, аттарыңызды ай-әлемге паш ететін талантты да білімді
шәкірттеріңіз көбейе берсін!
САИДА САХИПОВА
№ 10 А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің
4 «д» сынып оқушысы
БАстАуыштАғы
ұстАздАрымды
қимАймын
...
Міне, жаңа 2014-2015 оқу жылында мен жоғары сыныпқа
өттім. Бастауышпен қоштастым. Бастауыш сыныпта жүрген
еркеліктерім енді болмайды. Бастауыш сыныптарда сабақ
берген ұстаздарымды қимаймын. Сынып жетекшім - Нұрлы
Сайынқызы анамнан кейінгі ақылшым, қамқоршым болса,
өзін-өзі тану пәнінен сабақ беріп, жақсы тәрбиелі болып
өсуімізге көмектескен Гүлзада Тыныштыбайқызын, үнемі
қатемізді түзеп, сыныпта үлгілі болып қалыптасуыма
атсалысқан Бисембаева Күлайм Зинешқызының еңбектерін
қалай ұмытайын.
Мен сіздерден алған білім мен тәрбиемді әрі қарай
алға жалғастыруға уәде беремін. Сіздерге еңбекте табыс,
деңдеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
ИСАТАЙ ШАПАҒАТ
Подстепный қазақ орта мектебінің
5 «б» сынып оқушысы
Алғашқы
ұстазым
Ардақты да мейірімді, алғашқы ұстазым,
ол – Мұратова Клара Орайқызы. Ол кісіні мен
мақтан тұтамын. Өйткені, ол - өте мейірімді
ақылды жайлы болатын. Сабағына асыға
баратын едік. Мен болашақта ұстаз болуға
армандаймын. Ұстазым Клара Орайқызы
сияқты ақылды білімді боламын. Мен алғашқы
ұстазымнан үлгі тұтып, рахметімді айтамын.
АЛБИНА ЖОЛДЫҒҰЛОВА
Подстепный қазақ орта мектебінің
5 «ә» сынып оқушысы
Менің ұстазым
Мен
№
10
Ахмет
Байтұрсынұлы
атындағы
орта
мектептің 3 «д» сыныбында
оқимын. Менің ұстазым - Бибігүл
Төлегенқызы
өте
парасатты,
еңбекқор жан. Мен ұстазыммен
мақтанамын. Ұстазымыз біздерді
әрдайым білімді, тәртіпті, досқа
адал, еңбекқор болуға тәрбиелейді.
Менің ұстазым әрдайым бізге білім
беруден жалықпайды.
ДИЛЬНАЗ МАКЫМОВА
№ 10 орта мектептің
3 «д» сынып оқушысы
«Алғашқы ұстазым»
Абдеш Махаббат
1 «А» сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
«Григорьев мектеп-балабақша кешені»
Баба өнерін балаларға
дарытып жүр
Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
(Қ.Аманжолов)
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық
музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай
сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра
ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған.
Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін
отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Сондай қазақтың күй өнерін ас қадыр тұтқан, қазақ арасында күй өнерін одан
артық ешкім игермеген күй атасы, сазгер, асқан дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының (күйдің) классигі
Құрманғазы Сағырбайұлы артына өшпес мұра – күмбірлеген күйін қалдырып кеткен болатын.
Осы асыл мұраны өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, күй құдіретін балаларға ұғындырып жүрген бірнеше жыл
педагог қызметін атқарған Зарипов Жақсылық ағаймен №20 орта жалпы білім беретін мектептің оқушыларына кездесу
ұйымдастырылды. Кездесуге мектептің 5-7-сынып оқитын оқушылары қатынасып Жақсылық ағайдың күй туралы,
соның ішінде қазақ күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаяны, оның “Аман бол, шешем, аман бол”,
“Балбырауын”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” т.б. күйлерінің шығу тарихы туралы сыр шертті. Ол өз сөзінде Құрманғазының
күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті екендігін, күйші шығармашылығындағы
өзекті мәселелер - халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы екендігін баса айтты. Құрманғазы туындыларында
ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударғандығын,
Құрманғазының бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі “Кішкентай” күйін арнағандығын, одан кейінгі
“Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке
қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіретіндігін айтып атақты күйші өмірін баяндау арқылы
халқымыздың тарихына да шолу жасап өтті.
Кездесу соңында Жақсылық Зарипов Құрманғазының күйлерін орындап, оқушыларға күй құдіретін жеткізгендей
болды. Мәселен, “Аман бол, шешем, аман бол” күйін тартқанда қос ішектің үнімен Құрманғазының анасымен қоштасқанда
“Аман бол, шешем, аман бол” деп зарланып тұрған дауысын балалар тыңдап ерекше әсерге бөленді. Оқушылар
Құрманғазының күйлерін ұйып тыңдап, бұл кездесуден ерекше әсер алып, көтеріңкі көңілмен қайтты. Балаларға ұлттық
өнерімізді дәріптейтін осындай шаралар мектеп қабырғасында ұйымдастырылғанына қуана отырып, болашағымыз деп
сенген жас ұрпақ күй құдіретіне бас ұрып өтсе дегіміз келеді.
А.ШАЛҚАРОВА
№20 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«АқжАйықтың Ақ
шАғАлАсы – АқұштАп»
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапхана Орал
ақпараттық технологиялар колледжімен бірлесе «Ақжайықтың ақ
шағаласы – Ақұштап» жыр байқауы өткізілді. Шара ақын Ақұштап
Бақтыгерееваның 70-жасқа толуына орай ақын шығармаларына
арналды. Шара «Оралдың ерке самалы» әнімен ашылып, жыр
сүйер оқырман ақын өлеңдерін жатқа оқыды.
Байқау екі кезеңнен
тұрды. 1-ші кезең - ақын
шығармашылығынан берілген
өлеңдерінің ішінен біреуін
жеребе бойынша жатқа
айту. 2-ші кезең - ақын
шығармашылығына қатысты
сұрақ-тапсырмаларды орындау.
Студенттер екі кезеңде де
белсене қатысты. Кітапханаға
келген оқырманға ақын өмірі мен шығармаларына арналған слайды
көрсетілді. Аманбаев Нұрлыбек және Ихсангалиев Жандарбек
ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқыды. «Ақжайықтың ақ
шағаласы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолуды
кітапханашысы Б.Абишева жасады.
Байқаудың тартымды өтуіне қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімдері Мырзағалиева Аймангүл, Нұрберген Бексалиев
белсене араласып, шараға үлкен көмегі болды. Студентердің
ақын өлеңдеріне жалпы қазақ поэзиясына деген қызығушылыты
көріп, қуандық. Үміткерлерді бағалайтын әділқазылар арасында
№ 12 қалалық кітапхананың меңгерушісі Гүлбағым Айдынқызы
қатысты.
Шара соңында әділ қазыларға сөз кезегін беріп, жеңімпаздарды
анықтап, марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |