Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Ортша күш жұмсап «ойнап» күресу



бет13/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Ортша күш жұмсап «ойнап» күресу. Осылай күрестіру кезінде балуандарға арнай тапсырмалар беріледі. Мысалы: әдісті орындау кезінде қарсыласы әдістің толық дұрыс орындалуына кедергі келтірмеуі, күрес үстінде арнайы бір әдіс түрінің орындалуына қарсылас балуанның өзі жағдай туғызуы т.с.с.
Әдісті кілемге құлау арқылы орындату. Бұл күрес түрінің мақсаты- балуанға әдісті орындау кезінде өз күші мен қоса дене салмағын пайдалану жағдайларын үйрету.
Қарсылас балуанның қарсы күшін қолдану. Балуанға күрес үстінде қарсылас балуанның күшінің және дене салмағының түсу бағытын пайдаланып, сол бағыт жаққа әдіс қолдана білуге үйретеді.
Қарсылас балуанды қозғалыс бағытын пайдаланып күрестіру. Бұл күрестің мақсаты балуанның қозғалыс бағытын, екпінін пайдаланып, тепе-теңдік қалпынан шығу сәтін анықтап, әдіс қолдану тәжірибелерін үйрету болып саналады. Тапсырма бойынша алға-артқа, жанына қарай қозғалып жүрген қарсыласына әртүрлі әдістер түрін қолданып үйретеді. Әдісті тапсырма бойынша бір балуан орындайды, ал екінші балуан екркін қозғалып жүреді.
Статикалық қалыпты сақтап күрестіру. Бұл күрестегі мақсат, бір балуан тапсырма бойынша денесінбір қалыпты жағдайда ұстауға тырысады (тік тұрыс, еңкейіп тұру, бір аяғын алға беріп тұру, төрттағандап тұру т.с.с) Екінші балуан аз күш жұмсап және қолайлы әдістер тауып, статикалық қалпын сақтап тұрған балуанды жығуға тырысады. Балуанның шеберлігі ннғұрлым жоғары болған сайын аз күш жұмсап, өзінің бастапқы қалпын сақтайтындығын көруге болады. Әдісті орындаушы балуан соның әртүрлі жолдарын іздеп, өзіне ең қолайлысын табуға тырысу қажет. Ондай жолдарға:

  1. Қарсыласының дене салмағын қолдану арқылы.

  2. Қарсылас күшінің бағытын қолдану арқылы.

  3. Қарсыласының қозғалыс инерциясын қолдану арқылы.

  4. Қарсылас әдісінің бағытын қолдану арқылы жетуге болады

Алдымен осы қолайлы сәттердә жеке-жеке пайдаланып, соңынан көрсетілген жағдайлардың бірнешеуін байланыстыра әдіс үйретуді қолдану қажет. Осы жоғарыдағыларды орындаумен қатар, әдістердің орындалуының биомеханикалық заңдылықтарын білген жөн. Оған:

  1. тіркеу алаңы, тіркеу нүктесі;

  2. адам денесінің жалпы салмақ ортасы;

  3. тепе- теңдік бұрышы;

  4. сырғанау күші;

  5. үйкеліс күші;

  6. күш түсіру бағыты, қос күш;

  7. үдемелік қозғалыс, инерция;

  8. аударылу, айналу сәттері;

  9. күштердің таралуы;

  10. сыртқы және ішкі күштердің түрлері жатады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет