2 Еркін күресшінің жылдамдық қабілеті және оны арттыру жолдары
Еркін күресшінің арнайы жылдамдығын арттыру жаттығулары.
Жылдамдық-адамның қандай да болмасын қозғалысты тез-шапшаң орындау қабілеті. Жылдамдық, қозғалыс түрінің басталуы мен толық аяқталған кезі аралығында уақытпен өлшейді. Балуанның жылдамдық қабілет мөлшері төмендегі жағдайларға байланысты болып келеді;
а) Оның жүйке жүйесіеің тітіркендіргішке жауап беру қабілетіне
ә) Қозғалтуға қажетті салмақ мөлшерімен оны орындаушы дене-күш қабілетінің арасындағы айырмашылыққа
б) Қозғалыс түрінің өзгеру жиілігіне
в) Балуанның әдіс-айланы меңгеру шеберлігіне
Балуанның орталық жүйке жүйесінің қозу мен тежелу процестерінің алмасу жылдамдығына байланысты берілген жүктемені орындау қабілеттері әр түрлі болып келеді. Күресте қозғалыстар түрі көбіне қарапайым және күрделі болып келеді. Қарапайым қозғалыстарға палуанның кілемдегі тұрысының өзгеруі, тепе-теңдіктен шығаруға бағытталған қозғалыстары жатады.Бұған қарсылас балуан алдын-ала бір қозғалыс түрімен жауап бередуі ықтимал. Балуан кездесу кезінде көбінесе қозғалыстың күрделі түрін іске асыруға мәжбүр болады, оған қарсылас қозғалысының бір түріне бірнеше жолмен жауап беруі немесе жалғыз түрін таңдап алуы себеп болады. Қозғалысты орындау кезінде ең қолайлысын таңдап алу қарсыласқа жауап беру уақытын ұзартады. Балуанның өзінің әдіс-айланы орындауы немесе қорғануы, сол арқылы қарсыластың қозғалысы түріне сәйкес жасау қабілеті, кілемдегі жеңіске жету нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Қарсылас балуанның әр қозғалысы түріне баға бере, білуі, сәт сайын өзгеріп отыратын қозғалыс түрінің бағыты мен жылдамдығын есепке ала отырып өзіне қажетті уақытта әдіс-айла орындай алу қабілеті, балуанның машықтану шеберлігінің деңгейін көрсетеді. Белдесу кезінде балуан көбіне қарсыласының әдіс-айласының қайсысы жалған қыймыл екендігін, қайсысы негізгі екендігін айырып әрекет етуге машықтануы тиіс.
Жоғарыда айтылған жағдай жаттығу кезінде адамның сезгіштік жұмыс қабілетінің ерекшелігіне бағынады, неғұрлым осы сезгіштік қабілеттер жұмысы жақсы дамыған болса, балуанның әрекет етуге жұмсайтын уақыты жылдам және дәл болады. Осы тітіркендіргіштер жұмысын (көру, есту, жанасу) арнайы жаттығулар топтамасын қолдану арқылы жақсартуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |