Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Арнайы дене күшін өлшеу формуласы



бет14/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Арнайы дене күшін өлшеу формуласы. Арнайы дене күшіне қажетті өлшемдер жарыс үстінде анықталады, олаға:
R-белдесу нәтижесі.
N-орындалатын айла саны (нәтижелі ұпай сандары).

Арнайы күш = ___R___:


N
Арнайы күш мөлшері балуанның спорт шеберлігінің көрсеткішімен тікелей байланысты, сондықтан ол белдесуде әр түрлі болып келеді.
Шыдамдылық қабілетті дамыту
Шыдамдылық деп – адамның өз денесіне түскен сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұра білу қабілетін айтады. Шыдамдылықты шартты түрде жалпы және арнайы шыдамдылық деп бөледі. Шыдамдылық мөлшері уақытпен өлшенеді. Балуанның анағұрлым ұзақ уақыт аралығында өзінің жұмыс қабілетін төмендетпей күресуі, оның шыдамдылық қабілетінің жақсы дамығандығының көрсеткіші болып саналады. Әр белдесудің немесе жарыстың толық аяқталуына дейін жұмыс қабілетін қалыпты жағдайда ұстай білу, ол адамның бұлшық ет, жүрек, қантамыр, тыныс алу, жүйке және басқа жүйелерінің жұмыс қабілеттерінің жоғары болуымен қатар, балуанның өз күшін үнемді пайдалана білуіне де байланысты.
Балуанды жаттықтыру кезінде адам денесінің жұмыс қабілеттерін жақсарта алатын жаттығу жүктемелерін таңдап ала білу жақсы нәтижелерге жеткізеді.
Жеңіл атлетика, шаңғы, суға жүзу сияқты спорт түрлерімен салыстырғанда, күресте адамның тыныс алу жүйесі көбіне оттегінің жетіспеушілік жағдайында жұмыс жасайды, себебі күш салу кезінде ауаны қолдану көлемі минутына 3,5-4 литр шамасына төмендейді, қазіргі спорт талаптары бойынша ол минутына 5 литрге дейін болуы қажет. Сондықтан, балунанның жаттығу сабақтарында өкпе, тыныс алу жүйесін жақсартуға бағытталған жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ол үшін жаттығудың көлемімен уақытын созу, жаттығудың орындалуы жылдамдығын арттыру, жүктемені арттыру сияқты әдістемелер кеңінен қолданылады.
Жаттығудың уақытын ұлғайту әдістемесі.
Бұл әдістеменің мақсаты балуанның ұзақ уақыт бойы қалыпты бір жұмысты шаршамай орындауына бағытталған. Орындалатын жаттығудың көлемі, жылдамдығы бірдей болғанымен, оны орындайтын уақытты соза береді. Мысалы: балуан күресетін уақыт 5 минут болса, орындалатын жаттығуды 10 минутқа дейін созып үйретеді. Жарыс кезінде балуан 1 күнде 5-10 белдесуге дейін өткізуі мүмкін, сондықтан жаттығу жүктемесін 10-12 белдесуге дейін шыдай алатындай жағдайға көтереді. Жаттығу кезінде тыныс алу өз шегінің 60-80% мөлшерінде, ал қан тамыры соғысы минутына 160-180 рет көлемінде болғаны жөн. Осылай болған жағдайда тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер жұмысы артып, қалыптасады. Берілген жүктеменің мөлшері шекті деңгейде немесе оған жақын болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет