Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


 Еркін күресшінің дене- күш қабілетін арттыруға қойылатын талаптар



бет3/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Áàëóàííû¾ äåíå- ê¿ø àá³ëåò³í àðòòûðó

1 Еркін күресшінің дене- күш қабілетін арттыруға қойылатын талаптар


1.1 Еркін күресшінің жаттығу жүктемелеріне бейімделіп-қалыптасуының қажығуды болдырмау негіздері

Спорттық күрес түрлерінде жан- жақты дайындығы бар адам ғана үлкен жетістіктерге жете алады. Жан- жақты дайындыққа адамның күші, жылдамдылығы, ептілігі, денесінің иілгіштік қабілеті, төзімділік (шыдамдылығы) және әдіс- айланы меңгеоу шеберлігі жатады. Шыдамдылық қабілет адамның мінез- құлқымен тікелей байланысты, сондықтан жаттығу кезеңдерінде бұл қабілетті арттыруға көңіл бөліп отыру аса қажет.


Спортшының дене- күш қабілеттерін дамыту- жаттығу түрінің ерекшеліктеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық деп екіге бөлінеді. Жалпы дене – күш дайндығы дегеніиіз, адамның күш, ептілік, жылдамдық иілгіштік, төзімділіе- шыдамдық қабілеттерін жалпы жаттықтыру болып табылады. Жалпы дайындық кезінде жоғарыда көрсетілген қабілеттерімен біргн адам ағзасының (жүрек, өкпе т.б) мүшелерінің жұмсын жақсартуға бағытталады.
Арнайы дене- күш дайындығы кезінде балуанның таңдап алған спорт түрінің ерекшелігіне негізделген арнай жаттығулар беріледі. Арнайы жаттығулар балуанның күресу шеберлігін арттырып, жарыстарда аз күш жұмсау арқылы өз мүмкіндігін төлық көрсетіп, нәтижелі көрсеткішке жетуіне жол ашады. Берілетін жалпы және арнайы жаттығулардың көлемі, түрі спортшының жаттығу жоспарының негізінде өзгеріп отырады. Спортшының алғашқы күреспен шұғылдану жылдарында жалпы дене- күш дайындығына басым көңіл бөлінеді.
Жаттықтырушы- ұстаз алға қойған мақсаттардың ерекшеліктерін ескере отырып балуан дайындығының осы екі түріне өз тарапынан өзгерістерді дер кезінде енгізіп отыруы, нәтижелі жұмыстың болуына кепілдік береді.
Жалпы дене дайындығы кезінде белгілі бір дене- күш қабілетінарттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу арқылы нәтижелі көрсеткіштерге жегуге болады. Ұстаз осы жаттығуларды оқу- жаттығу сабақтарының белгілі бір кезеңдерінде қолдана білу қажет. Мысалы, күшті арттыру жаттығуларын сабақтың кіріспе бөлімінде орындауға болмайды,т. с.с. Арнайы жаттығуларға негізінен балуандардың күресі (белдесу) түрлеріне жақын іс- қимылдар алынады.
Саптық жаттығулар оқу- жаттығу сабақтарын жақсы ұйымдастыру үшін пайдаланылады және сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылады. Жалпы және арнайы дене- күш дайындығын жүргілген кезде оны орындуышы адамның жасына, жынысына қарай өзгертіп отырады. Әр адамның өзінің туа біткен ерекшеліктері ескеріледі.
Қазіргі кездегі спорттық жарыстардың адам организміне және жүйке жүйесіне түсіретін өте жоғары әсерін ескере келіп, спортшыны жатықтыру кезінде қоршаған ортаның және жарыс барысында болатын экстремалды жағдайларлардың бәріне төтеп бере алатындай жүктемеберу арқылы спортшының ағзасын қалыптастырып, жарысқа дайындау қажеті туындап отыр.
Адамдардың қандай да болмасын еңбек түрін аслақ та, дәл спорттық жарыс кезіндегідей адам ағзасының еш шегіне дейін жұмыс істеу дәрежесіне көрсетіліп қызмет ету байқалмайды.Сондықтан спорт саласында спортшылырдвң үлкен жүктеме кезінде жұмыс істей білу және оған қалыптасуы туралы қажетті еңбектер жинақталады.
Жалпы қалыптасу деген ұғымға барлық тіршілік түрлерінің күн көрісі үшін сыртқы қоршаған ортаға сәйкестеніп, бейімднліп қалыптасуын айтады. Қалыптасудың геноптиктік, яғни тұқымдық (түрлік) және фенотиптік екі түрі болады.
Геноптиктік қалыптасуға сол тіршілік иесінің ұзақ уақыт бойына қоршаған ортаға бейімделіп, өсіп- өніп көбеюін айтады.
Геноптиктік қалыптасу көбіне тіршілік иесінің бір түріне немесе бір- біріне өте жақын семьясына байланысты айтылады.
Феноптиктік қалыптасуға сол тіршілік иелерінің әрбіреуінің жеке-жеке өмір сүру кезеңіндегі қоршаған ортаға бейімделіп қалыптасуын айтады. Соңғы ондаған жылдан бастап осы финоптик қалыптасуға байланысты адамдардың өмірі мен қызметін зерттеуге арналған үлкен-үлкен ғылыми ізденістер жүргізілуде. Қазіргі техникалық дамудың өте жылдам өсуіне байланысты адамның күнделікті сол өзгерістерді бейімделіп- қалыптасуын зерттеу үшін социологтер, психологтер, инженерлер, педагогтер, т.б. сала қызметкерлері ізденістерін біріктіруде.
Адам ағзасының үлкен және өте жоғары қарқында жұмыс істей алу қызметін арттыру мақсатында спорттық теория мен әдістемелер, физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық, зерттеулер өткізілуде.
Бейімделу және қалыптасуды орындалған жүктеме мен оның нәтижесі ретінде қарастыру қажет.Оның басты мақсаттары:
а. Қалыптасуды адам ағзасының сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуі үшін қарастырады.
ә. Қалыптасуды адам ағзасының сыртқы ортаның арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін қарастырады.
б. Қалыптасуды адам ағзасының бейімделу мерзімі үшін қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет